Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 2,95 Mb.
Pdf просмотр
бет94/95
Дата20.11.2018
өлшемі2,95 Mb.
#22200
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95

197 
 
қабілеттерін  дамытуға,  тірі  табиғатты,    ағзаларды  толығымен  түсінуге  ықпал  жасайды. 
География  пәнінің  кейбір  тараулары  ойлануды,  талдай  білуді,  салыстыруды  қажет  етеді. 
Оған география  кабинетінің жағдайы келе бермейді. Айталық,  нивеллир,  ұлғайтқыш әйнек 
т.б.  тәжірибе жасайтын құралдардың болмауы.      
География    сабағында  компьютерді  пайдалану  оқу  үрдісінде  мұғалім  мен  оқушының 
оқудың жеке дара  шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. 
География  сабағын  меңгертуде  компьютерлік  анимациялардың  маңызы  зор. 
Оқушыларға  жануарлардың  мен  ӛсімдіктердің  суреттерін,  сызба  нұсқаларды  кӛрсетіп 
қолдануына  қолайлы.  Жер  тарихында  тіршіліктің  пайда  болуы,  әр  кезеңде  ӛсімдіктердің, 
жануарлардың түрлерінің дамуы туралы суреттерін, сызба-нұсқалары пайдаланылды. 
Географтардың  ӛмірі  мен  кызметі  жайында  компакт-дискілерде  кең  қамтылған. 
Рефераттар жазуда оқушылар географиядан жердің пайда болуы жӛнінде энциклопедиялық 
мәліметтер  ала  алады.  Сонымен  қатар  оқушылар  сабақта  видео  материалдар  пайдаланады. 
Олар  оқушыларға  заттар  және  олардың  халықшаруашылығында  қолдануы  туралы 
мәліметтер  алуға  кӛмектеседі.  Рефераттар  жазу  барысында  оқушылар  ӛз  беттерімен 
Интернет  кеңістігінің  материалдарын,  электрондық  оқулықтарды  іздеу  арқылы 
компьютерлік сауаттанады. 
Сонымен  география  сабағын    компьютер    кӛмегімен  оқыту  тӛмендегі  мәселелерді 
қамтиды: 
Оқушыларға оқылатын табиғат құбылыстарын толық және дәл ақпаратты бере отырып,  
оқу сапасын арттыру. 
1)    Оқытудың  кӛркемділігін  арттырады,  яғни  оқушыларға  қиын  да  күрделі 
материялдарды кӛрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді. 
2)    Оқытудың  тиімділігін  жоғарылатады  және  оқу  материалын  түсіндіру  мүмкіндігін 
арттырады; 
3)    Оқушылардың  ғылыми  дүниетанымдық  кӛзқарастарын  қалыптастыра  отырып, 
олардың білімге құштарлығын,   табиғи сұранысын қанағаттандырады. 
4)    Мұғалімді  техникалық  жұмыстан  босата  отырып,    үнемдеген  уақытта  олардың 
шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. 
5)  Мұғалім  мен  оқушының жұмысын жеңілдетеді. 
Интерактивті тақтаны қолданудың артықшылығы: 
1) Интерактивті тақтада ӛтілген сабақтар оқушыларды жаңашылдығымен қызықтырады. 
Сыныпта  мұндай  сабақ  үстінде  оқушылар  ӛз  ойын  «ӛз  сӛзімен»  айтатын  шынайы 
қарым-қатынас  туады,    олар  тапсырманы  ынтамен  орындайды,    оқып  жатқан  материалға 
қызығушылықпен  қарайды,    оқушыда  компьютер    алдындағы  қорқыныш  жоғалады.  
Оқушылар география пәні бойынша оқулықпен, анықтамалық және басқа әдебиетпен жұмыс 
істеуді  үйренеді.    Оқушыларда  жоғары  нәтиже  кӛрсетуге,  қосымша  қиын  тапсырма  алып 
орындауға қызығушылықтары пайда болады. 
Интерактивті технологияның ерекшеліктері: 
1)  Бормен    тақтаға  жазған  кескінді  экрандағы  түрлі–түсті,  айқын,    ұқыпты  кескінмен 
салыстыруға  болмайды.  Тақта  мен  бордың  кӛмегімен  әр  түрлі  қосымшалары  бар  жұмысты 
түсіндіру  қиын,  әрі  мүмкін  емес.  Слайдтарда  кемшіліктер  мен  қателер  жіберілсе,  тез  арада 
түзетуге  болады.  Сабақтың  ӛнімділігі  артады.  Басқа  пәндермен  пәнаралық  байланыс 
орнайды. 
2) Сабақта кӛрнекілікті қолдану деңгейі артады. 
3)  Оқу  материалын    беру    логикасына  кӛпкӛңіл  аударады,  бұл  оқушылардың  білім 
деңгейіне оң әсерін тигізеді. Компьютерге деген қарым-қатынас ӛзгереді. 
География  пәнінен  сабақ  ӛту  барысында  интерактивті  оқыту  технологиясын,  яғни 
белсенді  «Естігенді  мен  ұмытпаймын»,    «Істеген  ісіме  жауап  беремін»  әдістерін  қолдану 
оқушыларды  іс-әрекеттеріне  дұрыс  баға  беруге  тәрбиелейді.  Міндет-сабақта  берілген 
материалдарды оқушылар толық түсіну үшін, қолайлы жағдай туғызу. 
Жақсы білім алу үшін қажетті ұстанымдар: 


198 
 
- Оқушы білім алуға дайын; 
- Білім беруге түрлі әдістер мен  тәсілдер қолданамын; 
- Қайталау –білімді бекіту үшін қажетті элемент; 
- Қаншалықты оқу барысы шынайы болса,  соғұрлым білім беру  тиімдірек. 
Мектеп  емтихандарына  даярлау  кезіндегі  мұғалім  үшін  де,  оқушы  үшінде  таптырмас 
құрал.  Бүгінгі таңда мектеп пәндерін  компьютер  кӛмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі 
ғылыми  проблемаларды  шешу  ең  басты  орыналады.    Бұған  себеп  оқыту  процесінде 
туындайтын  компьютерлендірудің  педагогикалық  –  психологиялық  жаңа  проблемалары  әлі 
толық шешілмегені. 
Әрбір  елдің  технологиялық    даму    дәрежесіне  оның  экономикалық  қуаты    мен  
халқының тұрмыс деңгейі ғана емес,  сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны,  басқа 
елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік 
мәселелерін шешуіне байланысты. 
Интерактивті  құралдарды  сабаққа пайдаланғанда  дидактикалық  бірнеше мәселелерді 
шешуге кӛмектеседі : 
-   Пән бойынша базалық білімді  меңгеру; 
-   Алған білімді жүйелеу; 
-   Ӛзін - ӛзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; 
-   Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру; 
-   Оқушыларға оқу материалдарымен ӛздігінен жұмыс істегенде  әдістемелік 
 кӛмек беру. 
Бұл технологияны оқу материалын  хабарлау және оқушылар-дың ақпаратты меңгеруін  
ұйымдастыру арқылы, кӛзбен кӛру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау  
мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың  кӛпшілігі            
 естігенінің 5%  және   кӛргенін  20%  есте  сақ-тайтыны белгілі.  Аудио  және видеоақпаратты 
бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.  
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу 
барысында мұғалім сабақ 
мазмұны 
оқушылар 
үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша ӛтуі үшін ӛзінің бағалы  уақытын қажетті 
материалды  іздеу  мен жүйелеуге  жұмсайды.  Ал  жекелеген  курс  бойынша мәселелік  – 
бағдарлы  оқу бағдарламалары пакетінің  болуы  мұғалімге  «мұғалім  –  оқушы»  жүйесінде 
ақпаратты  беруді,  ӛңдеуді  және  қайталауды жаңаша  ұйымдастыруына    мүмкіндік  береді. 
Бірақ,  мұның барлығы жүзеге  асуы  үшін  мұғалім  компьютерлік  оқыту технологиясы 
бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. 
Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа 
ие. 
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Болашақ мамандарға сапалы білім беруге, 
әлемдік  білім    кеңестігінен»  мемлекетімізге    лайықты  орын    алуға  білім  саласындағы  
қызметкерлерге  тиісті жағдай жасауға  айрықша мән берілді. Ӛйткені  елімізді  кӛркейтетін 
де, ӛркендететін де  білікті,  білімді жастар екені  түсінікті. Сапалы білім, саналы тәрбие беру 
үшін    мұғалімнің      үздіксіз  ізденуі,  шыңдалуы,  шығармашылықпен    айналысуы,    білімін 
жетілдіруі қажет.  Соның нәтижесінде  ғалымдар жаңа  технологияларды  кӛптеп шығаруда. 
Себебі,  жаңа  оқыту    технологияларын    енгізу  заман  талабына    сай  білім  беру    бағыты  
ӛзгерді,  ӛздігінен   білім ала-алатын  логикалық  пайымдай, талдай  қорытындылай алатын  
коммуникативті   тұлғаны қалыптастыру  қажет. 
Электрондық  байланыс  жүйелері  арқылы  ақпарат  алмасудың  тиімділігі  ӛркениетті 
елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезіледі. Республикамызда білім беру жүйесі мен білімді 
тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналды. 
Қазақстандағы барлық орта мектептердің компьютермен жоспарлы түрде жабдықталуы 
оның айқын дәлелі. Заман ағымына сай күнделікті сабақка видео, аудио қондырғылары мен 
теледидарды,  компьютерді,  интерактивті  тақтаны  қолдану  айтарлықтай  нәтижелер  береді. 
Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және 
алған мәліметті нақтылауға мүмкіндік береді. 


жүктеу 2,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау