4
үстемдігіне мықты тірек қылу мақсатында Орта Азияға орыс шаруаларын қоныстандырды»
деп хабарлады [2, 3 б.].
Үкімет жергілікті халықтың ежелден пайдаланып келе жатқан жерлерін күшпен тартып
алып, оларды қоныстанушыларға бӛліп берді. Қоныс аудару басқармасының мұндай
әділетсіз әрекеттері жергілікті халықтың ашу–ызасын туғызды. Жер қоры бейбіт түрде емес,
жергілікті халықтардың жер жӛніндегі құқықтарын бұзу жолымен, күштеп, зорлап тартып
алу арқылы жүзеге асты. Қазақ даласында жер мәселесі шиеленісе түсті. Мысалы: 1908
жылы Әулиеата уездерінің қазақтары Түркістан генерал-губернаторына жолдаған
шағымында «қоныс аударушылар үшін шабындық, егістік жерлерді және су кӛздерін
алғаннан кейін... біз мал шаруашылығын қысқартып, отырықшылыққа кӛштік. Ал, енді
қалған егістік жерлер мен суларды іріктеп алудың нәтижесінде біздер ӛлуіміз керек.
Сондықтан, қоныс аударушы чиновниктердің ӛз беттерімен озбырлық жасауларын тексеру
үшін комиссия тағайындасаңыз. Мұндай жағдайларда олар, артық жерлерді табады және
бізден барлық пайдалануға жарайтын жерлерді алып қояды». Халықтың мұндай
шағымдарын үкімет орындары елемеді, қайта жергілікті халықтарды езудің әскери-
феодалдық әдістерін күшейте түсті. Ал, қазақтарға берген жауабында Столыпин «оларға
хабарлауға рахым етіңіз. Қоныс аударушы партиялардың жұмыстарына жасаған қарсылық
әрекеттері әскер күшімен басылады» деп ӛздерін қорқытты [3, 13 б.].
Бұл жағдай патша үкіметі саясатының отаршыл, ӛз мақсаттарына жету жолында
ешнәрседен тайынбайтынын дәлелдей түседі. Орыс әкімшілігі тіпті қазақтарды Америка
үндістері ұқсап қаңғып кетпегені үшін бізге «рахмет» айтсын дегендей саяси кӛзқарас
ұстанды. Мысалы, 1907 жылы Петерборда қазақ халқын жерге орналастыру мәселесі
тӛңірегінде болған жиында, егіншілік департаментінің директоры Крюков ӛзінің
баяндамасында «Америкалықтар үндістерді туған жерлерінен шӛл-шӛлейтті жерге қуып,
қандай саясат жүргізсе, біз қазақтарға сондай саясат ұстануымыз керек» - деген болатын [4,
66 б.].
Патша үкіметінің жерді тартып алуының тағы бір кӛрінісі статс кеңесші
Н.А.Крючковтің мына сӛздері нақтылай түседі: «...жерді иеленуді шешудің нағыз дұрыс
жолы – АҚШ пен Жаңа Зеландиядағыдай жер мәселесін шешу болып табылады. Бізге
кӛшпелі ӛмір салтын жоятын кез келді... Шыңғыс хан мен Темірланның кезеңінен ӛттік.
Ӛзіміздің орыстарға, орыс бақташыларына, егіншілеріне жер іздеуіміз керек, кӛшпелі
тұрмысты тоқтату қажет. Кӛшпенділерге мәңгілікке арнайы шекара белгілеп, бұл мәселені
толық шешетін мезгіл жетті. Олар мәдениетті қой шаруашылы, ӛндірістің т.б. жаңа түрлерін
енгізуге кедергі жасайды», - деп жазды [5; 117-118 б.].
Сонымен, патша үкіметі Ресейдің ішкі аумақтарындағы шаруаларды шет аймақтарға
қоныстандыру арқылы екі мақсат кӛздеді. Біріншіден, шаруаларды империяның шеткі
аймақтарына қоныс аудару арқылы орталықтағы революциялық қозғалысты бәсеңдету болса,
екіншіден, шеткі аймақтарға орыс шаруаларын қоныстандыру нәтижесінде жергілікті жерде
соларға сүйене отырып, ӛз биліктерін нығайту болды.
Кӛтеріліске түрткі болған бірден –бір оқиға 1916 жылғы 25 маусым Жарлығы болды.
Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық кӛтерілісінің басталуына себеп болды. Шілденің бас
кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, кӛп
ұзамай қарулы кӛтеріліске ұласты.
25 маусымдағы жарлық бойынша Қазақстан мен Орта Азиядан алынатын 400 мың адам
болса, соның 240 мыңы қазақтар еді. Осы жарлықтан кейін барлық жерлерде тізім жасала
бастады. Бұл тізімнің кейбіреулері үлкен қарсылыққа тап болса, кейбір болыстықтарда осы
тізімді жасауға қолдау кӛрсетушілер де болған. Ал, қара жұмысқа алынғандардың ӛздері
кетер кездерінде талаптарын айтқан. Бұл талаптың бірі, қара жұмысқа баратындар 1916
жылы 27 шілдеде Түркістан ӛлкесіндегі Черняев уезінде үлкен жиылыс ӛтіп, онда қыстық
киіммен қамтамасыз ету тәрізді бірнеше талап-тілектер жасалады. Осындай бағыттағы
талаптарды 1916 жылы 7 тамызда Орынборда ӛткен жиында да қаралды. Ә. Бӛкейханов
5
ӛткізген бұл жиынға Торғай, Орал, Ақмола, Жетісу облыстарының жұмысшыларынан ӛкіл-
дер сайланып, сол жерде патша үкіметіне ӛздерінің басты-басты талаптарын қояды.
Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, 1916 жылдың қазан-қараша айларында Батыс ӛңірде
Солтүстік майданға – 18 мың қазақ, Батыс майданға да – 18 мың қазақ, ал, Оңтүстік-Батыс
майданға – 9 мың қазақты жіберген екен. Тізім жасалғанда кӛптеген әділетсіздіктерге жол
берілді. Мысалы, жарлық бойынша 19 бен 43 жас арасы деп кӛрсетілгенмен, 16 мен 50 жас
арасындағы ер адамдар қара жұмысқа алынып жатты. Тіпті, аурушаң, керең, мылқау, бір жақ
кӛзі кӛрмейтін, жұмысқа жарамсыз адамдардың майданға алынуы қиыншылық тудырды.
Стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы кӛтеріліске ұласып,
оның ірі ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пайда болды. Кӛтеріліс бүкіл Қазақстанды
қамтыды. Бұл кӛтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол
қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің
қорытындысын шығарды. Кӛтерілістің негізгі күші ұлттық шаруалардың қалың тобы,
сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының ӛкілдері, қолӛнершілер
болды.
Мұрағат деректерінде, Қарабалық, Меңдіқара, Бестӛбе, Домбыр, Кіндікбай, Сымақ,
Аққорған т. б. болыстардағы кӛтерілістер жӛнінде деректер сақталған [6]. Осы жерде
Қарабалықта болысты ӛлтірген, оның тілшісін, аудармашысын, одан кейін жанындағы
кӛмекшілерінің бәрін сабаған, 120-дай адам тұтқынға алынғандығы жӛнінде мәліметтер
берілген. Қапал уезінде орыс казактары қатты бассыздық жасаған. Тіпті, кӛтерілісте қатысы
бар ма, жоқ па онда жұмысы жоқ аясыз жазалап отырған. Тау арасында жүрген қойшыларды,
малшыларды ешқандай жазығы жоқ болса да сол жерде шауып ӛлтіріп кеткен. Кӛте-
рілістердің ең ірілері Ақмола, Қарқаралыда болды [7]. Қарқаралыда 638 адам бірігіп, бірнеше
болыстың адамдары қол қойып, патшаға петиция жібереді. Ол петиция ең алдымен
губернатордың алдына түскен. Губернатор патшаға жіберіп: «Бұл ақсақалдардың сұраған
сұрауын қанағаттандырмауыңызды сұраймын» деп жазғаны деректерде сақталған. Сонымен
қатар, Маңғыстау ӛңірінде Ақтаудың қасында да кӛтеріліс болған. Ол кезде сырт Каспий
округі деп атайды екен. Оған Ташкент, Бижанов, Бұқара, Сырдария, Әулиеата кіреді.
Осылардың барлығын қатты кӛтеріліс, қырғын болады. Деректерге сүйеніп 1916 жылы бүкіл
қазақ даласы кӛтерілген деп айтуға болады.
Кӛтерілістің ең ірісі – Амангелді Иманов бастаған «Торғай кӛтерілісі» еді. Мұндай бас
кӛтерулер қазақ даласының әр жерінде тұтанып, Жетісу, Сырдария, Ақмола, Семей, т.б.
әкімшілік губернияларда халықтың толқуы орын алды. Мысалы, Жетісудағы кӛтерілістің
бірі – «Қарқара кӛтерілісі» болды. Бұл кӛтеріліске Ұзақ батыр мен Жәменке би басшылық
етті. Кӛтерілісті басып-шаншыған соң Ұзақ батырды сотсыз, тергеусіз атып тастады. Ал
Жәменке биді у беріп ӛлтірді. Жетісудағы екінші кӛтеріліс, қазіргі Алматы облысының
Қарасай батыр мен Жамбыл ауданының аумағында болды. Оны басқарған Бекболат
Әшекеұлы мен белгілі революционер Тоқаш Бокин еді. Бұл кӛтеріліс те басып-шаншылған
соң Бекболат Әшекеұлын Алматыда дарға асты. Тоқаш Бокинді Кеңес ӛкіметінің алғашқы
жылдарында ӛшіккен жаулары тірідей ӛртеп жіберді. Ал кӛтерілісшілердің қолға
түскендерін жазалаушы отряд аяусыз ӛлтірді. Тірі қалғандары Қытайға ауып кетуге мәжбүр
болды.
1916 жылдың салдарынан халықтың саны біршама азайды. Мысалы, Жаркент уезінде
қазақтардың саны – 73%, Лепсі ӛзенінде – 47%, Верный уезінде – 45%-ға азайған. Сонымен
қатар, осы жылдары 1917 жылы тамызға қарай, қытайдың шекарсынан ӛтіп кету қазақтар
мен қырғыздар арасында жиілей түседі. Шекарадан ӛтіп кеткен қырғыз-қазақтардың жалпы
саны шамамен 300 мың деген деректер бар.
Жазалаушы отряд қазақтардың ӛтіп кеткенін естіп, шекараға күзет қояды. 1917 жылы
Қазақстан мен Қырғызстан территориясындағы орыс тұрғындарының саны 1439.1 мың
адамға жетті. Аймақтағы украиндердің саны 1897-1917 жылдар аралығында 93 мыңнан 790
мың адамға ӛсті [8; 35 б.]. Жазалаушы отрядтар кӛтерілісті басып жаншуға осы қоныс
аударушыларды пайдаланды.
Достарыңызбен бөлісу: |