Мазмұны
І Жалпы мәлімет 2
1 «Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы 2
2 «Сауат ашу» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты 2
3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру 3
4 «Сауат ашу» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар 4
5 «Сауат ашу» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдер 5
6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру 6
7 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту 7
8 Оқу нәтижелерін бағалау туралы 8
ІІ «Сауат ашу» пәні мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі 10
1 «Сауат ашу» пәні мазмұны 10
2 Оқу мақсаттарының жүйесі 15
3 Ұзақ мерзімді жоспар 18
1 «Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы
«Сауат ашу» пәні жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің біріне жатады.
«Сауат ашу» пәні – «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің құрамдас бөлігі, тіл және әдебиет туралы білім жүйесіне дайындық болып табылады. «Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы – оқушылардың өмірінде жаңа пайда болған «жетекші әрекет» – оқу әрекетіне бейімдеу, тұрақты зейіні мен жадын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастырып, ой-өрiсiн жетiлдiру, сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету міндеттерін жүзеге асыруында. Сонымен қатар сөйлеу әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым түрлерін дамыту арқылы басқа пәндерді меңгертуге негіз болуында.
«Сауат ашу» пәнінде оқу және жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста қатар жүреді: оқу дағдысы жақсы қалыптасқан оқушының сауатты жазу дағдысы да соған сай қалыптасады.
«Сауат ашу» пәні оқушылардың:
қазақ тілі фонетикасы, лексикасы, грамматикасы мен пунктуациясы туралы бастапқы білім негіздерін игеруіне;
оқу мен жазуға деген қызығушылығының оянуына;
айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыруға;
жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс жасауға дағдылануына және түрлі рөлді (көшбасшы, орындаушы) орындауға үйренуіне;
өз ұлтының, Қазақстанда тұрып жатқан басқа да халықтардың мәдениетіне ізгілік және құрмет сезімінің қалыптасуына негіз қалаушы пән болып табылады.
«Сауат ашу» пәні арқылы оқушылар қазақ тілі мен әдеби мұрасын меңгеріп, ана тілі мен туған халқының мәдениетін құрметтеуге, оқу үдерісінде және күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда тілдік қарым-қатынасқа еркін түсіп, өз пікірін білдіруге дағдыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |