45
Жаңа денсаулық сақтау объектілерін салу кезінде ҚР ДСӘДМ жобалау-
сметалық құжаттамада, атап айтқанда, арбамен жүретін мүгедектер үшін кіретін
жолдар, ішкі өткелдер және қатты жабыны бар жаяу жүргіншілер жолдары,
пандустар, дәретханаларда арнайы бөлмелер салуды көздейді. Сондай-ақ,
баспалдақпен жүру үшін – ересектер мен балалар үшін қосарлы тұтқалар,
зағиптар мен көзі нашар көретіндер үшін – тұтқалардың айналасын,
баспалдақтың бірінші және соңғы сатысын бұдырлау және қарсы түспен бояу.
Республикада
мүмкіндігі
шектеулі
балаларды
әлеуметтік
және
медициналық-педагогикалық қолдау жүйесін одан әрі дамыту үшін таяу арадағы
жылдары мыналар басым бағыт болып табылады:
«Қазақстан Республикасында дамуында кемістігі бар және мүмкіндігі
шектеулі сәби жасындағы балаларды сүйемелдеу бойынша ерте араласу»
бағдарламасын жасау;
«ерте араласуды» жүргізуді қажет ететін, кемістік қаупі жоғары балаларды
анықтау мақсатында ерте скрининг жүргізу;
«ерте араласудың» консультациялық-әдістемелік орталықтарының желісін
құру; мүгедек балаларға оңалту көмегін көрсету бойынша бірыңғай
ведомствоаралық қызмет құру (ҚР ДСӘДМ, ҚР БҒМ, ҮЕҰ, ҚҚ, ҚБ);
осы санаттағы балалары бар ата-аналар үшін оңалту курстарын және оқыту
бағдарламаларын өткізу;
ерте көмекті қажет ететін балалардың Республикалық тіркелімін жасау;
инновациялық
оңалту
және
психологиялық-педагогикалық
технологияларды қолдана отырып, ерте диагностика мен оңалтудың барлық
деңгейлерінің мамандарын оқыту.
Осыған байланысты Денсаулық сақтауды дамытудың 2016 – 2020 жылдарға
арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының жобасында
халықаралық стандарттар мен пациенттерді оңалту әдістемелерін енгізу
(медициналық, әлеуметтік, психологиялық), оңалту ұйымдарының желісін
кеңейту, арнайы педагогтарды даярлау және инклюзивті білім беру жүйесін
дамыту жолымен оңалту көмегін жетілдіру мәселелері көзделетін болады, бұлар
қосымша қаржы шығындарын бөлуді талап етеді.
Мектеп оқушыларын профилактикалық медициналық тексеру
Балалардың денсаулығын нығайту үшін жыл сайын МСАК деңгейінде 18
жасқа толмаған балаларды профилактикалық тексеру жүзеге асырылады, 44
салауатты өмір салтының, дұрыс тамақтанудың, физикалық белсенділіктің
қағидаттары насихатталады.
Республикада 2015 жылдың 9 айында 0 – 18 жас аралығындағы
жоспарланған (4 774 623) баланың 3 678 244 бала профилактикалық тексерумен
қамтылды, бұл 77 %-ы құрады. 2014 жылдың осындай кезеңінде 3 545 382 бала
қамтылған болатын (жоспарланған балалардың 77%).
2015 жылғы 9 айда ҚР бала тұрғындарын профилактикалық тексерумен
қамту, науқастарды анықтау және диспансерге жатқызу
46
Облыстар
Тексеруг
е
жоспарл
анды
Тексерілгені
Анықталғаны Анықталғандар
ішінен алғаш
рет Д-есепке
алынғаны
абс
%
абс
%
абс
%
Ақмола
191020 153179
80.19
7970
5.20
1213
15.22
Ақтөбе
209036 163284
78.11
14838
9.09
1263
8.51
Алматы
482235 388243
80.51
54129
13.94
8838
16.33
Атырау
182900 121223
66.28
8745
7.21
870
9.95
Батыс Қазақстан 160153 140160 87.52
21649
15.45
8753
40.43
Жамбыл
338921 263494
77.74
22739
8.63
7395
32.52
Қарағанды
343106 240729
70.16
17113
7.11
4395
25.68
Қостанай
189251 148630
78.54
7798
5.25
1909
24.48
Қызылорда
235557 185422
78.72
43373
23.39
6575
15.16
Маңғыстау
186933 143398
76.71
15077
10.51
806
5.35
Оңтүстік
Қазақстан
1052911 762418
72.41 119792
15.71
16991
14.18
Павлодар
179382 122627
68.36
12353
10.07
2145
17.36
Солтүстік
Қазақстан
134479
99188
73.76
5396
5.44
1022
18.94
Шығыс
Қазақстан
318276 237120
74.50
25425
10.72
2229
8.77
Астана қаласы
151763 114762
75.62
14518
12.65
1729
11.91
Алматы қаласы
418700 394367
94.19
55562
14.09
23401
42.12
ҚР
4774623 3678244 77.04
446477
12.14
89534
36.07
Тексерілгендердің ішінен анықталған науқастардың пайызы 12,1 құрады
(2014 жылғы осындай кезеңде сәйкесінше 15,1%). Қала бойынша қамтылған
тұрғындардың ішінен анықталған науқастар 13,3%, ауыл бойынша – 4,8%
құрады (2014 жылғы осындай кезеңде қала бойынша- 16,5 %, ауыл бойынша -
13,5%) (1 кесте,1а).
Анықталған науқастардың ішінен ҚР бойынша алғаш рет «Д» есепке 36,1%-
ы қойылды (2014 жылдың осындай кезеңінде 42,5 %). Ауыл мен қала бойынша
анықталған науқастардың ішінен қала тұрғындары 24,5%-ды, ауыл тұрғындары
13,5 %-ды құрады (44,8% және сәйкесінше 39,4% 2014 ж.).
18 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық тексеру қандайда болмасын
патологияны анықтауға, уақытында емдеу-профилактикалық шараларды
қабылдауға мүмкіндік береді, мұндай тексерулерде салауатты өмір салтының,
дұрыс тамақтанудың, дене шынықтыру белсенділігі, дене шынықтыру
жүктемелерінің принциптері насихатталады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру