Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет46/73
Дата15.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#26636
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73

97
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
балалармен салыстырғанда (тиісінше, 22,3% және 
5,5%), мектеп директорлары мен оқытушылар 
тарапынан болатын зорлық-зомбылыққа үш есе 
жиі ұшырап (61,4%), бес есе жиі кемсітушілікке 
ұшыраған (26,8%). 
Түпкі қорытындысында, өзіне-өзі зиян келтірумен 
айналысқан және өзіне-өзі қол салуға бейімділігі 
болған балалардың (26,8%) сондай-ақ өзіне-өзі 
зиян келтірумен айналыспаған және өзіне-өзі қол 
салуға бейімділігі болмаған балалармен (1.9%) 
салыстырғанда, 14 рет жиі үйлерінен қашып кеткен.
Сұхбат жүргізілген 402 баланың арасында алты 
бала өз мектептерінде болған балалардың 
өздеріне-өздері қол салуы туралы айтып берді. Осы 
балалардың үшеуі, сондай-ақ осы өзіне-өзі қол салу 
жағдайларының мектептегі зорлық-зомбылықпен 
байланысты болғандығын хабарлады. Екі жағдайда 
да өзіне-өзі қол салған бала қорқытып ақша тартып 
алушылық құрбаны болған (мектептегі басқа бала-
лар өзін-өзі өлтірген баладан қорқытып ақша тар-
тып алып отырған); осылайша, балалар өзіне-өзі 
қол салудың қорқытып ақша тартып алумен байла-
нысты болғандығын айтып берді. 
«Менің қорқытып ақша тартып алғанына бай-
ланысты асылып қалған досым болды. Бірнеше 
күн бұрын мен жерлеуге қатыстым.» [377]
«Тағы бір жағдай екі жыл бұрын болды. Біреу 8 
немесе 9 сыныптың оқушысынан ақша талап ет-
кен. Ол ақша таба алмай, өз-өзіне қол салған. Ол 
асылып қалды.» [343]
Басқа жағдайда бір бала өзінің мектебіндегі қыздың 
мектептегі басқа балалардың тараптарынан болған 
қорлаудан (психологиялық зорлық-зомбылық) өз-
өзіне қол салғанын айтып берді, себебі ол өте кедей 
және өзінің анасымен ғана тұратын. 
«Мен оқыған басқа мектепте кедей отбасының 
бір қызын сыныптастарым мазақтап 
әжуалайтын. Оның анасы ғана бар еді және өте 
кедей тұрды, сондықтан сыныптастарым осы 
қызды қорлайтын. Олар көшеде оның алба-жұлба 
анасын көргеннен кейін, олар оны одан сайын 
қорлай бастады. Тіпті оның ең жақын құрбысы 
балалар жағына шығып кетіп, ол қызбен доста-
спай қойды. Бұл бір жарым жыл бұрын болатын. 
Мектепте бұл туралы барлығы білетін. Қыз 
қорлыққа шыдай алмай, өз үйінде асылып қалды. 
Балаларға ұрысып, осы қыздың анасының алдын-
да кешірім сұрауға мәжбүр етті». [109] 
Сауалнама толтырумен байланысты 
мәселелер
3.38-кесте. Сауалнама толтырумен байла-
нысты мәселелер
Іріктеме  
N = 4 207
n
%
Сауалнамадағы сұрақтарға 
әділ жауап беру қиын болды 
318
7,6%
Балаларға берілген соңғы сұрақтардың бірі 
сауалнамадағы сұрақтарға жауап берген 
кездерінде оларға толықтай әділ болу қиын 
болғандығын білу болды.
3.38-кестеде балалардың 7,6%-ының өздеріне 
адал болудың қиын болғанын атап айтқандары 
көрсетілген. Бұл нәтиженің, кемінде, сұралған 
балалардың 7,6%-ының үйден қашып кету, өзіне-
өзі зиян келтірумен айналысу және өзіне-өзі қол 
салушылық дағдысының пайда болуын қоса 
алғанда, мектептегі зорлық-зомбылықпен және 
кемсітушілікпен байланысты өздерінің тәжірибелері 
туралы толық айтпағандарымен түсіндірілуі мүмкін.   
Пайдаланылған дереккөздер тізімі
1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 
деректері
2. Никерсон, А.Б., Д. Меле және К.М. Осборн-Оливер 
(2010 жыл). Бала-ата-ана қарым-қатынасы және 
қорлаушылық. Ин Дмимерсон, Свеарер және 
Эспеладж (Эдс), Мектептердегі қорлаулармен 
байланысты мәселелер жөніндегі анықтамалық: 
халықаралық келешек (187-197 беттер). Нью-
Йорк: Рутледж баспасы.
3. Камодека, M. және Ф.А. Гуссенс (2005 жыл). 
Жүліктер мен құрбандардың содырлығы, 
әлеуметтік танымдары, ашу-ызалары және 
қапаланулары. Балалар психологиясы және пси-
хиатриясы журналы, 46, 2, 186-197 -беттер.
4. Либби Г.П. (2004 жыл). Оқушылардың мек-
тепке үйірлігін бағалау: үйірлігі, жақындығы, 
байланыстылығы және қатысушылығы. Мектеп 
гигиенасы журналы, 74, 7, 274-263 беттер.
5. Айзенберг, М.Е., Ноймарк-Штайнер Д. және 
Перри К.Л. (2003 жыл) қатарластар тара-
пынан болатын сұраншақтық, мектеппен 
байланыстылық және сабақ үлгерімі. Мектеп ги-
гиенасы журналы 73,8 311-316. 


98
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
4-ТАРАУ: 
МҰҒАЛІМДЕР МЕН 
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН 
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ 
МЕКТЕПТЕГІ ЗОРЛЫҚ-
ЗОМБЫЛЫҚПЕН БАЙЛА-
НЫСТЫ ТӘЖІРИБЕСІ


99
Б
 
ұл тарауда мемлекеттік мектеп оқытушылары мен 
мамандандырылған қызметкерлер құрамы өз 
беттерінше толтырған сұрау парақтарынан алынған 
мәліметтер мен қорытындылар ұсынылған. Тарауда 
сондай-ақ сауалнамаға қатысқан оқытушылар мен 
мамандандырылған қызметкерлер туралы демографиялық 
ақпарат берілген.  Ол сонымен қатар балалар арасында 
болатын зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің және 
осындай зорлық-зомбылыққа балалардың әрекетінің 
түрлі пішінінің ауқымын қоса алғандағы мұғалімдер мен 
мамандандырылған қызметкерлер құрамының балалар мен 
мектеп ортасын қабылдауы туралы деректерді қамтиды.  
Тарауда сонымен бірге мұғалімдер мен мамандандырылған 
қызметкерлер құрамы пайдаланатын тәртіпті қолдау әдістері 
және олардың мектепте тәптіпті қолдау мен балаларды 
бақылау үшін дене жарақатын қолдауы туралы ақпарат 
мазмұндалған. Ақырында, тарау мұғалімдердің мектептегі 
зорлық-зомбылықпен күрес саясаты саласындағы 
хабардарлығы туралы және балаларға қатысты зорлық-
зомбылық пен мектептегі зорлық-зомбылық бойынша 
 
өтілген тренингтер/оқулар туралы қорытындылардан 
тұрады.    
Осы тараудың мақсаты мектептің қызметкерлер құрамы 
мен саясатын анықтайтын тұлғалар мектептегі зорлық-
зомбылықты анықтау мен түсінуді жақсарту үшін және 
мектептегі зорлық-зомбылықты азайту бойынша бастамалар 
әзірлеу мен мектепті балалар үшін барынша қауіпсіз 
ететін бағдарламалар үшін пайдалана алатын деректер 
мен алынған нәтижелерді ұсыну болып табылады. Осы 
тарауда сипатталған деректер мен қорытындылар сондай-
ақ мектептің қызметкерлер құрамы үшін тренингтерді 
ақпараттық қамсыздандыруда көмектеседі, ол өз кезегінде 
мектептегі зорлық-зомбылықпен байланысты жағдаяттарды 
ерте анықтау мен араласуға септеспек.   


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау