Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 3,28 Mb.
Pdf просмотр
бет80/97
Дата06.02.2020
өлшемі3,28 Mb.
#28463
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   97

169 
 
жалпылығымен,  ағашты  тұқымдардың  құрамының  біркелкілігін  ярустардың  санымен, 
аналогиялық фаунасымен сипатталады [2].   
Орман  шаруашылығы  –  орманның  табиғатын,  оның  дамуындағы  заңдылықтарды, 
орманның  негізгі  ӛнімі  ағашты  алу  мақсатында  ормандарды  ӛсіру  және  ормандарды 
тасмалдау сияқты кӛріністегі ұйымдардың проблемаларын зерттейтін ғылым [3]. 
Табиғат  ресурстарының  ең  маңызды  түрлерінің  бірі    және  елдер  терреториясында 
кездесетін  орман  қорлары.  Ормандар  ӛнеркәсіптің  кӛптеген  салаларының  тиімді  шикізаты, 
азық  – түлік ӛнімдері,  жабайы және үй жануарларының азығы, адамзат үшін дем алу орны 
ретінде қызмет атқаратын ағаштар түрлерін береді. Орман жамылғысы жердің экологиялық 
жүйесінің  барлық  кешеніне  маңызды.  Орман  қорларының  маңызды  ерекшеліктерінің  бірі 
олардың  қайтадан  қалпына  келуі,  сарқылмауы,  бұл  тек  аумақты  және  орман  түрлерінің 
құрамын реттеумен ғана шектелмейді, сонымен қатар орманның ӛнімдеріне және қызметке 
деген  ұдайы  ӛсіп  келе  жатқан  адамзат  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  бағытында  олардың 
ӛнімділіктерін үздіксіз жоғарлату.  
Әлемдік  ӛрман  алқаптарының  аумағы  4  млрд.  гектар,  соның  ішінде  тұтас  орман 
жамылғысы  3  млрд.  гектар,  оның  ішінде  ӛнімділігі  1,9  млрд.  гектар.  Бұталы  және 
геградатициялы  орман жерлері,  яғни  адамзат әрекетімен  кесіліп  тасталған,  бірақ  жекелеген 
ағаш және бұталар топтары сақталған. Не табиғи жолмен қайта пайда болған ормандардың 
аумағы кең. Бір тұрғынға 0,67 гектар тұтас ормандар келеді. Жер бетінде орманның таралу 
аймақтары  ӛте  әркелкі  [4].  Нақты  жер  бетіндегі  ӛсімдіктердің  алғашқы  іздері  жер  бетінде 
полезойдың силур дәуірінде табылған. Олардың жаппай түзілуі девон дәуіріне сәйкес келеді. 
Оның  орта  шегінде  яғни  400  млн.жыл  бұрын  папоротник  тәрізділер  яғни  плаундар, 
попоротниктер,  қырық  буындар  тәрізді  ағаш  формалары  жер  бетінің  алғашқы  орманын 
түзген. Ежелгі орман ӛсімдіктері балшық жерде бір келкі таралуымен ерекшеленеді. Жердің 
даму  тарихында  орман  ӛсімдіктері  үздіксіз  ӛзгеріп  тұрған.  Ағаш  және  бұталар  тұқымдары 
және туыстары тұтас пайда болып немесе тұтас жойылып отырған. Бір кездері кӛп таралған 
кӛптеген ӛсімдік топтарынан тек жеке түрлері сақталған. Мысалы, Қытай территориясында 
гинго,  Оңтүстік  Америка  шегінде  араукария,  секвоя  тек  АҚШ  –  тың  тынық  мұхиттың 
жағалауында  кездеседі.  Саговниктердің,  магнолилердің,  тюльпан  ағаштарының  таралу 
ареалдары  біртіндеп  тарыла  бастады.  Сыртқы  ортаға  жақсы  бейімделген  ағаштардың  және 
бұталардың жаңа түрлері қалыптасты.  
Адамзаттың  орман  ӛсімдіктеріне  тигізген  алғашқы  белгілері  неолитте  байқалды. 
Адамның  отрықшы  ӛмір  салтынан  кӛшкен  кезінде,  жер  ӛңдеумен,  мал  шараушылығымен 
айналыса бастады. Кейінгі жылдары ормандарда отын ретінде пайдалану үшін және құрлыс 
материалдарды  дайындауда  орман  кесу  үрдісі  ӛсе  бастады.  19  –  20  жүз  жылдықта  орман 
ӛсімдіктерінің  дамуы  адамзаттың  қарқынды  әсері  жағдайында  болды.  Жер  бетінің  қазіргі 
орман жамылғысы адамның әсерінен сандық сипатынан ғана емес, сапалық сипаты ӛзгерді. 
Орман  алқаптарының  тұқымдық  құрамы  және  ӛнімділігі  ӛзгерді.  Байырғы  ормандар 
негізінен таулы және адам аяғы бастпайтын аймақтарда сақталған [5].  
Қоғамдық материалды және қажеттіліктерін қанағаттандыратын орман шаруашылығын 
жүргізу  үрдісінде  және  қоғамдық  ӛндіріске  пайдаланылатын  орман  ӛнімдері  және 
қажеттіліктері  мол. Орман ресурстары қалпына келіп отырады және орман шаруашылығын 
дұрыс  жүргізген  уақытта  таусылмайтын  табиғат  ресурстары  болып  табылады.  Орман 
ресурстарына ағаш ресурстары, техникалық, азықтық, дәрілік, тағы басқа ресурстар, сондай – 
ақ орманның қорғаныштық және қоғамдық пайдасы жатады.  
Ағаш  ресурстары  –  негізгі  (соңғы)  үрдісте  дайындалатын  әртүрлі  тұқымды  ағаштар.  
Техникалық ресурстар – оған живица (канифоли және скипидар ӛндірісінде шикізат ретінде 
қолданылады) гутаперча, танниндер, әртүрлі органикалық бояғыш заттар жатады. Орманның 
азықтық  ресурстары  –  саңырауқұлақтар,  жеміс  жидектер,  жеуге  жарамды  шӛптер  мен 
тамырлар  және  де  жабайы  жануарлар  мен  құстар.  Бұған  сондай  –  ақ  орманды  алқапта 
орналасқан  ара  шаруашылығының  ӛнімдері  жатады.  Орманның  тағамдық  ресурстары  – 
орманды  жерде  пайдаланылатын  шӛптер,  қылқанды  ағаштар  азыққа  жарайтын  жемістер. 


170 
 
Орманның  дәрілік  ресурстары  –  формакологияда  кеңінен  қолданылады.  40  %  жуық 
медициналық  препараттарды  дәрілік  ӛсімдіктерінен  алады,  ал  жүрек  –  тамыр  және  ішкі 
ауруларын  емдеуге  олардың  үлесі  80  –  90  %  жетеді.  Орманның  қорғаныштық  пайдасы 
топырақты  су  және  жел  эпозияларынан,  кӛшкіндерден,  селдерден  сақтау,  ауа  және  су 
бассейндерін  ластанудан  қорғау,  сондай  –  ақ  адам  мен  фаунаны  кері  байланыстарын 
алыстату.  
Орманның  қоғамдық  пайдасы  рекреациялық,  курорттық,  эстетикалық  қасиеттері 
жатады. Қоғамның бұндай ресурстарға сұранысы барған сайын артуда [6].  
Орман  шаруашылықты  бұл  материалды  ӛндірістің  саласы.  Оның  функциясына 
тӛмендегілер кіреді: орманды зерттеп тану  және  тіркеу  олардың  үдайы  ӛндірісі,  ӛрттерден, 
зиянкестерден  және  дерттерден  сақтау,  орманды  пайдалануды  реттеу,  орман  ресурстары 
пайдаланушыны  бақылау.  Бұл  саланың  басты  ерекшелігі  –  орманды  ӛсіру  кеңінен 
жалғастыру.  Орман  шаруашылығын  жүргізудегі  негізгі  принциптер  –  орманды  үздіксіз 
пайдалануды қамтамасыз ету, орман қорындағы орман ресурстары мен жерлерді толық және 
тиімді  пайдалану.  Ормандарды  дер  кезінде  қалпына  келтіру,  олардың  ӛнімділігіннің  және 
құрылымдық  сапасын  арттыру.  Орман  қорлары  мемлекеттік  меншік  объектілеріне  жатады. 
Және  республикалық  меншікте  болады.  Жекеше  орман  қоры  учаскелерін  иеленеді, 
пайдалану мен оған билік етуді жекеше орман иеленушілер жүзеге асырады.  
Орман  шаруашылығы  құрамындағы  кәсіпорындар,  орман  шаруашылығын  жүргізумен 
қатар,  ағаш  және  орманның  басқа  ӛнімдерін  дайындайтын  кешенді  шаруашылықтар 
дамыған.  Орман  шаруашылығының  жобалы  түрде  жүргізілуінің  негізі  орман  дайындау 
ӛнеркәсібінің циллюлоза – қағаз ӛнеркәсібінің гидролизді және орманды ӛңдеу ӛнеркәсібінің 
орналасуы  мен  дамуында.  Мемлекеттік  орман  қорының  қарамағындағы  ормандарын 
пайдалану  орманды  дайындауды,  техникалық  және  дәрілік  шикізаттарды,  жабайы  ӛсетін 
жемістерді,  жаңғақтарды,  мал  жайылымдарын  орналастыруды,  мәдени  –  сауықтандыру 
мақсатында орманды пайдалануды және аң аулау шаруашылығы қажеттіліктерін қосады [4]  
Орман ландшафтарының биосферадағы ролі. 
Орманның  биосфераның  құрамдас  бӛлігі  ретіндегі  ұғымы  –  кең  ауқымды  және  кӛп 
мағыналы  орман  биосферасындағы  барлық  компоненттерге  әсерін  тигізеді.  Маңызы  арта 
түзуші  рол  атқарады.  Орманның  табиғатқа  тигізер  маңыздылығы  келесідей  бірншден  ауа 
құрамын  тазартады;  екіншіден  жануарлар  әлеміне  мекен  ету  ортасы  қызметін  атқарады; 
үшіншіден,  топырақты  эрозиядан  қорғайды;  тӛртіншіден,  жауын  –  шашынды  ұстап  тұрады 
(беткі ағысты азайтады); бесіншіден ауылшаруашылық ӛнімдері үшін қолайлы микроклимат 
түзеді; алтыншыдан, құмдарды бекітеді; жетіншіден, судың ластануына жол бермейді [7]. 
Орманда  тіршілік  етуге  бейімделген  жануарлар  дүниесін  орман  фаунасы  құрайды. 
Тропиктік  ылғалды  ормандарында  тіршілік  жағдайы  бірқатар  жануарларға  қолайлы 
болғандықтан  онда  жануарлар  түрі  кӛбірек,  бірақ  түр  саны  онша  кӛп  болмайды. 
Сүтқоректілер мен құстардың орманда тіршілік ететін түрлері бірнешге және олардың басым 
кӛпшілігі  ағашқа  ӛрмелеуге,  ағаш  басын  мекендеуге  жақсы  бейімделген.  Сүтқоректілерден 
жалқау  аң,  маймыл,  кемірушілер  жәндіктермен  қоректенушілер  жыртқыштар,  құстардан 
тоты,  тоқылдақ,  тукан  гоацин  тағы  басқа  бауырмен  жорғалаушылардан  хамелон,  ағаш 
жыланы,  ешкі  ешер  түрлері,  қос  мекенділерден  бақаның  бірнеше  тұқымдас  тропик 
ормандарында  кең  тараған,  ал  жәндіктер  фаунасы  алуан  түрлі.  Қоңыржай  белдеулердің 
жапырағын түсіретін ормандардан жануарлар түрі кӛп емес, бірақ жеке түрлер саны ӛте кӛп 
болды. Тайга фаунасында жануарлар түріне кедей. Тропиктік ылғалды ормандарынан бастап 
тайгаға  дейін  жануарлардың  түрі  ағаш  басында  тіршілік  ететін  түрлері  кеми  түседі.  Тайга 
мен жапырақты ормандарда күн сәулесі мол, шӛбі кӛп болуға байланысты ылғалды тропикке 
қарағанда,  жерде  тіршілік  ететін  жануарлар  түрі  кӛбірек.  Орман  кесу  мен  оның  ағаш 
құрамының  ӛзгеруіне  байланысты  орман  фаунасы  да  ӛзгеріске  ұшырайды.  Ағаш  басын 
мекендейтін  жануарлар  азаяды.  Орманның  сиреуіне  және  қылқан  жапырақты  ағаштар 
орнына  жапырақты  ағаш  ӛсуіне  қарай  орман  фаунасының  жерде  тіршілік  ететін  түрлеріне 
қолайлы жағдай туады.  


жүктеу 3,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау