Алғашқы
жаңасы
7
Күннің сол
жағынан
Түннің алғашқы
жартысында
Айдың
толуы
14-15
Түн ортасында
оңтүстіктен
Түні бойы
Айдың
соңғысы
жаңасы
29 1/2
Күннің оң
жағынан
Түннің екінші
жартынсында
Көкжиек жақтарын жергілікті заттардың белгілеріне
қарап анықтау
Жергілікті заттардан белгілеріне қарап анықтау жергілікті заттардың Күнге, желге, суыққа қатысты жағдайына
негізделген. Мысалы: Біздің жерде көктемде қар оңтүстік беткейлерден бастап ери бастайды. Жергілікті жердің желі жылы
болғанымен көбінесе оңтүстіктен соққан жел, жердегі өсіп тұрған қылта шөптердің солтүстік беттеріне біршама құмдар
үйіндісін алып келеді. Сонымен бірге суық жел бізде солтүстіктен соғады. Оның белгілері өсіп тұрған ағаштардың солтүстік
беттерінің жапырақтары сирек, шыбықтары оңтүстікке қарай иіліңкі және ағаш діңгегін кесіп көрсеңіз. Ағаш ішіндегі
сақиналар солтүстік бетке жақындау орнласқанын байқайсыз. Осыған байланысты жергілікті заттарға қарап көкжиектің
жақтарын ажыратуға болады. Тағыда сол сияқты таулы, аймақтарда мүктер жартастардың солтүстік жағынан кездеседі. Ал
орманды жерлерде құмырсқаның илеулері әр уақытта ағаштардың оңтүстік жағында болады. Құмырсқа илеуінің
оңтүстігінен, солтүстік беткейі тіктеу келеді. Сонымен бірге жергілікті жердің ағаш жемістері де оңтүстік беткейінен бастап
пісе бастайды.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
«Аспан сыры» Х.Әбішев. Алматы 1966ж.
2.
География және табиғат журналы. 2004 ж.
3.
Жаратылыстану. Алматы 2002ж.
4.
Бастауыш әскери дайындық. Алматы 2000ж.
* * * * *
ОҚО, Созақ ауданы, Ақсүмбе ауылы,
С. Қожанов атындағы жалпы орта
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Қуанышбаева Жәудір Дүйсенқызы
Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков. «Қонақтар»
Сабақтың мақсаты: оқушыларға жазушы Төлен Әбдіковтің өмірі,шығармалары жайлы түсінік беру, «Қонақтар»
әңгімесінің мазмұнымен таныстыра отырып,ата-ана мен бала қарым-қатынасы жайлы мағлұмат беру,оқушы сезімімен
ұштастыру.
Дамытушылық: әңгіме жайлы түсінігін кеңейтіп,пікір алмастыра білуге үйрену,өмірмен байланыстыра келе өзіндік ой
қорытындысын жасай білу,әсерін,пікірін білдіру.
Тәрбиелік: оқушыларды ата-ана алдындағы,туған жер,ел алдындағы парызын терең түсіне білуге баулу,адамгершілік
қасиеттерді бойына сіңіре білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,проблемалық оқыту,салыстыру,модельдеу.
111
Көрнекіліктер: ақын портреті,таблицалар,таратпа материалдар.
Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі. Ой шақыру
-
Өткен сабақта қай жазушының қандай шығармасымен танысып едік? (Қарауылбек Қазиев. «Менің шешем»)
-
Үйге қандай тапсырмалар берілген еді? (Мазмұндау,шығарма, «Ана» тақырыбында өлең шығару,үзіндіні жаттау.)
-
Әңгімеде қай жылдардағы Ана бейнесі суреттеледі? (Ұлы Отан соғысы жылдарындағы).
-
Ананың ауыр еңбегі,әкесіз бала тағдыры қалай суреттеледі?
Әр топтан оқушылар өз пікірлерін білдіреді,өлең,шығармасын оқиды.Сөзжұмбақ шешеді.
-
Өлеңнің басты идеясы неде? (Ана мен бала арасындағы қарым қатынас,ананың балаға,баланың анаға деген
шынайы махаббаты.)
2.
Жаңа сабақ. Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесін тақырыбымен,мақсатымен таныстырамын.Сабақтың ұраны
жазлған таблицаны ілемін.
1-оқушы оқиды,мазмұнын түсіндіреді.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да өткен сабағымызбен өзектес,үндес: ата-ана мен бала арасындағы қарым-
қатынас,бүгінгі күн проблемасы.
- Қазіргі кезде әңгіме жаңа проза жанрында қалам тербеп жүрген жазушылардан кімдерді білесіңдер?
- Шерхан Мұртаза,Сайын Мұратбеков,Қабдеш Жұмаділов,Дулат Исабеков,т.б.
- «Әңгіме» жанрының анықтамасын кім айтады? Эпикалық жанрдың түрлерін ата. (Адам өмірінің бір сәтін бейнелейтін
сюжеті бар шығарма)
- Роман-эпопея,роман,хикаят,әңгіме.
Тақтаға Төлен Әбдіков суретін іліп,өмірбаяны туралы мәлімет беремін.Жоспарды да іліп,әңгіме мазмұнымен қысқаша
таныстырамын.
Төлен Әбдіков шығармасының басты тақырыбы – адамгершілік,салт-дәстүр,ізгілік ...
«Қонақтар» әңгімесінің басты тақырыбы – адамгершілік,баланың ата-ана алдындағы мәңгілік перзенттік
парызы.Сапабек тәрізді қалада тұратын оқыған азаматтың ата-анасына салқын,жасанды қарым-қатынасы.
(дәптерге жоспарды жазып ілу)
1.Ерғабыл қарттың арманы
2.Ата-ана сағынышы,қонақтарды қарсы алу
3.Сапабектің әңгімесі
4.Қонақтарды шығарып салу
5.Ерғабылдың реніші
3. Кітаппен жұмыс. Сұрақтар бойыншы әр топтың оқушыларына тиісті абзацтарды тапқызып оқыту.Әр топқа өзіндік
тапсырмалар беру: таратпа материалдар.
4. Пысықтау. Мәтін бойынша тиісті сұрақтарға жауап алу.
Әңгіменің тақырыбы не жайлы?
Кейіпкерін ата.
Оларды қандай топтарға бөлуге болады?
Әңгімеде қандай оқиғалар сөз етіледі? (Ауыл өмірі,салт-дәстүрі,ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас суреттеледі).
5. Шағын дебат.
Сапабек-Ерғабыл-Тома-Жеңісбек
(жақтаушы топ) 1-топ. Ерғабыл – жағымды кейіпкер.
Дәлелде.
(даттаушы топ) 2-топ. Сапабек – жағымсыз кейіпкер.
Дәлелде.
3-топ. (жақтаушы).Сапабектің бойындағы жағмсыз қылықтарына ортасы,әйелі де кінәлі.Ерғабыл да жеткілікті бағыт бере
алмаған,санасына ұлттық дәстүрді,ата-ананы құрметтей білуге толық үйретпеген,тым мейірбан.
1-топ.Әйелі Томаның ықпалы,қаладағы ортаның ықпалы басым болған.
2-топ.Сапабек әлі де болса ауылға бейімделіп,ата-анасына қарайласады,қамқор болады деп ойлаймын.Өз қателігін
түсініп,Жеңісбекті ата-әжесінің тәрбиесіне бағыттайды деген сенімдемін.Туған ата-анасына,туған ауылына деген перзенттік
сезімі оянуға тиіс.Мен оған сенемін.
6. Топтардың өзіндік тапсырмаларын тексеру
7.Ерғабыл қарт,Сапабек бейнелеріне модуль жасау.Тақтада екі оқушы орындайды.
мейрімді
арманшыл төзімді
қажырлы еңбекқор
баласын жақсы ақылды
көреді
қуыс кеуде
саяз ойлы мақтаншақ
парызын өркөкірек
түсінбейді
салт-дәстүрді білмейді
112
Ерғабыл
қарт
Сапабек
Достарыңызбен бөлісу: |