Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



жүктеу 2,51 Mb.
Pdf просмотр
бет55/72
Дата07.01.2020
өлшемі2,51 Mb.
#26013
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72

деп атайды. Қырғыз, түрік тілдес халықтардың бәрі де оны Темірқазық дейді. Ал алматы маңындағы елдер осы Алтынқазық
(не жалғызқазық) дейді.
Барлық жұлдыздардың тәулік сайын қозғалатыны ал Темірқазықтың көрер көзге қозғалмайтыны халыққа ежелден белгілі
болып, ол арқылы адамдар жер тараптарын, дүниенің төрт бұрышын, айыра алатын болған. 
Өйткені Темірқазық аспанның солтүстік бөлігінде тұрады да, әрдайым солтүстікті көрсетіп меңзейді. Сондықтан халық
Темірқазық жұлдызы тұрған жақты (терістік) немесе солтүстік деп те атайды.
Жолаушылар  бұрын, қыс болсын, жаз болсын, ең адастырмайтын жұлдыз Темірқазық дейді. Темірқазық қыс та, жаз да
аумайды,  бір орнында  тұрады.  Жолнұсқа  жұлдыз  Темірқазықты басқа  жұлдыздар арасынан  оны қалай  табатынын айта
кетейін. Қазақ атаулы түгел білетін шоқ жұлдыздың бірі Жетіқарақшы (Большая Медведица). Жетіқарақшы бір тәулікте
Темірқазықты (дәлірек айтқанда дүние полюсін) бір айналады. Оның іңірдегі, түн ортасындағы , таң алдындағы орны жыл
мезгілдеріне   қарай   әр   қилы   келеді.   Жетіқарақшының   қозғалысын   жақсы   білетін   малды   елдер   мыңдаған   жылдар   бойы
онымен   түн   мезгілдерін   білдіретін   аспан   сағаты   есебінде   пайдаланып   келеді.   Бажырайған   жеті   жұлдыз   аспанды   бір
шолғанда-ақ өзінің ерекше түрімен, мен мұндамын, деп көзге түсе кетеді. Тек аспан ашық болса болғаны. Жетіқарақшы
шоқжұлдызының жеті жарық жұлдызын көреміз, олар шөмішке ұқсап орналасқан.
Жетіқарақшының «шөмішінің» шеткі екі жұлдызын ойша сызықпен қоссақ және осы сызықтың тағы осындай бес 
қашықтыққа ойша созсақ, жарқырап тұрған Темірқазық жұлдызына тілеріміз, ал кіші жетіқарақшы шоқжұлдызына кіреді 
және ардайым солтүстік бағытта болады. 
Күнге қарап бағдарлау
    Көкжиек жақтарын күнге қарап анықтағанда оның оңтүстікте берілген сағаттық белдеу үшін орта есеппен сағат 13 –те,
ал жазда сағат 14  –те болатынын және сағат тілінің бағытымен сағатына шамамен 15
о  
 қозғалатынын есте ұстау керек. Осы 
мәліметтер күннің қай уақытытында болсын Күнге қарап оңтүстік бағытты білуге мүмкіндік береді –бұл үшін оңтүстік 
бағыттан Күннің , неше градусқа жылжуға тиіс екенін не жылжығанын біліп, одан соң осы бұрышты жергілікті жерге салса 
жеткілікті. Айталық сағат ІІ. Демек күн оңтүстік нүктеге дейін 30 
о 
–қа жеткен жоқ. Бұл жағдайда бұрыш сағат тілінің 
бағытымен, яғни  оңға қарай салынады. 
  Егер бақылау уақыты 13 –тен көп болса, демек Күн оңтүстік нүктеден өтті деген сөз. Сондықтан бұрышты сағат тілінің 
жүрісіне қарсы, яғни солға қарай салу керек. Бұрышты қарапайым әдіспен, сағат арқылы салуға болады, бір сағаттық аралық
15
о 
–қа сәйкес келеді.
   Күн мен сағат бойынша көкжиектің тұсын анықтаудың тағы бір әдісі бар. Сағатты көлбеу қалыпта ұстап, сағаттың тілін 
Күнге бағыттап қою керек. (77 -сурет)
   Сағаттың кіші тілімен 1 цифорының арасындағы аралықты қақ бөлген сызықты шамамен оңтүстік бағытты көрсететін 
болады.
   Күн арқылы бағдарлау аса тиімді және кең таралған әдіс болғандықтан оқушыларға тереңірек үйретіп отырамын. Күн 
көздері жоғарыда аталған кезеңдерде көкжиектің қай тұстарында болатынын төмендегі кестемен танысып, іс жүзінде 
қолданып, бағыттарды ажыратады.
    Сағат 7 –де күн шығыстан көрінеді.
    Сағат 10 –да оңтістік - шығыстан көрінеді.
    Сағат 13 –те оңтүстіктен көрінеді.
    Сағат 16 –да оңтүстік –батыстан көрінеді.
     Сағат 19 –да батыстан көрінеді. 
Егер гномон арқылы бақыласақ , онда оның көлеңкесі күн көзіне қарама –қарсы бағытқа түседі. Жазғы және қысқы кү 
тоқырау кезеңдеріндегі көлеңке бағыттарының өзгеруі Күннің көкжиектен түсу бұрышына тәуелді екеніне толқталамын. 
 Оқушыларға  қай кезеңде де талтүстегі ең қысқа көлеңке солтүстікті көрсететінін айтып, жергілікті меридиан бағытын 
анықтатамын.
109


Толық және толық емес Ай бойынша бағдарлау
Айда көк жүзінде күн сияқты орта есеппен сағатына 15
0
 бұрыштық жылдапдықпен қозғалады. Көкжиек тұтастарын 
толық Ай бойынша анықтаған кезде күнге қарап анықтағандай секілді әдістерді қолдануға болады.
Жарықтың аздығын ескеріп бұрыштарды бақыланушыны бұрау арқылы көзбен мөлшерлеп салуға  болады. Түн ортасына 
дейін бұрылысты оңға қарай жасау керек, өйткені бұл уақытта Ай әлі оңтүстік  нүктесіне жетпейді, ал түн ортасынан асқан 
әр сағатқа 15

шамасында мөлшерлеу керек. Толық  Ай жерден айына бірнеше түн байқалады. Көбіне оның оң не сол жағы 
көрінеді. Мұның бәрі күннің жарығы айдың қай бөлігіне түсетініне байланысты. Көкжиек тұтастарын анықтаудың әдістері 
көп. Мысалы: Толық Ай бойынша көкжиек жақтарының бағытын біршама оңай анықтайды. Демек ең алдымен осы уақытта 
толық Ай болатындай бағытты тауып алу керек.
Бетіңізді айға қаратып тұрыңыз, оның жарық түспеген бөлігін байқаңыз да, осы бағытта бұрылыс жасаңыз. Қай жаққа 
бұрылу керек екенін есте сақтау үшін ай доғасын ойша толық шеңберге жеткізіп алсаңыз, ол өзінің  дөңестігімен 
бұрылыстың бағытын көрсететін болды. 
Егерде Айдың сол жартысын көріп тұрсыз. Онда оңға 90
0
 бұрылыс жасаңыз, сонда алдыңызда толық Айдың жобасы 
шығады.
Егер Ай дөңгелегінің  жартысынан азы көрініп тұрса, бұрылыс 90
0
 –тан кем болу керек.  Бұл әдісті дұрыс істеген 
болсаңыз. Ай бойынша оңтүстікті анықтап, бетіңізді сол бағытқа беріп тұрып, одан соң 180

–қа  бұрылыңыз. Сол кезде тура 
алдыңыздан Темірқазық жұлдызы тұрған болса, онда көкжиек жақтарын дұрыс тапқан боласыз.
Ай 
кезеңдері
Айдың 
көрінісі
Айдың қай бөлігін 
көруге болады
Ай 
кезеңдерінде 
нешінші тәулікте
болады. 
Айды қайдан 
көруге болады
Ай қашан көрінеді
Толық ай
  Көрінбейді
0
-
-
110


жүктеу 2,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау