Мұғалім қандай әдісті пайдаланса да, мақсаты біреу –оқушының жас ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне
сәйкес білімді игерту жаңа тәсілдердің біреуіне мысал келтіре кетсем:
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөлін айшықтап көрсетіп берді. Мерсер мен Литлтон
(2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім
деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті [4].
Диалог сабақта оқушының білім деңгейінің дамуын сонымен қатар когнитивті үрдістерінің дамуына елеулі
үлес қосады.
Л.С.Выготский білім беру үрдісінде диалог құру нәтижесінде білім беру жеңілірек болмақ деген . Осыған
орай, диалог құру үшін сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыптастыру керек. [5].
Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін
айтады. Барнс білім берудің мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану
нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. [6].
Сабақ барсындағы диалогтік маңыздылығы сол: оқушылар еркін сөйлейді, өзіндік пікірін айтады, тұлға
ретінде қалыптасуына жағдай жасалады, ұшқыр ойлауы қалыптасады, оқушыны ізденімпаздыққа, дәлелді
сөйлеуге дағдыландырады. Сонымен қатар оқушыларды бірін-бірі тыңдауға, сыйластыққа үйретеді.
Мысалы, зерттеу барысындағы өткізілген сабақтарымның барысында диалогтік оқытуды көптеп
пайдаландым. Л.С.Выготский айтқандай, диалог арқылы білім алуда баланың когнитивті дамуы сонымен
қатар тұлға ретінде өзін-өзі көрсетуі байқалады.
Бүгінгі күнде оқытудың жаңа тәсілдері өте көп. Сондай әдіс-тәсілдердің бірі – сыныптағы диалогтың
маңыздылығы. Ең алғаш диалогты оқытудың маңыздылығы мәселесіне философтар мен педгогтар
қызығушылық білдірді.
Диалог идеясы [Сократ, М.Бубер, Х.Гадамер, А.Камю, Ж.П.Сартр, М.Хайдеггер];
Диалогты ізгілендіру бағыты [Платон, Я.А.Коменский, И.Г.Песталоци, Ж.Ж. Руссо, В.А.Дистервег,
К.Д.Ушинский];
Диалогтің мәдениеті [С.С.Аверинцева, Г.С.Батишева, М.М.Бахтин, В.Ф.Берков, В.С.Библер, П.С.Гуревич,
Д.С.Лихачев].
Әр сабақ барысымда мысалы, өзін-өзі тану пәнінен «Жалын атқан жүрекпен» атты тақырыпта «уақыт»
ұғымын ашу үшін Мерсер зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі
болып табылады және әңгімелесудің 3 түрі бар: әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. [7].
Осыған орай, «уақыт» ұғымын ашу үшін –зерттеушілік әнгімені қолдандым.
«Уақытыңды бағалай білесің бе?»
Тақырыбында зерттеу талдау жүргізу.
«Уақыт» ұғымының мәнін анықтау
Ұқсас ұғымдарды іріктеу
«Уақыт» ұғымына синоним ұғымдарды іріктеу
Қарсы ұғымдарды іріктеу
«Уақыт» ұғымына антоним ұғымдарды іріктеу,
Ұғымның адам өміріндегі мәнін анықтау
Бос уақытыңды қалай өткізесің?
Уақыттың адам өміріндегі мәні қандай?
«Уақытты өзіңе бағындыр» деген пікірмен келіссің бе?
Ұғымды өз ойыңмен тұжырымдау
Уақыт –бұл...
Қорытынды: Өз көңіл-күйіңіз туралы айтып беріңіз?
Оқушылардың «уақыт» ұғымының мәнін ашып, зерттеу
үшін зейіндерін шоғырландырылады. Оқушылар «уақыт»
ұғымының құндылықтарын зерттеу арқылы түсінеді.
Мұғалім бұл үрдісте ұйымдастырушы болады. Оқушы
болса, өзінің достары және құрдастары мен сұхбат
орнататын тұлға ретінде қалыптасады. Диалог барысында
әр бір оқушы сыни тұрғыдан ойлауға, өз ой пікірін ашық
айтуға, қарсыласының пікірін тыңдауға, өз-өзінен шешім қабылдауға, топпен жұмыс істеуге үйренеді.
Сонымен бірге, бұл әдісті пайдалану нәтижесінде оқушылардың интонациясы, мимикасы, жест ерекшеліктері –
психологиялық факторлары жоғары деңгейде дамиды. Жалпы алғанда, диалогтық оқыту заманауи әдістердің
бірі болып саналады. Сондықтан, бұл әдісті сабақта пайдалану арқылы мұғалім көптеген жетістіктерге жетуі
мүмкін. Диалогтік оқыту сабақ барысында мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы нәтижесінде дамып,
оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас ынтымақтастыққа ұласуына әсер етеді.
Сонымен қатар «Сенімділікке қадам» атты тренинг-сабағымда Мерсердің әңгімелесудің 3 түріннің ішіндегі
топтық әңгімені де қолдандым.
Өзін-өзі тану және психологиялық тұрғыдан тренинг –сабақ көлемінде диалогтік оқыту ауадай қажет, себебі,
оқушылар іс-тәжірибеде өзара сұқбаттасып, пікірлесіп, өз ойларын ашық түрде жеткізуіне мүмкіндік алды.
Оқушылар өзара сұқбаттасып, олардың айтқан ойлар менің көкейімнен шығып жатты. Өзім мұғалім ретінде де
оқушылардың пікірін тыңдай отыра, оларға қолдау көрсетіп, өзім үшін де біршама мәліметтер алдым.
Қорыта айтқанда: оқушы жауабы арқылы диалогтік оқыту әдісі нәтижесінде оқушы да, мұғалім де өз
тарапынан көптеп мәлімет алады. Бірақ, дәстүрлі оқытудағы кезеңдегідей тек мұғалім басқару жасамай,
оқушымен бірлесіп, серіктестік әңгіме орнату білім беру үрдісінде көптеген жетістікке әкеледі.
Оқушы өзіне деген сенімді түсіне отырып, өзін бағалауы жүзеге асады.
Мұғалімнің оқушымен қарым- қатынасы жағымды әсерде қалыптасады.
Оқушы мен оқушы қарым-қатынасы да жарасып, бір-бірінің білімін толықтырып, бірін-бірі оқытады.
Осыдан келе баланың оқу мотивациясы жоғарылап, «Оқушы үні» жобасындағы оқушының қалауы
қанағаттандырылып, мұғалім тарапынан да өзара түсінушілік туындайды деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
ГордонДрайден мен Джанет Вост. Мектептерде өмірге баулу. М.: Вита-Пресс, 1996. 66 бет.
Л.С. Выготский [Тілдік қарым-қатынас (коммуникация), бұның негізін тілдік іс-әрекет құрастырады].
Н.К.Қадіржанқызы [ «Білім берудің жаңа жүйесінде мектепішілік әдістемелік жұмыста мұғалімнің кәсіби
біліктілігін жетілдіру» ] Алматы.2011ж
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 38 бет
Мерсер және Литлон[Диалог және ойлауды дамыту. Әлеуметтік мәдени тәсіл] 2007ж.
Барнс.Д. [Сыныптағы тіл және білім беру] 27-38
Мерсер [Сөздер мен сана: бірлесіп ойлану үшін тілді қалай қолданамыз?]2000ж.
КОУЧИНГ СAБAҒЫ ТУPAЛЫ ЖAЗБAЛAP
Алматы қаласы. Ш. Уәлиханов атындағы
№12 мамандандырылған гимназия
Математика пәнінің мұғалімі Байтасова Л.С.
Коучинг тaқыpыбы: «Дарынды, талантты оқушыларды оқытуда
интербелсенді әдіс –тәсілдерді тиімді қолдануға ықпал ету»
1-бөлiм: Тaқыpыпты негiздеу
Коучингтің мақсаты әріптестерге сабақ үрдісінде интербелсенді әдіс-тәсілдерді
тиімді қолдана білуге үйрету. «Талант», «қабілет», «дарындылық» ұғымдарын түйінді тақырып ретінде ала
отырып, жоспарланған коучинг кезеңдерінде бірнеше әдіс-тәсілдерді әріптестерге ұсынып, бұл тәсілдердің
нақты анықтамасын, атауын бере отырып, практикада қолданылуын бақыладық.
Коучингке бақылаушы ретінде ұстаздар ұжымы толық қатысты, олардың арасынан кездейсоқ теру әдісімен 32
әріптес коучингтің жоспарланған кезеңдеріне тікелей қатысуға қамтылды.
2-бөлiм: Коучинг сaбaғының сипaттaмaсы және оқытуды бaғaлaу
Коучингтің ұйымдастыру сәтінде қатысушы 12 әріптеске суреттер жасырылған парақтар таратылды,
қатысушылар арасынан актерлық қабілеті бар 3 адам өз қолындағы суретті ыммен, мимикамен, дыбыссыз
жеткізіп, өз тобын құрды. Суреттерде көбелек, кенгуру, жылан бейнеленген. Топқа бөлудің бұл түрінің
мақсаты: қатысушылар арасынан актерлік қабілеттері бар қатысушыны анықтау.
Сабақтың «Қызығушылықты ояту» сатысына 3 топқа логикалық бағыттағы тапсырма берілді және
белгіленген уақытта әр топтың ұшқыр ойлы қатысушылары анықталды.
«Мағынаны тани білу» сатысына 3 топқа тапсырмалар беріліп, ол тапсырмаларды орындаудың әдіс-тәсілдерді
ұсынылды:
Тапсырма тақырыбы
Қолданылат
ын әдіс-тәсіл
Анықтама
І топ
Талантты және дарынды
оқушы
Кластер
Кластер- идеялар мен ақпараттардың арасындағы
байланысты анықтауға арналған жазба кестелер.
ІІ
топ
Талантты және дарынды
оқушымен жұмысты
ұйымдастырудың жобасы.
Топтық
зерттеу
Топтық зерттеу (бірлескен жұмыс/жоба) –
оқушылардың бірлесе отырып белгілі проблеманы
графикалық түрде шешу әдісі.
ІІІ
топ
«Дарындылық картасы»
дарынды балалрды
Тест
Бала қабілетінің дарындылық түрін анықтау және
қазіргі уақыттағы дарындылық дәрежесін білуге