2.
Теңайнымалы қозғалыс кезінде жылдамдық қалай өзгереді?
3.
Үдеу деген қандай физикалық шама?
4.
Үдеу дегеніміз қандай физикалық шама?
5.
Үдеу қандай формуламен өрнектеледі және өлшем бірлігі қанадй?
6.
Үдемелі қозғалыстың баяулайтын қозғалыстан айырмашылығы неде?
7.
Үдеумен қозғалатын дененің жыламдығы нөлге тең бола ала ма?
8.
Үдеу нөлге тең болғанда қозғалыс қандай сипат алады?
9.
Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
формуласынан жылдамдықты табайық:
-бұл бастапқы жылдамдығы бар, үдеуі оң таңбалы, яғни жылдамдығы артып отыратын қозғалыс теңдеуі.
Қозғалыстың графигі
Енді бастапқы жылдамдығы нөлге тең, ал үдеу оң таңбалы болсын. Мұндай қозғалыс кезіндегі жылдамдық формуласы:
Қозғалыстың графигі
бастапқы жылдамдық нөлден өзгеше және таңбасы оң болсын. Бірақ үдеу теріс таңбалы, яғни жылдамдық кеміп отырады
делік. Мұндай қозғалыс жылдамдығы
Қозғалыстың графигі
Түзу сызықты қозғалыстағы орын ауыстыру векторының модулі жүрілген жолмен сәйкес келеді.
Қозғалыстың басталу мына шартқа сәйкес келеді: Осы кездегі жылдамдық графигі:
-теңүдемілі қозғалыс үшін. Ал теңбаяулайтын қозғалыс үшін Ал бастапқы жылдамдығы нөлге тең болғанда
Үдеу, жылдамдық және жүрілген жол графиктері:
Графиктерден бұл шамалардың бір-бірімен байланысты екенін көреміз.
51
ІV. Есептер шығару. 4- жаттығу. №5, №6, №7.
V. Қортындылау.
Сабақты қорытындылау мақсатында «Өз біліміңді тексер» атты сұрақтарға жауап берейік.
Теңүдемелі қозғалыс жылдамдығы графигінің бірқалыпты қозғалыс графигінен айырмашылығы неде?
Теңүдемелі қозғалыстағы дененің кез келген уақыт мезетіндегі жүрген жолын есептеп табу үшін нені білу керек?
Теңүдемелі қозғалыс жолының формуласын қорытып шығарыңдар.
Теңүдемелі қозғалыс жылдамдығы проекциясының графигі бойынша дененің орын ауыстыруы проекциясын қалай
табуға болады?
VІ. Сабақты бағалау.
Оқушылардың білімі бағаланып, есептерін тексеріп бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма:§5. 4- жаттығу. №1, №2, №3,№4.
VIII. Сабақты бекіту.
Сабақ аяқталды, Сау болыңыздар
* * * * *
Ертаева Айымкүл
Қызылорда облысы. Жаңақорған ауданы. Бірлік ауылы
№55 С.Қожанов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Қазақ тілі. 3 ә сынып
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш.
Сабақтың мақсаты: 1). Оқушылардың бастауыш туралы түсінік беру сөйлемдегі бастауышқа сұрақ қоя білуге үйрету.
2) Сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін
арттыру.
3) Оқушыларды елін, жерін сүюге, шығармашылығын шыңдай түсуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
1).Мазмұнына байланысты міндет: Тапсырмаларды орындау арқылы қимыл иесі болатын сөздерді тауып, оған сұрақ
қойып үйренеді.
2). Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Оқушылардың ой-өрісі артады, пікірлері алмасады.
3). Топтық міндет: Оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың типі: Білім мен іскерлікті игеру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс, ой қозғау, тест.
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, интербелсенді тақта, суреттер.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгелдеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Күнге қолдарыңда созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.
Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жәбереді. Жүрегімізді жылу мен махабатқа толтырады.
Барлығы:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
-Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
-Сұрақтарын ата.
20-жаттығу. Екі сөзден жасалған сөйлемдерді оқы.
Айдана әдемі жазды. Олар далаға шықты. Сиыр су ішті. Кезекші тақта сүртті. Сәуле доппен ойнады.
Әр сөйлемге сөздер қосу арқылы сөйлем мүшелерінің санын көбейтіп жаз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымызды сиқырлы шаршының көмегімен бастайық.
Тездет бірақ қателеспе!
Сұрақтары:
1.Жуан дауысты дыбыстар: (а,о,ұ,ы)
2. Жіңішке дауысты дыбыстар. (ә,ү,ө,і,е)
3. Қосмарлы дыбыстар. (я, ю, ë)
4.Үнді дауыссыз дыбыстар. (л,м,н,ң,р,й,у)
5. қатаң дауыссыз дыбыстар (к,қ,п,т,ч,х,ф,ц,с,ш,щ)
6. Ұяң дауыссыз дыбыстар (б,в,г,ғ,д,ж,з,һ)
7. Әріпті.... (көреміз, жазамыз)
8. Дыбысты .... (естиміз, айтамыз)
9. Дыбыс нешеге бөлінеді? (2-ге бөлінеді, даусты, дауыссыз дыбыстар)
10. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (2-ге бөлінеді, жуан, жіңішке)
11.Қанша әріппен таныстық? (42)
12 Сөз неден құралады? (дыбыстан)
13. Сөйлем неден құралады? (сөздерден)
14. Кітапхана сөзінде неше буын бар? (буын)
52
15. Көгершін сөзінде неше дыбыс бар? (8 дыбыс)
16.У қандай дыбыс? (кейде дауысты дыбыс, кейде дауыссыз дыбыс)
17. Дауысты дыбыстар саны (15)
18. Дауыссыз дыбыстар саны (25)
19.Орыс тілінен енген дыбыстар. (ц,ч,э,в,ф,ë)
20. Дыбыс емес тек әріп
Жеңішкертер көршісін,
Бұл қай әріп? (ь жеңішкелік белгісі)
-Балалар, міне біз осылай білімімізді жүйелеп, қайталап еске түсірдік.
«Суреттер сөйлейді». Түрлі суреттер көрсету арқылы олардың аттарын атап, сұрақтар қою.
Сыныпты 3 топқа бөлемін.
І топ. «Дарын» тобы.
22- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Жел соқты, бұлт қоюланды. Жаңбыр себеледі. Оқушы оқыды. Малшы бақты.
Қарамен жазылған сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой.
Бұл сөздер қимыл иесі болып тұрғанын байқа.
23-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, көшіріп жаз.
Мұғалім түсіндірді. Лақ маңырады. Мұз қатты. Күн шықты. Сәкен оқыды.
Қимыл иесі болатын сөздердің астын сыз. Оларға сұрақ қой.
ІІ топ. «Талант» тобы.
24-жаттығу.
Жұмбақтардың шешуін тауып, жатқа жаз.
Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды.
Әр сөйлемдегі бастауышты тап
25-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.
Төсегіне күн жатты,
Жердің бетін түн жапты.
Маужырады шың құздар,
Көзін ашты жұлдыздар.
Жылқы жусап далада,
Қой ұйықтады қорада. (Несіпбек Айтов)
Әр сөйлемдегі бастауышты тауып, астын сыз. Оларға сұрақ қой.
ІІІ топ. «Зейін» тобы.
26-жаттығу. Адасқан бастауыштарды өз орнына қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Арыстан ақырады. Түйе боздайды. Жылқы кісінейді. Сиыр мөңірейді.
27-жаттығу. Сұрақтарға бағанның оң жағындағы сөздерді пайдаланып жауап бер.
Жерді немен жыртады? Дәнсепкіш.
Дәнді немен себеді?
Комбайн
Егінді немен жинайды? Соқа.
Комбайн, соқа, дәнсепкіш сөздері бастауыш болатындай етіп сөйлем құрастыр.
Сергіту сәті.
Аспанға қарап, ай көрдік,
Төменге қарап, жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
Қимыл іс әрекет иесін білдіретіін сөзді бастауыш дейді. Бастауыштар кім? Кімдер? Не? Нелер? Кімі? Несі?
деген сұрақтарға жауап береді?
Мысалы: Жәния дайындалды. Боран соқты. Ауылдан әкесі келді.
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
Тест.
1.Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді ......
А) Сөз таптары дейміз.
Ә) Сөйлем мүшелері дейміз.
Б) Сөз дейміз
2. Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрағына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесі ....
А) мәтін.
Ә) бастауыш.
Б) Сөйлем
3. Бастауыштың сұрақтарын тап.
А) қандай? Қай?
Ә) Неше? Нешінші?
Б) кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімі? Несі?
4. Бастауыш деген не?
А) Заттың түрін, түсін білдіретін сөз
53
Достарыңызбен бөлісу: |