Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 3,28 Mb.
Pdf просмотр
бет81/97
Дата06.02.2020
өлшемі3,28 Mb.
#28463
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   97

171 
 
Бүгінгі  күні  табиғи  ӛсімдік  жамылғысын  жер  бетінің  1/6  бӛлігінде  жойылып  кеткен. 
20000 ӛсімдіктер түрлері жойылу үстінде. Ормандар және орман биоценоздары шамадан тыс 
экспуатициялаудан, антропогендік факторлардан зардап шегіп отыр. Әсіресе бұл жаңбырлы 
тропиктік  ормандарға  қатысы  бар.  (Орта  есеппен  1  минут  ішінде  21  га  орман  кесіледі). 
Қоңыржай  белдеулердегі  ормандарда  қалың  қылқандар  орман  аумағының  30  % 
антропогендік ландшафтармен ауыстырылған. Ормандардың жойылуы, әсіресе тропиктерде, 
климаттық  тұрақтылыққа және жердің атмосферасындағы газдардың құрамына  үлкен қауіп 
тӛндіруде.  Орманды  қорғау  құқығы,  қоршаған  ортаны  қорғау  құқығы  шараларының 
құрамдас  бӛлігі  болып  табылады.  Орман  табиғатының  зардаптарының  барлық 
нормаларының мақсаты орманды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, зиянкестерден және 
дерттерден оларды сақтау және қорғау [8]. 
Атмосферадағы  оттегінің  айналымы,  кӛмірқышқыл  газының  айналымымен  тығыз 
байланысты.  Ӛттегі  де  және  кӛмір  қышқыл  газдары  да  қатысатын  фотосинтез  үрдістерінің 
схемасы  CO
2
+2H
2
O+  жарық
 
  CH
2
O+H
2
O+O
2
+энергия.  Осы  үрдіс  барысында  жеке  оттегі 
түзіледі,  ал  кӛміртегі  басқа  заттармен  байланысады.  Ормандардың  оттегіні  ӛндіру 
бейімділігі,  сонымен  бірге  кӛміртегіні  жұту  потенциалы  және  атмосфераны  кӛмір  қышқыл 
газымен ластануы ормандардың ӛнімділігімен және олардың түрі табиғи компонент ретінде 
сақталу  ұзақтығына  тура  пропорционал.  Кӛміртегінің  айналу  және  атмосфераны  ӛттегімен 
байыту  цикілінің  ұзақтығының    арттыруда  қоңыржай  белдеулердегі  қылқанды  ағаштар 
орманның ролі зор. Ормандарда 400 – 5 – 0 млрд т кӛміртегі болады. Ормандар – энергияны 
қабылдау  және  органикалық  заттарды  ӛндіру  деңгей  бойынша  ең  ӛнімді  экожүйе. 
Ормандардың  тұрақты  –  қорғау  қасиеттері  бірнеше  дәрежелік  жағдайға  тек  адамдар 
мүддесіне  сай  объектілерге  оңды  кӛрінгенде  ғана  ие  болады.  Бұл  объектіге:  ӛндірістік 
кәсіпорындар,  қала  және  басқа  елді  мекендер,  транспорт  жолдары,  ауыл  шаруашылық 
алқаптары, куропттар, су кӛздері, аң аулау алқаптары жатады. Қоршаған ортаны қорғау және 
ауыл шаруашылық жерлерінің ӛнімділігін арттыру проблемалары ормандарды пайдаланумен 
тікелей  байланысты.  Адамзат  дамыған  сайын  бұл  проблема  ӛзектеле  түседі.  Ауыл 
шаруашылығы  алқаптарын  жӛнсіз  пайдаланудан,  оларды  қорғау  жұмыстарының 
жойылуынан  жер  шарында  500  млн  га  жер  жарамсыз  болып  қалды.  Жер  эрозиясы  тікелей 
шығындардан  басқа,  ӛсімдік  жамылғысының  жойылуына  әкеледі,  ал  бұның  соңында  су 
режимін ӛзгеріске ұшыратады, құрғақшылықты арттырады.  
Су  эрозиясына  қарсы  тұрған  ормандардың  әсері  әр  түрлі  сандық  кӛрсеткіштермен 
сипатталады. Ормандарда және орманға жақын аймақтарда топырақтың шайылуы болмайды. 
Орман жыртылған жерлермен салыстырғанда ағыс 3 – 5 есеге тӛмендетеді. Су бетіндегі ағыс 
жылдамдықтарын  азайта  отырып,  топырақ  тыңайтқышына  бӛгет  жасайды.  Ормансыз 
далалардағы  су  беткейінің  қатты  ағысы  вегатиция  кезінде  топырақтарды  ылғалдылық 
қорларын  сақтауға  келтіреді.  Топырақтың  су  эрозиясымен  гидротехникалық  құрылыстар 
құру және агротехникалық шаралар қолдана отырып күресуге болады. Бұл кӛптеген еңбектей 
және заттай шығынға  ұшыратады,  ал нәтижесі  тек шектеулі  мерзімге дейін ғана  созылады. 
Тек ормандар ғана кешенді нәтиже алуға кӛмектеседі және су эрозиясымен күресуге тиімді 
әдіс  болып  табылады.  Егер  топырақтағы  су  эрозиясын  жоюға  инженерлік  құбылыстар 
кӛмегімен  тоқтауға  болса,  жел  эрозияларын  тоқтатуға  мұндай  әдістер  кӛмектеспейді.  Жел 
эрозиясының нәтижесін егістіктердің мыңдаған жылдар жинаған ӛнімділігі санаулы минутта 
жойылуы  мүмкін.  Орман  алқаптары  ауа  массасының  қозғалысына  кедергі  жасай  отырып, 
жергілікті  жердің  адырлығын  арттырады,  жердің  беткі  қабатында  желдің  жылдамдығын 
баяулатады,  жоғары  жылдамдықтағы  ауа  ағыстарын  тармақтайды.  Табиғатты  сақтаудағы 
ормандардың  қорғаныштық  ролі  тек  жерге  қатысты  ғана  емес,  сонымен  қатар  суға  да 
қатысты  болады.  Қазіргі  уақытта  судың  сапасын  жоғарылату  немесе  қалыпты  жағдайға 
сақтау  маңызды  болып  отыр.  Суға  қатысты  ормандлар  тӛмендегідей  функцияларды 
атқарады:  
1)  Суды  қорғау  функциясы.  Бұл  судың  қайнар  кӛздеріне  қалыпты  мӛлшерде  келуіне 
немесе артық мӛлшерде келіп қосылуына кӛмектеседі.  


172 
 
2) Суды реттеу функциясы, бұл судың қайнар кӛздеріне келіп құятын судың мӛлшерін 
артырмай – ақ тасқынды жеңілдету және батпақтануды бӛгеттеуге кӛмектеседі.  
3)  Суды  сақтау  функциясы,  судың  сапасын  арттыру,  су  қоймаларын  ластаудан 
сақтайды.  Кӛп  жағдайда  ормандар  бір  уақытта  осы  функциялардың  барлығын  атқарады. 
А.А.Молчанов  орман  алқаптарының  суды  қорғаудағы  ролін  былай  сипаттайды:  «Жалпы 
орман  қайда  болса,  сонда  су  да  болады  деп  айтуға  болады.  Ормандар  суды  жинақтайды, 
ормандарда  ӛзендер  түзіледі,  ормандар  топырақты  қатайтады,  ормандар  егістіктерге 
қарағанда ылғалдылықты біршама жоғары деңгейде ұстайды, ормандар жауын  – шашынды 
біртекті таратуға бейім. Орманды алқаптарда ағынды және шашынды сулар баяу сіңіріледі».  
Орман алқаптарының судың сапасына тигізетін әсері  де зор, әсіресе  кӛктемгі  уақытта. 
Орман  судағы  алқаптың  құрамын  1,5  –  2  есе  азайтады  және  осынша  молшерде  оның 
кермектілігін  тӛмендетеді,  орман  арқылы  ӛткен  судың  мӛлдірлігі  1,  5-  2,5  есе  жоғары. 
Сонымен қатар, су әртүрлі тұздар ертіндісімен қанығады: онда нитраттың және сульфаттың 
мӛлшері  1,5  –  2  есе  кӛп.  Бұл  судар  калций,  темір  және  магниймен  байытылған.  Орман 
арқылы  ӛткен  судың  құрамындағы  ішек  –  қуыс  таяқшалардың  саны  2  –  10  есеге  азаяды. 
Негізінен суды қорғауға, реттеуге, эрозияға, селге, кӛшкіндерге қарсы тұру қасиеттері таулы 
аймақтағы  ормандарда  басым.  Таулы  аумақтарда  орманды  түгелдей  кесу  мүлдем  тӛмен 
нәтиже  береді:  топырақтың  физикалық  қасиеттері  нашарлайды,  беткі  ағыстардың 
жылдамдығы артады, инфилтрация қысқарады. Таулы аймақтағы ағаштарды түгелдей қырып 
тастаудан болатын кері әсерді жасанды жолмен ағаш отырғызу аркылы да сақтап қалмаймыз. 
Қар кӛшкіндерімен күресуге ормандардың маңызы зор. Тау беткейлерінің жоғарғы бӛлігінде 
орналасқан  орман  массивтері  қар  кӛшкіндерінің  жолын  еркін  бӛгеп  тұрады.  Орман 
алқаптары температуралық режимнің теңесуін теңестіреді, топырақ тетін кӛлеңкелетеді және 
күндізгі уақытта инфоляцияның максималды күшіндегі жылуды ағымын азайтады. Ормандар 
ӛсірдіктер жасаушаларын түзету үшін топырақтардан жылу жинайды. Орман алқаптарының 
жауын шашынға да әсері зор. Жауын – шашынның бір шама мӛлшері ағаштың ұшар басында 
буланып  топыраққа  жетпейді.  Судың  кӛп  бӛлігі  орманнан  транспирацияға  кетеді,  соның 
нәтижесінде  ылғалы  мол  аймақтарда  орман  ӛсімдіктері  құрғақшылық  қызметін  атқарады. 
Жел  режиміне  орманның  әсері  белсенді,  ені  70  –  80  метр  орман  жолақтары  жел 
жылдамдығының 4 – 5 есеге азайтады, ал ені 120 м болған жағдайда желді толықтай жояды. 
Жел жылдамдығының тез бӛгейтін ағаш бұл шыршалар.  
Орман  алқаптары  қоршаған  ортаға  қатысты  тек  қорғаныштық  қызмет  атқармайды.  Ол 
санитарлы,  шипалы,  қорғау  қалпына  келтіру  тәрізді  ӛзіндік  кешендермен  адамдарға  қажет. 
Қоғамның  орманның  рекреациондық  қасиетіне  деген  сұраныс  артуда.  Адамдардың 
денсаулығын  қалпына  келтіруде  жүйке  жүйесінің  жұмысын  реттеуде  эстетикалық  және 
патриоттық тәрбиелеуде ормандардың спецификалық қасиеттері әртүрлі кӛрініс табады [9].  
Орманның қоршаған ортаға деген ең маңызды жағы  – ағаш ӛсімдіктерінің фитонцидті 
бӛлу  қасиетінде.  Фитонцид  бӛлінген  жағдайда  ауру  тудыратын  организмдер  саны  азаяды. 
Орман  ауасында,  қала  ауасымен  салыстырғанда,  ауа  тудыратын  микроорганизмдер  40  –  60 
есе  аз.  Орман  ӛсімдіктер  ауа  озонайды  және  иондайды.  Осының  салдарынан  адам 
организіміне  белсенді  және  игі  әсер  ететін  отегінің  теріс  иондар  түзіледі.  Мұндай  иондар 
орман ауасында 5 – 15 есе кӛп, қаламен салысытрғанда орман ауасы оттегімен байытылған. 
Бұл адамдарға сергектік қасиет береді. Сондықтан да қазіргі уақытта адамдарға орман ауасы 
ӛте қажет. 1000 км жүрген автокӛлік қанша оттегіні шығарса, адам сонша оттегіні жылына 
пайдаланады.  Ал  барлық  осы  оттегінің  ӛндірістік  шығынын  орман  толықтырады.  Жалпы 
мысал  келтіретін  болсақ  ӛсіп  тұрған  бір  емен  ағаш  оттегіні  екі  адамға  қажетті  мӛлшерде 
шығарады. Бір авто кӛліктің шығаратын кӛмірқышқыл газын атмосфераға сіңіруін 150 емен 
ағашы қажет.  
Ормандардың  рекреациондық  қасиеттері  екі  топтық  фактордан  тұрады:  санитарлы  – 
шипалы  және  эмоционалды  –  эстетикалық.  Орман  алқаптарының  санитарлы  –  гигиеналық 
қасиеттері тек орманның ӛзінде ғана емес, оның алыс маңында да кӛрініс табады. Осындай 
кӛріністердің  бірі  –  жалпы  қоршаған  ортаның  ластануы  мен  рак  дертіне  шалдығуының 


жүктеу 3,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау