Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



жүктеу 2,51 Mb.
Pdf просмотр
бет30/72
Дата07.01.2020
өлшемі2,51 Mb.
#26013
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72

-     Мына фигура қандай фигура?
Куб.
Кубтың неше өлшемі бар?
Үш өлшемі бар. Ұзындығы, ені, биіктігі.
                               -Енді, оқушылар, тақтаға қарай-
                                мыз. Тақтаға тік бұрышты пара-
                                ллелепипед тәріздес жәшік су-  
                                реті, өлшемдері 5 дм, 2 дм және      
                                1 дм.Оның   көлемін табу керек.        
Біздер көлемді     қандай өлшем бірлікпен өлшеуді білеміз?
- Куб сантиметрмен.
Сондықтан, жәшіктің өлшемдерін сантиметрмен өрнектеңдер: 5 дм = 50 см,  2 дм = 20 см,  1 дм = 10 см.
Демек, жәшіктің көлемі: 50∙20∙10 =10000 (см ³) 
Оқушылар, сантиметр өлшем бірлігінен де үлкен қандай өлшем бірлік бар?
Дециметр.
Тік бұрышты параллелепипед тәріздес жәшіктің көлеміне, өлшем бірлігіне қарай отырып көлемді куб сантиметрден басқа
қандай өлшем бірлігімен есептеу қолайлы деп ойлайсыңдар?
Дециметрмен.
Кейде  тік   бұрышты  параллелепипедтің  көлемін  куб    сантиметрмен     өлшеген  қолайлы  бола  бермейді.  Тік  бұрышты
параллелепипедтің  өлшемдері дециметрмен берілсе,көлемді куб дециметрмен(қысқаша дм
3
)  өлшеген қолайлы болады, яғни
5∙2∙1=10 (дм³)
4.   Оқулықпен жұмыс. 
а) Жаңа ұғымға байланысты жаттығу. № 3
-     Не туралы айтылған?
Аквариум.
Аквариум  не тәріздес?
Тік бұрышты параллелепипед.
Қандай өлшем бірліктері белгілі? Не белгілі?
Ұзындығы, биіктігі, ені.
Не белгісіз? 
Көлем.
Ұзындығы – 9 дм.
Ені – 4 дм.
Биіктігі – 6 дм.
Көлемі - ?
9∙4∙6  =216(дм ³)
ә) Танымдық жаттығу.  №4
Балалар, қазір қандай мезгіл?
Күз мезгілі.
Күз мезгілінің нешінші айы?
Үшінші, соңғы айы.
Ертеңгі күннің жадын айтындаршы?
1 – желтоқсан.
Қыс мезгілі.
Қыс мезгілі несімен көрікті, қызықты?
Қарымен.
Қыста қандай спорт ойындарын білесіңдер?
Хоккей, шаңғы т.б.
№4 «Шаңғылар жарысы» ойыны арқылы орындалады.
б) Қайталауға арналған жаттығулар.  
№5 (Әр түрлі тәсілмен шығару)
1 тәсіл:  (5+3) ∙ 7=8∙7=56                        
2-тәсіл:  5 ∙ 7 + 3 ∙ 7 = 35 + 21=56                                                                                                                           
№6  “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” ойыны арқылы орындалады. Карточка бойынша орындалады.
№8  Тест жүйесі бойынша орындалады.
5. Ой-түйіндеу. 
 Дұрыс жауапты таңдау тесті арқылы сұрақтарға жауап алып, сабақты қорытындылау.
. Көлемнің қандай өлшем бірлігімен таныстық?
а) дециметр;         ә) сантиметр;          б) метр
2.Кубтың немесе параллелепипедтің көлемін қандай амалмен табамыз?
а) бөлу;                 ә) көбейту;            б) азайту
3.Кубтың неше өлшем бірлігі болады?
а) екі;                     ә) үш;               б) бір
6. Үйге тапсырма. № 2,7 – тапсырмалар.   7.  Бағалау.
60


Молдыбаев Нұржан Дәженұлы
Физика пәні мұғалімі
№104    Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
ОҚО, Сарыағаш ауданы, С.Саттаров ауылы
Сабақтың тақырыбы: Люминесценттік шамдар.
 2.Сабақтың мақсаты:
 а) Оқыту: люминесценттік шамының құрлысы, қызметі, түрлерімен танысу. 
б) Дамыту: люминесценттік шамдары туралы түсінігін, ой-өрісін дамыту. 
в) Тәрбиелік: ұқыптылыққа, үнемділікке үйрету. 
3. Сабақтың түрі: Демонстрациялық.
 4. Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, ойын.
 5.Пән аралық байланыс физика «Қыздыру шамы», химия «Инертті газдар» (Ar, Ne т.б ) 
6. Сабақтың көрнекілігі: люминесценттік шамының құрлысы, қыздыру шамы плакат, қыздыру шамын ток көзіне қосу 
құрылғысы. 
7. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. 
2.Үй тапсырмасын сұрау. 
Мұғалім:оқушылар, өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілгенін кім айтады? Оқушы:өткен сабақта үйге берілген 
тапсырманың тақырыбы «Қыздыру шамы» 
Мұғалім:олай болса, үй тапсырмасын пысықтау мақсатында және сіздердің үй тапсырмасына дайындықтарыңды тексеру 
үшін, мына сұрақтарға жауап беріп көрелік.
 1-сұрақ: Жарық шамын кім ойлап тапқан? Жауабы: Орыс электротехнигі А.Н. Лодыгин.
 2-сұрақ: Қыздыру шамы дегеніміз не, оны қандай мақсаттарға қолданады? Жауабы: Қыздыру шамы жасанды жарық көзі
болып табылатын құрал,ол бөлмені жарықтандыру үшін қолданылады. 
3-сұрақ: Қыздыру шамындағы вольфрам қыл сымның балқу температурасы қанша градусқа тең? Жауабы: 3370 
Мұғалім:қыздыру шамын құрылғы арқылы айнымалы тоққа қосып көрсетеді. Енді осы қыздыру шамының құрылысы
неден тұрады екен (қыздыру шамының плакаттағы суреті ілінеді). Қыздыру шамының құрылысы: 1-вольфрам қыл сым; 2-
металл өткізгіш; 3- вольфрам қыл сымды дәнекерлеу шынысы; 4- ауаны айдап шығару түтігі; 5- қыздыру шамының мойыны;
6- түйіспе. 
8. Жаңа сабақты түсіндіру Мұғалім: оқушылар біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Люминесценттік шамдар».
Қыздыру шамдарынан кейін өмірге, осы люминесценттік шамдар енген. Люминесценция латынның «жарық» және «әлсіз
әсер білдіру»- деген мағынасынан шыққан. Люминесцеттік шам дегеніміз – жарық ағыны негізінен, ультракүлгін сәулесінің
әсерінен люминофордың жарқырауынан пайда болған газ разрядтық жарық көзі. Люминесценттік шам жарық беру үшін
қолданылады.   Оның   қыздыру   шамдарынан   артықшылығы   электр   энергиясына   үнемді   келеді,   яғни   тоқты   аз   жейді.
Сондықтан оны өндірісте, тұрмыста кеңінен қолдануға болады(т.б.) 
Ой сергіту жұмбақтары: 
Онсыз жерде жылу жоқ,тіршілікті көру жоқ. (Күн) 
Аспанда жарық және жылу берер күн бар, Бөлмеде жарық және жылу берер не бар? (Қыздыру шамы) 
Түнде көп, күндіз жоқ. (Жұлдыздар) 
Ия   оқушылар   біз   бұдан   табиғатта   жарық   пен   жылуды   күн   көзінен   алатын   болсақ,   тұрмыста   қыздыру  шамдарынан
алатынымызды білдік. Люминесцеттік шамдардың жұмыс істеу ұзақтығы қыздыру шамдарына қарағанда ұзақтау келеді.
Люминесценттік шамның кең тараған түрі сынапты шам, оның ішкі бетіне люминофор ағылған, әр түрлі формадағы шыны
түтік. Түтіктің екі ұшы арқылы оның ішіне спираль тәрізді электроттар енгізілген. Шамның жұмыс істеу мерзімін ұзарту
үшін,  түтік  ішіне  сынап тамшысы мен белгілі  бір мөлшерде инертті  газ енгіземіз(аргон - Ar,неон-Ne) Люминесценттік
шамды   айнымалы   ток   көзіне   қосқанда   сынап   атомдары   электр   өрісі   әсерінен   қозғалысқа   түсіп,   люминофор   қабырғаға
соғылып,   жарық   шығарады.   Шамның   жұмыс   істеу   мерзімі   10000   сағат.   (Люминесценттік   шамды   іске   қосу   сұлбасы
сызылады- ЛБ-80 екі шамын БЛ -2- 80 трансформатромен қосу сұлбасы). 
9.Жаңа сабақты бекіту сұрақтары. 
1.   Люминесценттік   шамның   қарапайым   шамдардан   айырмашылығы   неде?   Ж:   жұмыс   істеу  мерзімі   ұзақ   және   жақсы
жарықтандырады. 
2.Түтік ішіне қандай газдар енгізіледі? Ж: сынап, инертті газдар (аргон,неон). 
3.Түтіктің ұштары арқылы не енгізіледі? Ж: Спираль тәрізді электродтар. 
4.Шынының ішкі бетінде не болады? Ж: люминофор қабаты. 
5.Люминесценттік шамды не үшін қолданады? Ж: жарық беру үшін қолданады. 6.Дроссельдің қызметі қандай? Ж:шамдар
арқылы өтетін токты шектейді. 
8.Оқушылар білімін бағалау. 
9.Үй тапсырмасы.Оқулықтан «Люминесценттік шамдар» оқу.
* * * * *
                              
61


жүктеу 2,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау