152
тиімді болатын тақырыптарды анықтау қойылған мақсатқа жетудің бірінші қадамы болып
табылады.
Математикада есеп шығару үшін керекті дұрыс жолды, тәсілді таңдаудағы нақты
мысалды келтірейік. Компьютерге салынған осындай бағдарламаның блок-схемасы 1-
суретте кӛрсетілген. Блок-схеманы дайындаған кезде мұғалім оқушыға таңдау құқығын беру
үшін әр тапсырма бойынша (10 тақырыпқа дейін) ақпарат массивін анықтауы керек.
Компьютердің кӛмегімен тапсырманы орындаудан бастаудан бұрын оқушыға тапсырманы
орындау бойынша нұсқа ұсынылады. Компьютерді бақылау режимінде қолдануға болады:
оқушылардың тапсырманың әрқайсысынан жіберген қателер санын есептеп, дисплейдің
экранында немесе баспадағы бағасы шығарылған нәтижесін беруге болады. Оқушылар есеп
шығарудың мәнін, оның айырмашылық белгілерін, есептеуін нашар біледі. Сондықтанда осы
тұста ең кӛп қате жіберіледі.
Білімдегі осы «кемшілікті» толтыру үшін, оқушыларға сабақтан тыс уақытта есепті
шығаруды анықтауға ӛз бетінше орындауға жаттығу ұсынуға болады.
Компьютерлерді қолданудағы кейбір мүмкіндіктер күнделікті ӛмірде қолданыс табады.
Оны ұйымдастыруда оқушыларды белгілі бір түсініктерге үйрету, оларда іскерліктерді
қалыптастыру міндеті қойылмайды. Компьютерді оқыту құралы ретінде оқушыларға кӛрсету
мүмкіндігі жоғары.
Танымдық белсенділікті қалыптастыру әдістемесін жасау барысында оқушылардың оқу
танымдық іс-әрекетін ұйымдаструдың барлық түрлері, сондай-ақ оқушыларда қалыптасатын
танымдық дербестіктің бӛліктері ескерілді. Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық
дербестігін ұйымдастырудың негізгі құралы ӛзіндік жұмыс және ол оқушы жастардың
дербес танымдық іс-әрекетін жандандыруда ерекше орын алады. Осыған сәйкес ӛзіндік
жұмысты сабақ жүргізудің, ұйымдастырудың формасы оқыту әдісі ғана емес, ол
оқушыларды дербес танымдық іс-әрекетке тарту, қызықтыру құралы деп есептеуге болады.
Оқушыларыдң білім, білік және дағдыларын да кездесетін негізгі кемшіліктер мектептердегі
білім беру, олардың ӛзіндік жұмыс жасау біліктерінің тӛмендігінен деген қорытынды
жасауға тіреп отыр. Бұлай деуге негіз, теориялық тұрғыдан, алғанда оқу үрдісін дамытатын
кез-келген мәселені шешу арнайы ұйымдастырылған ӛзіндік жұмысынсыз жүзеге
аспайтындығымен түсіндіріледі.
Танымдық белсенділікті қалыптастыруда тағайындаған психологиялық, педагогикалық,,
дидактикалық шарттары орындалуы тиіс. Мұндай шарттың бірі-сабақ жүргізу кезінде
мәселелік оқыту әдісін (мәселелік ахуалдар құру, мәселелік сұрақтар қою, шығармашылық
тапсырмалар беру және т.б) пайдалану. Екіншісі оқу үрдісіне сабақтың барлық түрін
жекелендіруге, оқушының ӛзіндік жұмысын дамытуға мүмкіндік беретін компьютерлік
техниканың мүмкіндіктерін қолдана білу. Айта кетерлік бір жайт, оқу үрдісінде
компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін қолдану жеткілікті дәрежеде дайындығы бар
оқушымен ғана емес, қабылдау, ойлау, оқуға және берілген мәліметті қайта жаңғыртуға
қабілеті әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл кезде оқушының
танымдық белсенділігін дамытудың негізгі қажетті шарты – оқу үрдісін дараландыру.
Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі оқушының әртүрлі тапсырмаларды
орындау барысындағы ӛз бетінше жұмыс істей алу қабілетімен, деңгейімен анықталады. Оны
тағайындау үшін біз мынандай кӛрсеткіштерді пайдаландық: тапсырма ӛз бетінше
орындалған; оны орындауда біршама кӛмек керек; тапсырманың орындалуы кезінде үнемі
кӛмек кӛрсетіледі. Танымдық белсенділігі тӛмен оқушылар білімдерінің тӛмен екендігін
кӛрсетті: игерілетін материалдың негізгі мәнін ашып бере алмайды; логикалық байланысты
таба алмайды. Мұндай оқушылар заңдар мен заңдылықтарды формальды түрде игереді, ӛз
білімін тәжірибеде қолдана алмайды. Алгоритмдік үлгі бойынша тапсырмалар мен
стандарттық емес үлгідегі тапсырмаларды орындауда оларға тапсырманың орындалу
барысын, шарттың жүзеге асуы және нақты әдістердің кӛрнекті үлгісін жасау үшін
мұғалімнің кӛмегі қажет болды.
Оқушылардың оқу үлгерімінің жүйелі түрде ӛсіп отырытынын мынандай факторлар
153
анықтап берді:
- оқу және оқудан тыс ӛзіндік танымдық белсенділікті арттыруда компьютердің жиі
қолданылуы;
- математикадан басқа барлық сабақта компьютерді кеңінен қолдану арқылы мәселелік
жағдайларды туғызу;
- компьютерді қолдану арқылы үнемі бақылау және ӛзін-ӛзі бақылау.
Компьютерді қолдану арқылы оқушыларды танымдық белсенді іс-әрекетке жүйелі
түрде тарту теориялық білім сапасын арттыруға және ол білімді одан әрі тереңдету
қажеттігін түсінуге, олардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Камардинов О.,Азаматов С.Информатика негіздері.Алматы, 1993 ж.
2. Балапанов Е.Информатика бойынша 30 сабақ.А.,2000ж
3. БидайбековЕ.Ы АбдулкаримоваГ.А Информатика и средства информатики в
начальнойшколе Алматы 2002
4. Лапчик М.П Методикапреподованияинформатики «Академия» Москва 2001
5. Теорияи методикаобученияинформатики М: Высшая школа ,2004
6. Жалпы информатика (5-9 кл.) М.,1999ж.
7. Арнайы информатика (10-11 кл.) М.,1999ж.
8. Практикалық информатика (5-11 кл.) М.,1999ж.
9. Халыкова К.З Информатиканы оқыту әдістемесі Алматы Білім 2000ж
10. Сафронова Н.В Теория и методика обучения информатике. Учебное пособие. М.:
Высш.школа., 2004
Аннотация
Компьютерді сабақта қолдану мүмкіндігі оқушылардың қызығушылығын арттырады,
мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді және үлкен маңыздылығын жекелеп немесе топтап даралауды
қамтамасыз етеді. Оқу іс-әрекетін басқару функциясын жүзеге асыруда компьютерді оқыту құралы
ретінде қолданудың маңызы зор. Компьютерді қолдану арқылы оқушыларды танымдық белсенді іс-
әрекетке жүйелі түрде тарту теориялық білім сапасын арттыруға және ол білімді одан әрі тереңдету
қажеттігін түсінуге мүмкіндік береді
Аннотация
Возможность применение компьютера на уроке математики проявляет интерес учеников, и
облегчает работу учителей обеспеспечивает индивидуальный способность учеников.
Применение
компьютера в качестве средства обучения
имеет важное значение для реализаций функции
управления образовательной деятельности.
Использование компьютера для студентов в
познавательной деятельности на регулярной основе с целью улучшения качества теоретических
знаний и позволяет понять необходимость дальнейшего углубления знаний
Annotation
Possibility application of computer on the lesson of mathematics professes interest students, and
facilitates work of teachers of обеспеспечивает individual ability of students. Application of computer as
means of educating has an important value for realization of function of management of educational activity.
Use of computer for students in cognitive activity on regular basis with the purpose of improvement of
quality of theoretical knowledge and allows to understand the necessity of the further deepening of know
Достарыңызбен бөлісу: |