Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 3,28 Mb.
Pdf просмотр
бет72/97
Дата06.02.2020
өлшемі3,28 Mb.
#28463
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   97

150 
 
ӘОЖ:51(091) 
 
МАТЕМАТИКА ПӘНІНДЕ КОМПЬЮТЕРДІ ОҚЫТУ ҚҦРАЛЫ РЕТІНДЕ  
 
ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 
Исаков О.А., Тургынбекова А.Б., Исакова А.О. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
№1 мектеп Шымкент қ., «Нҧр-Орда» Халықаралық мектебі, Ӛскемен қ. 
 
Қазіргі  уақытта  компьютерлік  техниканы  мектеп  оқушыларының  техникалық 
шығармашылығында  қолдану  жӛніндегі  зерттеулер  жүргізілуде,  оқушылардың  кәсіби 
бейімделуіндегі компьютердің мүмкіндіктері анықталуда.  
Компьютерлік  техниканы  математиканы  оқытуда  қолданудың  теориялық  негіздері 
мазмұнды зерттеулердің үш аспектісін қарастырады:  
-  оқу  бағдарламасының  мазмұнына  және  оқыту  процесін  ұйымдастыруға  байланысты 
компьютерді математиканы оқытуда қолдану;  
-  компьютер және оқушы;  
-  компьютер және мұғалім. 
Бағдарламаның мазмұны теориялық мағлұматтар мен практикалық жұмыстар да жүзеге 
асыруды  қарастырады.  Мектепте  арнайы  пән  ретіндегі  информатика  сабағында  шешілетін 
мәселелерді талдау бізге сабақта компьютерді қолданудың негізгі жолдарын тұжырымдауға 
мүмкіндік береді. Математиканы оқытуда компьютерді:  
- оқу процесінде нақты мәселелерді шешуге кӛмектесетін дидактикалық құрал ретінде; 
- оқушылар орындайтын амалдарының теориялық деңгейін кӛтеруге мүмкіндік беретін 
құрал ретінде; 
- арнайы пән ретіндегі еңбек сабағын политехникалық бағыттылығын күшейтуші құрал 
ретінде қолдануға болады. 
Атап айтқанда, осы барлық үш бағытта біз компьютерді оқу процесінде қолданылатын 
дидактикалық құрал ретінде қарастыруға болды. Бірақ бастауышта математиканы оқытудағы 
уақыттың  айтарлықтай  бӛлігі  практикалық  есептер  шығаруға  кетеді.  Оқу  үрдісінің  басты 
элементтерінің бірі – оқушылардың алған білімін, машығы мен икемдігін тексеру. Бақылау 
бағдарламаларын құру арқылы ӛте шапшаң да әділ бағалауға болады. 
Оқушылардың білім деңгейлеріне сәйкес бақылау бағдарламасының тапсырмалары мен 
сұрақтарын әртүрлі деңгейлерге бӛлуге болады. Мысалы: 
а)  «ия-жоқ»,  «дұрыс-дұрыс  емес»  сияқты  жауаптарды  талап  ететін,  бір  типті 
тапсырмалар беретін бағдарлама;  
б)  әр  түрлі  типті  бірнеше  варианттан    тұратын  жауабы  бар  тапсырмалар  беретін 
бағдарлама; 
в)  шығармашылық  ойлауды  қажет  ететін  (нәтиже  жоғары  бағаланады)  бақылау 
бағдарламасы. 
Бақылау  бағдарламасын  әр  оқушының  жеке  қабілетін  ескеріп  құруға  да  болады. 
Мұғалім  сабақты  қалай  ӛткізсе,  бұл  бағдарламамен  жұмыс  жасайтын  компьютерде  де  ӛз 
«сабағын»  солай  ӛткізуге  тиіс.  Бағдарламаның  сабаққа  арналған  кӛрнекі  құралы,  тиімді 
әдістемелік  нұсқаулары  және  оқушы  қолданады-ау  деген  сұрақтарға  дайындаған 
жауаптарына  қоса  бір  шама  бай  білім  қоры  болуы  тиіс.  Кӛрнекілік  талап  етілген  жерде 
машиналық графиканың мүмкіндіктері, ал есептеу қажет болған  жерде машинаның есептеу 
қасиеті пайдаланылады. Мұндай бағдарламаны құру оңай емес, тіпті кӛптеген бағдарламалау 
тілдерінің  бұған  шамасы  да  жетпейді.  Қазіргі кезде  бағдарламалардың  ішіндегі  ыңғайлысы 
Паскаль тілі.  
Ӛзіндік жұмыс әр түрлі нұсқа бойынша беріледі, сондықтан әр оқушы жанында отырған 
оқушыдан  кӛмек  ала  алмайды,  бұл  әр  оқушының  жеке-жеке  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік 
береді.  


151 
 
Компьютерді  сабақта  қолдану  мүмкіндігі  оқушылардың  қызығушылығын  арттырады, 
мұғалімнің  жұмысын  жеңілдетеді  және  үлкен  маңыздылығын  жекелеп  немесе  топтап 
даралауды  қамтамасыз  етеді.  Оқу  іс  -  әрекетін  басқару  функциясын  жүзеге  асыруда 
компьютерді  оқыту  құралы  ретінде  қолданудың  маңызы  зор.  Айта  кететін  жағдай, 
оқушыларға  тапсырма  беруде  дисплей  экранында  пайда  болған  проблемаларды  оқушының 
ӛзінің шешуіне компьютердің мүмкіндік жасай алатындығы. 
Сонымен  компьютердің  кӛмегімен  оқытудың  мынадай  жақсы  жақтарын  атап  ӛтуге 
болады:  
- компьютерді пайдалану сабаққа деген қызығушылықты арттырады;   - 
компьютерге 
арнап оқушылардың ойлану дәрежесіне, материалды қабылдау ерекшелігіне байланысты әр 
оқушы үшін жеке бағдарлама құрып, оқушылармен дербес жұмыс жасауды күшейтеді; 
-  компьютер  арқылы  сӛйлеу  қабілеті  дамымаған,  нашар  еститін  т.с.с.  кемшіліктері  бар 
балаларды оқытудың тиімділігі артады; 
- компьютер оқушыға материалдың қай тұсына баса назар аудару керек екенін кӛрсетіп, 
кӛмектесіп  отырады,  оны  асықтырмайды,  оқушы  компьютер  алдында  қысылып  ұялмайды. 
Сондықтан білмеген нәрсесін машинадан қайталап сұрап алады; 
- компьютерді сабаққа пайдалану оған жұмсалатын уақытты үнемдейді. 
Пән  мұғалімдері,  әдіскерлер  ӛз  пәндері  бойынша  үйретуші  бағдарлама  құруды  талап 
ететін  тақырыптарды  іріктей  білуі  керек.Компьютерді  оқыту  процесінде  пайдалану  ісінде 
шешілмеген мәселелер әлі кӛп, бұл жӛнінен тәжірибе жинақтаған мұғалімдер некен- саяқ. 
Нақтылы жағдайға (оқушылардың дайындығына) байланысты қай сабаққа болса да бұл 
бағдарламаларды пайдалану мәселесін мұғалім ӛзі шешеді. Мұғалім ӛз қалауынша белгілі бір 
бағдарламаны  толық  немесе  оның  бір  бӛлігін  ғана  ұсынуына  болады.  Тапсырмаларды 
орындауға  қажет  уақыт  сұрақтың  қиындығына  да  байланысты.  Сондықтан  компьютерде 
берілген  тапсырманы  орындауға  15-20  минут  уақыт  бӛлінгендіктен,  осы    талаптардың  ара 
жігін айқын бӛліп айту керек. Біздің бұл  ұсыныс шамамен ғана айтылып  отыр, ӛйткені  бір 
ғана тапсырманы әр оқушының орындау мерзімі әр түрлі.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
               
Сурет - 1. Математиканы оқыту бағдарламаларындағы компьютерді қолдану 
 
Бағдарламалардағы  тапсырмаларды  және  санын  нақтылы  жағдайға  байланысты 
(мысалы,  бір  сыныпта  білім  деңгейі  әр  түрлі  оқушылардың  отыруы  т.б.)  мұғалім  ӛз 
қалауынша  ӛзгертуіне  болады.  Сондай-ақ  бағдарламаны  мұғалім  ӛз  қалауынша  кейбір 
оқушылармен жеке жұмыс жүргізу үшін де пайдалануға болады. 
Бастауыш  сыныпта  математиканы  оқыту  бағдарламаларындағы  компьютерді  қолдану 
басы 
Сабақ N 
Мұғалім 
Оқушы 
Сабақтың тақырыбы, 
барысы 
есептер 
Есептер шешу, қайта 
оралу 


жүктеу 3,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау