Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 2,95 Mb.
Pdf просмотр
бет93/95
Дата20.11.2018
өлшемі2,95 Mb.
#22200
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95

195 
 
3.  Полосин  В.С.  Школьный  химический  эксперимент  по  неорганической  химии.  - 
Москва: Просвещение, 1989. 
4.  Чернобельская  Г.М.  Основы  методики  обучения  химии.  -  Москва:  Просвещение, 
1987.  
 
Аннотация 
Бұл  мақалада  проблема  химияны  оқыту  химиялық  эксперимент  пайдалану  қарастырылады. 
Химия  зерттеу  студенттердің  танымдық  белсенділігін  арттыруға  бағытталған  проблемалық-
бағдарланған  оқыту  пайдалану  факторлардың  анықталған  және  ақтады.  Зертханалық  және 
демонстрациялық  тәжірибелер  мысалдары.  Жағдайды  білімдерін,  сонымен  қатар  жаңа  ғана  емес 
талап  ететін  даярлаудың  нақты  тапсырмаларды  орындау  процесінде  қиындықтарды  немесе 
қайшылық болып табылады. 
Аннотация 
В  данной  статье  рассматривается  использование  химического  эксперимента  в  проблемном 
обучении  химии.  Определены  и  обоснованы  факторы,  в  использовании  проблемного  обучения, 
направленного  на  активизацию  познавательной  деятельности  студентов  при  изучении  химии. 
Приведены  примеры  лабораторных  и  демонстрационных  экспериментов.  Проблемная  ситуация-это 
затруднение  или  противоречие  в  процессе  выполнения  конкретных  учебных  задач,  для  решения 
которых требуются не только знания, но и новые. 
Annotation 
This article discusses the use of chemical experiment in problem-based learning, chemistry. Identified 
and  justified  the  factors  in  the  use  of  problem-based  learning,  aimed  at  activation  of  cognitive  activity  of 
students  when  studying  chemistry.  The  examples  of  laboratory  and  demonstration  experiments.  The 
problematic  situation is the  difficulty  or  contradiction  in the  process  of  accomplishing  specific  educational 
tasks for which require not only knowledge, but also new. 
 
 
ӘОЖ 
39.01.45: 
 
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ТИІМДІ 
ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ 
 
Таджикулова Н.А., Әбілда М.М. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Заман талабына сай ғылым мен техниканың жетістіктерін білім беру саласында жүзеге 
асыру  бүгінгі  күннің  ӛзекті  мәселелерінің  бірі.  Жаңа  заманғы  білім  беру  жүйесі  жаңа 
міндеттерді  жүктейді.  Сондықтан  қазіргі  білім  берудің  жаңа  ақпараттық  технологияларын 
игермейінше, сауатты, жан-жақты, білімді маман болу мүмкін емес. 
Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  оқу-тәрбие  үрдісін  жүйелі  ұйымдастыруына 
кӛмектеседі.  Сонымен  қатар  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани, 
азаматтық  және  басқа  да  кӛптеген  адами  келбеттерінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді, 
ӛзін-ӛзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына  кӛмектеседі.  Бүгінгі  таңда 
білім ұйымдарындағы пәндерді дербес компьютер кӛмегімен оқыту нәтижелігін зерттеудегі 
ғылыми мәселелерді шешу ең басты орын алады. 
Мектептегі пәндерді оқыту процесінде компьютерді қолданып сабақ ӛткізу мұғалім мен 
оқушы  қарым-қатынасы  жүйесін,  олардың  іс-әрекетінің  мазмұнын,  құрылымын,  ӛзгерте 
отырып, олардың мотивациялык эмоциональдық ортасына, сезімінің ӛсуіне әсер етеді. 
Соңғы  жылдары  кӛптеген  елдерде  орын  алып  отырған  ғаламдық  ӛзгерістер  – 
мемлекеттердің жаңа дәуірге, қоғамдық ӛмірлік негізін ақпараттық ресурстармен ақпараттық 
коммуникациялық  технологиялар  құрайтын  ақпараттык  кезеңге  қадам  басты.  Қазіргі  таңда 
ғылыми техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа технологиялық 
әдістер мен жаңа технологияларды қолдануды кең кӛлемде қажет етеді. Білім берудің негізгі 
мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын әр 


196 
 
түрлі  әдіс-тәсілдеріді  қолдана  отырып,    белсенділігін  арттыру  мақсатында  интерактивті 
тақтаны пайдаланып сабақ ӛткізудің кӛптеген мүмкіншіліктері бар: 

 
біріншіден, интерактивті тақта арқылы электронды оқулықтарды қолдануға және оны 
кӛшіріп алып, белсенді жұмыс істеуге болады; 

 
екіншіден,  қосымша  материалдарды  да  кӛшіріп  енгізіп,  онымен  белсенді  жұмыс 
істеуге болады; 

 
үшіншіден,  тақта  ретінде  жазуға,  сызуға,  ӛшіруге,  дайын  сызбаны  жасап  қоюға, 
жартылай  жауап  кезінде  қолдануға  т.с.с.  кӛптеген  іс-әрекеттерді  жасауда  уақытты  үнемді 
пайдалануға болады. 
География – XXI ғасыр ғылымы. Сондықтан да ол жаңа ақпараттық технологияларымен 
тығыз байланысты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінде негізгі  мақсат оқушыға жеке тұлға 
ретінде  қарап  оның  дамуына  кӛп  кӛңіл  бӛлуде.  Бұл  пәнді  оқыту  мұғалімге  зор  міндеттерді 
талап  етеді,  ӛйткені  ол  бүкіл  сыныптың  қажеттіліктеріне  жауап  беруі  тиіс.  Міне,  осы 
жағдайда жаңа технологиялардың кӛмегі зор. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында  
интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім 
беретін  мектептерінің  барлығы  дерлік  интерактивті  тақтамен  қамтамасыз  етілген. 
Интерактивті әдіс – диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса 
отырып,  мәселелерді  шешеді.  Интерактивті  тақта  мектеп  сыныптарында  әр  пән 
бойыншақолданылады.  Қарапайым  тақта  және  компьютер  проекторына  қарағанда, 
интерактивтік  тақта  сабақ  мазмұнын  кеңінен  ашуына  мүмкіншілігі  ӛте  зор.  Интерактивтік 
тақтаны  пайдалану  кезінде  үлкен  жетістікке  қол  жеткізу  үшін,  тек  қана  сауатты  сабақ 
жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек. 
Сабақта  мұғалім  интерактивтік  тақтаны  бір  емес  бірнеше  рет  пайдалана  алады, 
қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді.  
Интерактивті  тақта  оқытудың  басқа  тәсілдеріне  қарағанда  (салыстырғанда),  кӛптеген 
жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы ӛз сабағында интерактивтік тақтаны пайдаланатын 
мұғалімдер  ғана  айта  алады.  Мұғалім  әріптестерімен  бірге  отырып  сабаққа  дайындалу 
арқылы  жақсы  әсерге  қол  жеткізуге  болады,  бұл  тек  қана  міндеттерді  бӛліп  беру  мен 
уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады. 
Мұғалімдердің пайымдауынша интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын 
атқарады. Мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы 
белгілермен  ӛзгерістерді  сақтап  қалуға  болады,  бұны  сабақта  болмай  қалған  оқушыларға 
қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады. 
Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны пайдалану арқылы 
ӛзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді. 
Мультимедиялық  технологиялар  кӛбіне  компьютерлік  сыныптарда  қолданылады. 
Қазіргі  уакытта  сабақ  материалына  байланысты  кӛптеген  электрондық  оқулықтар  мен 
компакт-дискілер  бар.  Бүгінгі  таңда  ақпараттық  технологияның  ӛмірімізге  терең  енуіне 
байланысты  жеке  пән  сабақтарында  компьютерлік  техниканың  мүмкіндіктерін  толық 
пайдаланып, оқушыларға терең  де  тиянақты білім беруге жағдай жасалды.  
Компьютерлік  графикалық  материал  презентациялық  слайд  кӛмегімен  кӛрсетіледі. 
Microsoft  Power  Point  бағдарламасының  кӛмегімен  оқупроцесінде  презентациялар  мен 
слайдтар жасап кӛрсету, оқушылардың қызықты және дәлелді (мағыналы) болады, танымдық 
ойлауы мен есте сақтауын қалыптастырады. 
Оқушылар  география сабағында арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электрондық 
оқулықтарды пайдалану арқылы кез-келген тақырыпты ӛздері меңгереді.  Бұл оқушылардың 
пәнге  деген  қызығушылығын  арттыруға,  олардың  ой-танымын  кеңейтуге,  ӛз  бетінше 
шығармашылықпен,    ізденімпаздықпен  жұмыс  жасауына  кӛп  кӛмегін  тигізеді.  География 
пәні  бойынша  компьютерлік  тестілеуді  қолдану  оқушылардың  интеллектуалдық  танымын 
арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара ӛтеді. Бұл 
тестілердің  барлығы  география  бойынша  мемлекеттік  білім  стандарты  талаптарына  сәйкес 
келеді.  Ол  оқушылардың  интеллектін,  логикалық  ойлауын  және  шығармашылық 


жүктеу 2,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау