Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет53/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   113

161
беру жүйесінде кеңінен таралған компьютерлік аудио жəне бейне-
конференциялар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Электрондық поштаны қолдануға негізделген жіберу тізімінен 
ерекшелігі, кейбір конференциялар жəне жаңалықтар тобы нақты 
уақыт режимінде жұмыс істейді. Оның айырмашылығы, жіберу 
тізімі жағдайында ақпаратпен алмасу off-line режимінде автомат-
ты түрде электрондық жазбаны жіберу жолымен орындалады. Оқу 
сабақтарын ұйымдастыруда оқытушы көрсеткен жаңалықтар тобын 
қолдану мақсатқа лайық болуы тиіс.
Компьютерлік желілердегі техникалық құралдардың дамуы-
мен мəліметтерді беру жылдамдығы артуда. Бұл желіге қосылған 
қолданушыға мəтіндік мəліметтермен ғана емес, сонымен қатар 
дыбыс мен бейнесуреттермен алмасуға мүмкіндік береді. Желі 
арқылы қарым-қатынасты жүзеге асыратын программалардың түрі 
Internet Explorer құрамына кіретін NetMeeting программасы болып 
табылады. MS NetMeeting Интернет желісі арқылы жүзеге асыры-
латын ақпараттандыру құралы болып табылады. Дыбыстық бай-
ланысты жүзеге асыру үшін, сəйкесінше техникалық құрылғылар: 
дыбыстық карта, микрофон жəне акустикалық жүйелер қажеттігін 
айта кету керек. Бейне суреттерді жіберу үшін бейнеплата жəне ка-
мера немесе Video for Windows  стандартын көтеретін тек қана ка-
мера қажет. 
Оқыту үдерісінде MS NetMeeting-ді қолданудың негізгі 
бағыттары болып табылады:
- нақты уақыт аралығында дыбыстық қарым-қатынаспен 
қолданушылардың бейнесуреттерін жіберу негізінде виртуал-
ды оқу жəне қосымша сабақтарды ұйымдастыру;
-  ақпаратпен мəтіндік жəне графикалық режимде алмасу;

on-line режимінде оқу ақпаратымен жұмыс жасауды 
ұйымдастыру;
- нақты уақыт аралығанда файл түріндегі оқу-əдістемелік 
ақпаратпен алмасу.
Маңызды телекомуникациялық технологиялардың бірі бөлінген 
мəліметтерді өңдеу болып табылады. Бұл жағдайда дербес ком-
пьютерлер ақпараттың пайда болу жəне қолдану орындарында 
қолданылады. Егер олар байланыс каналдарымен жалғанған болса, 
онда олардың ресурстарын іс-əрекеттік жеке қызметтік аясы бойын-
ша бөліп тастауға жəне децентрализация бағытында мəліметтерді 
өңдеу технологиясын өзгертуге болады. 


162
Өте күрделі жүйедегі бөлінген өңдеу мəліметтері əртүрлі 
ақпараттық қызметтер жəне жалпы жүйеге (жаңалықтар қызметі, 
ұлттық жəне басты ақпараттық-ізденуші жүйеге, мəліметтер қорына 
жəне білім қорына жəне т.б.) қосылу арқылы орындалады. 
Жалпы орта білім беру үшін компьютерлік желідегі жүзеге асы-
рылатын маңызды сервис ақпаратты автоматты іздеу болып 
табылады. Арнайы құралдарды ақпараттық-іздеу жүйесін қолдана 
отырып, қысқа уақыт аралығында əлемдік ақпарат көздерінен 
қызықтыратын мəліметтерді табуға болады. 
Оқытушыларды оқытуда телекомуникациялық каналдар арқылы 
алынатын мұндай ресурстарды қолданудың негізгі дидактикалық 
мақсаттары мəліметтерді хабарлау, білімді қалыптастыру жəне 
бекіту, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру жəне жетілдіру, 
меңгеруді жəне жалпылауды бақылау. 
Бүгінгі күні Интернет желісінде жарияланған  білім беру 
ақпараттық ресурстарын қолдану, келесідей мүмкіндіктер береді:
-  оқушылардың білімді өздігінен меңгеруі мен көрсете білуіндегі  
əртүрлі іс-əрекетінің формаларын ұйымдастыру;
- түрлі оқу əрекетінде орындауда қазіргі ақпараттық жəне 
телекомуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін 
кеңінен қолдану, соның ішінде, ақпаратты тіркеу, жинау, сақтау, 
өңдеу; интербелсендік сұқбат, нысандарды, құбылыстарды, 
үдерістерді зертхананың қызметін модельдеу жəне т.б.;

оқыту үдерісінде мультимедиа технологиясының, 
гипермəтіндік жəне гипермедиа жүйесінің мүмкіндіктерін 
қолдану;
- оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін, сонымен 
қатар олардың білім, іскерлік, дағды деңгейін, нақты сабаққа 
дайындық деңгейін диагностикалау;
- оқытуды басқару, оқыту əрекетінің нəтижелерін бақылау 
үдерісін автоматтандыру, жаттықтыру, тестілеу, нақты 
оқушының интеллектуалдық деңгейіне жəне білім, білік, 
дағды, мотивациялық ерекшеліктеріне тəуелді тапсырмаларды 
генерациялау;
-  оқушылардың өзіндік оқу əрекетін орындау, өзіндік оқуын, 
өзіндік дамуын, өзіндік жетілуін, өзіндік білім алуын, өзін 
жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
-  қазіргі телекомуникациялық ортада жұмыс жасау, ақпараттар 
легін басқаруды қамтамасыз ету. 


163
Осылайша, компьютерлік телеқатынастар – бұл ақпаратпен 
жұмыс жасауға үйрететін тек қана қуатты оқыту құралы ғана емес, 
сонымен қатар, компьютерлік телеқатынастар – бұл адамдардың 
бір-бірімен қатынасатын ерекше орта, сондай-ақ ол мекен ету ор-
тасына тəуелсіз əртүрлі ұлттық, жас ерекшелік, кəсіби жəне басқа 
қолданушылар тобының өзара интербелсендік əрекет ету ортасы.
Өкінішке орай, оқушыларды оқыту үдерісінде көптеген 
телекомуникациялық технологияларды тиімді қолдану əдістемесін 
осы күнге дейін оқытушылар толығымен қолдана алмауда. Қазіргі 
мұғалім жаңа компьютерлік технологиялармен жұмыс жасау 
іскерлігінен басқа олардың оқыту үдерісінде қолданылуының 
мүмкін болатын тəсілдерін білуі қажет. Оқытушылардың оқыту 
үдерісінде телекомуникациялық технологияларды қолдану 
əдістемесін теориялық жəне практикалық меңгеру тəжірибесі 
 
оқытудың тиімділігі мен сапасын арттырудың, өзінің кəсіби 
шеберлігін жетілдіруі мен қалыптастыруының негізі болар еді.
6.2 Ауқымды ақпараттық компьютерлік желілер жəне 
олардың білім берудегі мүмкіндіктері 
Ақпараттандыру – білім беруді жетілдірудің негізгі фактор-
ларының бірі. Оқытудың мазмұны мен əдістері өзгеруде, педа-
гогтар білім берудің қарапайым трансляторы рөлінен бірте-
бірте оқушылардың білім, білік, дағдысын меңгеру іс-əрекетін 
ұйымдастырушысына айналуда. Ақпараттандырудың маңызды 
құралы Интернет желісінде жарияланған білім берудегі ақпараттық 
ресурстар болып табылады. Олардың жалпы орта білім беру 
жүйесінде жұмыс жасайтын барлық мамандармен нақты, өз 
уақытымен жəне оңтайлы қолданылуы оқушыларды дайындаудың 
тиімділігіне əсер етеді. 
Компьютерлік желідегі ақпараттық ресурстармен жұмыс жасау-
ды толығымен қарастырайық. 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары жалпы орта 
білім беру мекемесі жұмысына келесілерді енгізеді:
- 
оқу-əдістемелік материалдарды, рефераттарды жəне 
мəліметтерді  дайындау үшін интернет желісінің (Web-
сайтта) оқу жəне ғылыми сайттарында орналасқан ақпаратты 
қолдану;


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау