185
Практика
Библиографиялық анықтама
Даңғыл
Каталог
Альбом, атлас
Көркем сурет басылымдары
Альманах
Антология
Рефераттар жинағы
Экспресс-ақпарат
Əдістемелік нұсқау
Тест жинағы
Білім беру стандарты
Дəріс конспектілері
Жарнама-техникалық жазбалар
ҒЗЖЕ есебі
Реферат
Бағдарламалық өнімдер
Оқу мекемесін басқару жүйесін автоматтандыру
Ақпараттық-кітапханалық жүйені автоматтандыру
Əр түрлі оқу технологиясының қолдауымен қамтылған
бағдарламалық құрал (тақта, хабарландырулар, қашықтықтан кеңес
беру)
Желілік бағдарламалық қамту
Қолданбалы бағдарламалық қамту
Қолданбалы бағдарламалар бумасы
Электрондық оқу құралын жасауға қажетті аспаптық
жабдықтар
Бағдарламалық-ақпараттық өнімдер
Электрондық сөздік
Электрондық анықтама
Электрондық энциклопедия
Ақпараттық-іздеу жүйесі
Ақпараттық-шешуші жүйе
Эксперттік жүйе
186
Электрондық-оқу құралдары
Теориялық жəне тақырыптық даярлау құралдары
Электрондық оқулық
Электрондық оқыту жүйесі
Электрондық білімді бақылау жүйесі
Тəжірбиелік даярлау құралы
Электрондық есептер жинағы
Электрондық жаттықтырушы
Кешендік жəне көмек құралдары
Электрондық оқу курсы
Электрондық қалпына келтіру курсы
Электрондық зертханалық тəжірбие
Компьютерлік дамушы ойындар
Психофизиологиялық тестік құралдар
Интернет желісіндегі арнайы ақпараттық ресурстар
Виртуальді кітапхана
Іздеу жүйесі
Интерне-каталог
Ақпарат құралдарына сілтеме
Интернет-трансляция
Əрбір электрондық білім беру басылым жəне ресурс
үшін бекітілген пəндік оқыту саласының əмбебап жіктелуін
анықтау, бір сөзбен айтқанда, мүмкін емес. Бірінші кезекте, бұл
əртүрлі басылымдардың көпнұсқадағы тақырыптық бағытты
қамтитындығымен байланысты. Тəжірибеде пəндік (білім беретін)
салаларды жіктеудің бірнеше тəсілін пайдалануы мүмкін. Пəндік
(білім беру) саланы жіктеудің тəжірибелік тұрғыдан қарағанда
жалпыға ортақ, əмбебап жəне барынша көп таралған түрінің бірі
жалпыға бірдей орта білімнің тақырыптық бағыттары бойынша
жасалған жіктеулер болып табылады.
Жалпыға бірдей орта білімде қолданылатын білім беру үрдісінің
ықтимал типтері мен формаларының жіктелуі жеткілікті түрде
нақты белгіленген, яғни соларға арналған электрондық білім беру
басылымдары əзірленуі мүмкін. Электрондық білім беру басы-
лымдары үшін білім беру типін немесе формасын таңдау төменде
келтірілген жіктемеге сəйкес орындалуы қажет.
187
Білім беру қызметінің түрі
Лекция-сабақ
Семинар-сабақ
Тəжірбие сабағы
Зертханалық сабақ
Оқу ойындары
Мектепшілік іздену жұмыстары (МІЖ)
Педагогикалық өлшеулер жəне бақылаулар
Мектептегі өздік оқу қызметі
Келесі жəйттарды атап өткен жөн болар, яғни, электрондық
білім беру басылымды немесе ресурсты автор бекіткен жағдайда
білім берудің түрі мен формасы ұсынылатын сипатқа ие болады,
себебі, бір типке немесе формаға сай əзірленген нақты электрондық
білім беру басылымдарды осындай параметрлердің басқа
жиынтығымен сипатталатын оқу үрдісінде тиімді қолдану ғажап
емес.
Электрондық білім беру басылымдарды əзірлеу жəне пайдала-
ну кезінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланудың
артықшылығы мұндай басылымдар немесе ресурстарды оқу үрдісінің
тек əрбір қатысушысының тұлғалық ерекшелігіне ғана емес, соны-
мен қатар мектеп оқушыларының (немесе тұтынушылардың) тұтас
тобына сай ерекшеліктерге максималды бейімделіп жұмыс жасауы-
на мүмкіндік береді. Ал бұл болса, электрондық білім беру басы-
лымдары əзірлеушілерге топтау жəне жіктеу бойынша қосымша
мүмкіншіліктер береді. Осыған байланысты электрондық білім беру
басылымдары параметрлерінің жүйесі топтық типтің қандай да
бір ықтимал мəні арқылы кеңейтілуі қажет:
- мектеп оқушылары;
- талапкерлер;
- оқу орындарының əкімшіліктері;
- оқытушылар;
- ата-аналар.
Жоғарыда келтірілген ықтимал параметр-критерийлерді ескере
отырып, электрондық білім беретін басылымдар мен ресурстардың
көпдеңгейлі жіктемесін құруға болады.
Оқу жүйесінде пайдалануға қатысты, жалпы, электрондық
білім беру басылымдарын жəне ресурстарын мына түрлерге бөлуге
болады:
188
· жалпыға бірдей орта білімде көрсетілген оқу пəні бойынша
(пəндік сала) Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым
министрлігінің стандарттарына жəне бағдарламаларына сəйкес
дəстүрлі оқу жүйесінде пайдалануға арналған электрондық
білім беру басылымдары;
· мектеп пəні бойынша білімін тереңдету үшін қосымша сабақ
беру жұмыстарына арналған электрондық білім беру басылым-
дары;
·
оқушылардың сабақ үлгерімін бақылауға жəне бағалауға
арналған электрондық білім беру басылымдары;
· анықтамалық жəне энциклопедиялық сипаттағы электрондық
білім беру басылымдары.
Дəстүрлі оқу жүйесінде пайдалануға арналған электрондық
білім беру басылымдары мен ресурстары құрамына бағдарламалық
құралдардың барлық типтері кіруі мүмкін. Осылайша дəстүрлі
оқу жүйесінде білім алушылардың өзіндік жұмыстарына элек-
трондық білім беру басылымдарды қолдану үшін кең мүмкіндіктер
береді.
Пəн бойынша білімді тереңдетуге жəне қосымша сабақ беру
жұмыстарына арналған электрондық білім беру басылымдары мен
ресурстары көп жағдайда дəстүрлі оқу жүйесінде пайдалануға
арналған электрондық білім беру басылымдарымен ұқсас келеді. Бас-
ты айырмашылығы құрамындағы оқу материалының өзгешілігімен
сипатталады, яғни, ол жалпы орта білім жүйесіндегі стандарттар
мен бағдарламаларға сай келмеуі мүмкін.
Өзіне сай əдістемелік тұрғыдан электрондық білім беру басы-
лымдары мен ресурстарды жəне олардың компоненттерін мына
түрде жіктеуге болады:
- білім беретін (білім, іскерлік, оқу немесе тəжірибелік
қызметтің шеберлігін түзу барысында оқу жүйесінің талапта-
рын қанағаттандыратын электрондық білім беру басылымдары,
яғни оқу материалдарын қажетті деңгейде игеруді қамтамасыз
етеді),
- жаттықтырушылар (əр түрлі іскерлік жəне шеберлік
өнерін өңдеу жəне қайталау немесе өткен материал-
дарды жадына сақтау бойынша оқу жүйесінің қажеттілік-
терін қанағаттандыратын электрондық білім беру басылым-
дары);
Достарыңызбен бөлісу: |