Сонымен бата дегеніміз отбасына,ұл мен қызға , өсіп келе жатқан нәрестелерге, жол жүріп бара жатқан
адамдарға , жақсы жолға қадам басар алдында берілетін жақсы тілек деуге болады екен.
« Көп тілегі -көл»-деген осы батадан құралған сөз болса керек.
Үйге тапсырма:Бата жайында не білеміз? Ата-аналарыңның ойларын дәптерге жазып келу.
Бағалау :Балалар білімін алған асықтарының қалмауына байланысты бағалау.
* * * * *
Төлегенова Бибінұр Бейсенбекқызы
Биология пәні мұғалімі
№127 Т.Бердияров атындағы жалпы орта мектебі
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Ұшқын ауылы
Сабақтың тақырыбы: Қызыл кітапқа енген жануарлар
Сабақтың мақсаты:Қазақстанда жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарлар, құстарға
тоқталып, «Қызыл кітап» туралы түсінік беру;
Ә) Табиғатты қорғау мақсатында құрылған қорықтар, «Қызыл кітап» туралы түсініктерін
дамыту;
Б) Табиғатқа қамқорлықпен қарауға, оны аялауға тәрбиелеу; экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыда ойлау, топтық жұмыс
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:постер, бүктеме қағаздар, слайд
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1) Топқа бөлу
2) Миға шабуыл
3) Үй тапсырмасын тексеру, оқушылардың шығармашылық жұмысы реферат бүктеме қағазбен топ аттарын қорғау.
Жаңа сабақ Қызыл кітап жайлы мәлімет беру, қызықты мәліметтер, постермен жұмыс, бейнебақылау
Қорытынды4) Сәйкестігін тап5) Қорғауға алынбаған жануарлардың суретін тауып алып тастау, 3 топ қарсы топқа сұрақ
қою.
Топқа бөлу: Оқушыларды 3 топқа бөліп, ат беру 1топ Барсакелмес тобы 2топ Ақсу –жабағылы тобы, 3 топ
Наурызым тобы
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет.
ҚР лрезиденті Н.Ә. Назарбаев
Миға шабуыл сұрақтары: Кім жылдам?
1 Қазақстанда қанша қорық бар?
2 Қызыл кітаптың бірінші басылымы қашан басылып шықты?
3 Қызыл кітаптың 3 ші басылымы жануарлар оның бірінші бөлімінде омыртқалы жануарлардың қанша түрі тіркеледі ?
4 Қызыл кітаптың мақсаты мен қызметі қандай?
5 Барсакелмес қорығы қазақстанның қай аумағвнда орналасқан?
6 Қазақстанда қорықшалар саны қанша?
7 Жойылып бара жатқан сүтқоректілердің аттарын атаңыз?
8 Қосмекенділердің қандай түрлері қорғалуда?
9 Қызыл кітапқа енген құстарды атаңыз?
10 Қызыл кітаптың 2 ші 3 ші басылымдары қай жылы шықты?
Үй тапсырмасын сұрау
Шығармашылық жұмыс 3 топ өз топтарының аттарын,. бүктеме қағазбен, және реферат арқылы үй тапсырмасын
қорғап шығады. 1 топ Ақсу жабағылы қорығын түсіндіреді. 2 топ Барсакелмес қорығын айтады3 топ Наурызым қорығы
туралы мәлімет айтады.
Жаңа сабақ: Қызыл кітапқа енген жануарлар.
Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне
енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі
таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи
қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері
б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара
жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді
және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын
қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің
өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер
бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті
құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде
салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды.
Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу
кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта
толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп
58
соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл
әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың сирек кездесетін
және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізімі
«Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың түрлері мен түршелерінің тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы
21 тамыздағы № 1152 Қаулысы
СҮТҚОРЕКТІЛЕР
1. Жоңғар сальпинготусы 7. Тас сусары
2. Жалман 8. Шұбаркүзен
3. Роборовскийатжалманы 9. Түркістансілеусіні
4. Сары алақоржын 10. Қазақстанарқары
5. Қызылқасқыр 11. Алтай арқары
6. Сабаншы
ҚҰСТАР
1. Қызғылтбірқазан 18. Жекдуадақ 35. Жұртшы
2. Бұйрабірқазан 19. Тарғақ 36. Ақсұңқар
3. Жалбағай, қалбағай 20. Кішішалшықшықұс 37. Ителгі
4. Қарадегелек 21. Сүйіртұмсықтышалшықшықұс 38. Лашын
5. Қоқиқаз 22. Қарабасөгізшағала 39. Тұрымтай
6. Сұңқылдақаққу 23. Қарамойнақшағала 40. Үкі
7. Кішіаққу 24. Қарабауырбұлдырық
8. Қутұмсыққаз 25. Ұбақ, қолаңтөс
9. Қызылжемсаулықарашақа 26. Балықшытұйғын
10. Қаратұрпан 27. Жыланшықыран, бүркіт
11. Дөңтұмсықтұрпан 28. Бақалтаққыран
12. Ақбасүйрек 29. Дала қыраны
13. Алтай ұлары 30. Қарақұс
14. Ақтырна 31. Бүркіт
15. Ақбастырна 32. Ақиықсубүркіт
16. Дуадақ 33. Аққұйрықсубүркіт
17. Безгелдек 34. Сақалтай, қозықұмай
БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР
1. Шұбарбатбаткесіртке 4. Шұбаркесіртке
2. Зайсан батбаткесірткесі 5. Жолақтыәбжылан
3. Үлкенкөзкесіртке
ҚОС МЕКЕНДІЛЕР
1.Даната құрбақасы
БАЛЫҚТАР
1.Таймен 2. Сылан
Қорытынды:
Алматы мемлекеттік қорығы қызыл қасқыр
Қорғалжын қорығы барыс, түркістан сілеусіні
Наурызым қорығы шиетұмсық
Марқакөл қорығы аққұтан, ләйлек, мәрмәр
Ақсу –жабағылы қорығы аяқсыз кесіртке,шұбар жылан
Бетбақдала қорығы бүркіт, жорға торғай, косаяқ,
Үстірт қорығы қабылан, сусары,күзен, көксуыр
Батыс алтай қорығы 3 саусақты ергежейлі қосаяқ, ителгі
Барсакелсес қорығы балық түрлері, қарақұйрық
Қызыл кітапқа тіркелгелмеген жануарларды алып тастау суретке қарап.
Жаңа сабаққа байланысты 3 топ оқушылары бір – біріне 5 сұрақтан қояды.
Рефлексия жазу бүгінгі сабақтан не білдім, не білгім келеді, не білетін едім.
Үйге тапсырма: Қызыл кітапқа енген жануарлар
Оқушыларды бағалау:
* * * * *
Малдыбаева Гүлзипа Нышанқызы
Математика пәні мұғалімі
№104 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
ОҚО, Сарыағаш ауданы, С.Саттаров ауылы
Сабақтың тақырыбы: Көлемді бірліктері. Куб дициметр (дм ³)
Сабақтың мақсаты: Білімділік:
Параллелепипедтің көлемін есептей білуге үйрету.Куб дециметр өлшем бірлігімен
таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, көрнекілік, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі:геометриялық фигуралар,сызба нұсқа т.б.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру. (Ауызша)
Жаңа ұғым. Жаңа сабақ өткен сабақтағы материалдарды қайталаудан басталады. Көлемнің өлшем бірлігі – куб
дециметрдің қажеттігі әр түрлі мысалдармен негізделеді.
Балалар, қолымдағы қандай фигура?
Тік төртбұрыш.
Ал мынау қандай фигура?
Шаршы.
Осы фигуралардың неше өлшемі бар?
Екі өлшемі бар.
Қандай өлшем?
Ұзындығы, ені.
59
Достарыңызбен бөлісу: |