Үй күтушісі: Бұл не болды балалар?
Балалар: Ол біздің досымыз Карлсон.
Үй күтушісі: Карлсон дедіңдерме! Қайда кетті өзі?
(Карлсон қайтадан келеді, қолында үлкен себет, іші толған гүл)
Үй күтушісі: (Ұялып қалады) Қойыңызшы бұл неғылғаңыңыз.
Карлсон: Бүгін мен мына Карлсон балалардың досы, барлық әлемдегі аналар мен әжелерді қыздарды 8-наурыз
мерекесімен құттықтаймын. Шын жүректен гүл сыйлаймын. Ал мына гүл сізге.
Үй күтушісі: (Алады) Рахмет саған Карлсон, рахмет сізге бүлдіршіндер.
Мен сендерді қатты жақсы көремін. Мерекені де жақсы көремін. Би билеп, ән салғанды да ұнатамын.
Би: «Көктем вальсі» (балалармен қосылып екеуі билейді.)
Үй күтушісі: Рахмет менің қыздарым!
Көңілімді көтердіңдер.
Жүргізуші: Мінекей жақсы болды ғой. Біздің қонағымыздың көңіліде көтерілді.
Карлсон: (Ой, деп қалтасынан орамалдар алып қағады.)
Үй күтушісі: Бұл неғылған шаң. Карлсон қайдан үстіңізді бүлдірдіңі?
Карлсон: Жаңа ғана сізге гүл жинап жүріп үстімді бүлдіріп алдым.
Жүргізушісі: Мұнаймаңыз Карлсон біздің балалар мамаларымен бірге қосылып сізге көмектесіп орамалдарды жуып
береді.
Ойын: «Кір жуу»
(2 бала, 2 ата-анадан 2 мәрте ойнатылады)
Карлсон: Рахмет сізге ата-аналар.
Жүргізуші: Міне біздің ата-аналар қандай тез шебер қимылдайды.
Үй күтушісі: Енді менде сіздерге сыйлық жасағым келіп тұр. Құрметті ата-аналар
қазір мен сіздерге балмұздақ жасап беремін.
Ойын: «Балмұздақ»
(2 бала, 2ата-ана,)
Жүргізуші: Қандай тамаша күн десеңізші. Біздің үй күтушіміздің қолынан көп өнер келеді екен.
1. Сыйланышы гүлімді,
Теріп алған даладан.
Меймыңыз бүгінгі
Құтты болсын анашым.
Жүргізуші: Сізге бүгін сый құрмет,
Жан анашым мейірім.
Қаласаңыз би билеп,
Ән де шырқап беремін.
Келесі кезекте аналарымызға бүгінгі мерекелік кешке дайындаған тосын сыйымыз бар, соңы тамашалау үшін экранға
назар аударайық.
(Слайдпен құттықтау, Ән: «Апам үшін» )
Жүргізуші: Асыға күтіп жүргенім,
Болар деп қашан мейрамың.
Суретін салдым гүлдердің,
Келеді соны сыйлағым. (Балалардың сыйлығын тарату.)
* * * * *
ОҚО Қаратау ауданы. Таскен тұрғын алабы
№103 жалпы орта мектебі Тарих пәнінің мұғалімі
Айткулова Маржан Мейіржановна
Сыныбы:5 «В»
Сабақтың тақырыбы: Қазақ билері
Сабақтың мақсаты: Мемлекет мәмігерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би өмірі, қызметі даналықтары туралы білімдерін
толықтыру. Би деген атауға түсінік бере отырып, қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет
атқарғанын дәріптеу.
Білімділік: Оқушыларға би , шешен сөздерін жан- жақты ауқымды түрде меңгерту;
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру, өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
Тәрбиелік: Жан – жақты дамыған жеке тұл,а тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Топтық жұмыс
Әдіс – тәсілдері: Баяндау, сұрақ – жауап , топтастыру, кестемен жұмыс, әңгіме әдістері;
Сабақтың көрнекілігі: Киіз үй, интерактивті тақта, көрме, буклет, оқулық, дәптер, билердің суреттері;
Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, ҚР Әнұраны, сабақты жоқ оқушыларды белгілеу, оқушыларды психологиялық
шағын икемдеу, сыныпты Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би үш топқа бөлу .
Психологиялық дайындық: үш топ бір – біріне тілек айту.
Үй тапсырмасы: Кесте толтыру
Кесте-1
«Қазақ» атауының мағынасы
Қазақ хандығының құрылған уақыты
Бостандық сүйгіш, енржүрек, еркін адамдар дегенді білдіреді.
ХV ғасырлардың 50-60 жылдар
64
Кесте-2
Қазақ хандары
Қазақ хандарының билік құрған уақыты
Алаша хан
Уыз хан
Тауке хан
Абылай хан
Б.з.б. ІV- III
Б.з.б. І мың.ж.- б.з.І мың ж
1680-1718 ж
1711-1781
Кесте-3
Қазақ хандығын құрушылар
Қазақ хан.дығының құрылған жері
Жәнібек пен Керей
Шу мен Талас өзендерінің бойы
Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары:
Қазақ хандығының жоғарғы билеушісі. (Хан)
Ханның мұрагерлерін қалай атаған? (Сұлтандар)
Жошы ханның қайтыс болған уақыты? (1227 ж)
Қасым ханның заңдар жинағы. (Қасым ханның қасқа жолы)
Қазақ хандығы қашан құрылды? (1466 ж)
Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр)
ІІІ. Жаңа сабақ: Бүгінгі сабақта мемлекеттің саяси өмірінде ел ішінде болып жатқан талас тартысқа әділ шешім беретін
қазақтың билері, қазақ мемлекетінің саяси өмірінде билердің орны өте жоғары болды. Бүгін сол ұлы билердің бір қатарына
тоқталып өтеміз.
Оқушылардың өзіндік жұмысы.
Төле би ауылы.
Төле би Әлібекұлы 1663-1756 жылдары қазіргі Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жайсан ауылында дүниеге келген.
Төле би- қазақ халқының қоғам қайраткері ,атақты шешені. Ұлы жүздің төбе биі. Жастайынан үздік оқып арабша ,
парысша , тарихи кітаптарды аңыз , хисса тарихтарын ел арасында тыңдап, өзінен бұрынғы өткен шешен билерімен хандар,
бабалары Жанту, Жарылқамыс билердің тапқыр, өнегелі нақыл , шешен сөздерін ойына түйіп өседі . 15-20 жасында билікке
араласып, әділдігімен шешенділігімен елге танылды . Орта жүздің аға биі Қазыбек және кіші жүздің аға биі Әйтекеменбірге
әз Тәукенің басты кеңесшісі болды. Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек батырлармен бірыңғай халық майданын құрып, азаттық
күресін басқарды. Өзі билік еткен Шымкент, Түркістан, ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне
араласқан. Ұлы жүздің биі Төленің сүйегі Түркістан қаласында қойылған.
Қазыбек би ауылы.
Қазыбек би Келдібекұлы 1667-1763 жылдары сырдария жағалауындағы ауылда туылып жастық шағын Қаратау мен Ұлы
тау атырабында өткен. Қазыбек 17- ші ғасырдың аяғы мен 18-ші ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген қазақтың
атақты биі. Орта жүзді билеген. Тәуке, Сеймике, Әбілмәмбет, Абылай хандардың тұсында мемлекет басқару ісіне белсене
араласып, қазақ хандықтарының ішкі және сыртқы саясатына ықпал жасап отырған. Жоңғар басқыншылығына қарсы Халық
күресін ұйымдастырушылардың бірі. «Тәуке заңдарының жинағын » жасауғу қатысқан. Ресей мен достық қарым-*
қатынаста болуды мақұлдап, Цинь империясымен тығыз байланыста болуға қарсылық білдірген. Қазыбек би ел арасында
Қаз дауысты Қазыбек атанып кетті. Қазыбек бидің сүйегі Ташкент қаласына қойылған.
Әйтеке би ауылы.
Әйтеке би (шын аты Айтық) Байбекұлы 1682-1766 жылдары туылған. Қазақтың атақты шешен биі Әйтеке Әбілхайыр
ханға дейін Кіші жүзді басқарған. Әйтеке би жас шағынан Төле би мен Қазыбек биден кіші бірақ өзінің даналығымен ел
билеп, өз замандастарына қалыспаған, ешкімнің атақ даңқына табынбаған оның даналық сөздері осы уақытқа дейін халық
аузында сақталған Тәуке хан дәуіріндегі қазақ хандығының аса көрнекті билерінің бірі ретінде жеті жарғыны шығаруға үлес
қосқан. Әйтеке бидің сүйегі Самарқан қаласына қойылған.
Сабақты бекіту.
1.
«Кім тапқыр?» ойыны
2.
Аты жаманның арманы кетер,
3.
Баласы жаманның дәрмені кетер. (Қазыбек би)
4.
Сөзің –асыл, қаз дауысты Қазыбек
5.
Ендігі сөздің кезегі өзіңде, Әйтеке би (Төле би)
6.
Атадан ұл туса игі
7.
Ата жолын қуса игі. (Төле би)
8.
Аты жаманның арманы кетер
9.
Баласы жаманның дәрмен кетер. (Қазыбек би)
10.
Би кім? Сұрағына жауап берейік:
V. Көрме саяхат: Кітаптарға шолу
VI. Үй тапсырмасы: 30. Сөз жұмбақ
65
Достарыңызбен бөлісу: |