57
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
және 35,6%) салыстырғанда барынша жоғары
екенін көрсетті.
Сондай-ақ, ата-анасына бауыр басу сезімі төмен
балалар үшін мектепте бопсалаудың (17,8%)
және жыныстық сипаттағы ишараларға (18,8%)
куә болу ықтималдылығы ата-анасына бау-
ыр басу сезімі жоғары балалармен (сәйкесінше
8,1% және 6,9% ) салыстырғанда анағұрлым
жоғары екенін көрсетті. Аталмыш қорытындылар
мектептегі күштеу мен кемсітушілікке куә болу
жайлары балалардың мектепке бауыр басу
сезімін төмендететінін көрсетеді.
Қорыта айтқанда, ашуға және физикалық
агрессияға тез бой алдыратын балалардың ба-
лалар арасында
психологиялық қысымның,
физикалық күш көрсетудің, бопсалаудың,
жыныстық сипаттағы ишаларалар мен
кемсітушіліктің куәгері болу ықтималдылығы
ашуға және физикалық агрессияға тез бой алдыр-
майтын балалармен салыстырғанда анағұрлым
жоғары екенін мәлімдейміз.
Мектептегі зорлық-зомбылық
пен кемсітушілік құрбандарына
сипаттама
Талдау сондай-ақ
былтырғы жылы болған
мектептегі зорлық пен кемсітушілікке қатысты
демографиялық ерекшеліктерді айқындау үшін
де өткізілген болатын. 3.15-кестеде жыныстық
белгілері бойынша үлкен айырмашылық болғаны
көрсетілген. Атап айтқанда, қыз балалар үшін
ер балалармен салыстырғанда, мектептегі
психологиялық зорлық (45,3%) пен кемсітушілік
(19,9%) құрбандары болу ықтималдығы
анағұрлым жоғары (тиісінше 36,6% және 11,9%).
Салыстыру үшін қыз балаларға қарағанда, ер ба-
лалар үшін (25,4%)
дене жарақатын алушылар
ықтималдығы әлдеқайда жоғары (17,6%).
3.15-кестеде сондай-ақ мектептегі зорлық
пен кемсітушілік жөніндегі балалар тәжірибесі
жағдайларында оқитын сыныптары бойынша
айтарлықтай кейбір ерекшеліктер көрсетілген.
Төменгі сыныптардағы балалар үшін (5-7-сынып-
тар) жоғары сыныптардағы балаларға (8-10-сы-
ныптар) қарағанда психологиялық зорлық-
зомбылық, дене жарақатын алушылар және
кемсітушілік құрбандары болу ықтималдығы
жоғары болған. Сұхбаттасу барысында алынған
деректер сондай-ақ балалардың төменгі сынып-
тарда жоғары сыныптардағы үлкен
балалардың
тарапынан жиі зорлық пен кемсітушілік
құрбандары болғанын көрсетті.
3.15-кестеде мектептегі зорлық пен кемсітушілік
жөніндегі балалар тәжірибесі жоспарында
қалалық және ауылдық мектептер арасындағы
шамалы айырмашылық көрсетілген; жалғыз ғана
елеулі ерекшелік дене жарақаты және жыныстық
сипаттағы ишаралар мен қысымшылықтарға
байланысты болған. Қала мектептеріндегі
балалардың ауыл
мектептеріндегі балалармен
салыстырғанда, дене жарақаты (22,7%) мен
жыныстық сипаттағы тіл тигізу (9,5%) құрбаны
болу ықтималдығы көп болған (тиісінше 19,9%
және 7,3%).
Талдау сондай-ақ баланың мектептегі зорлық-
зомбылық пен кемсітушілік құрбаны болуының
отбасындағы зорлық-зомбылықпен және ата-
анаға бауыр басуымен, мектепке бауыр ба-
суымен және ашу-ыза мен жеке содырлыққа
бейімділігімен қандай дәрежеде байланысты
екендігін анықтау үшін өткізілді. 3.15-кестеде от-
басында зорлық-зомбылықты басынан кешіретін
баланың психологиялық зорлық-зомбылық
(62,1%) және жеке басынушылық құрбаны
(40,6%) болу ықтималдығы
екі есе жоғары және
отбасында зорлық-зомбылық болмайтынын
хабарлаған балалармен салыстырғанда мектептегі
кемсітушілік (33,5%) құрбаны болу ықтималдығы
үш есеге дерлік жоғары екені көрсетілген (тиісінше
35,1%, 16,9% және 12,2%). Отбасында зорлық-
зомбылық көретін балаларда сондай-ақ от-
басында зорлық-зомбылық көрмейтін бала-
лармен салыстырғанда (5,8%) мектептердегі
жыныстық сипаттағы тіл тигізу (20,2%) құрбаны
болудың төрт есеге артық ықтималдығы болған.
Қорытындысында, өз отбасыларында зорлық-
зомбылық көретін балалардың отбасында зорлық-
зомбылық көрмейтін
балалармен салыстырғанда
мектептердегі қорқытып алу (4,5%) және кибер-
буллинг (6,0%) құрбандары болу ықтималдығы
әлдеқайда жоғарырақ болған (тиісінше 1,3% және
1,5%). Осы тұжырымдар сондай-ақ мектептердегі
жәбірлеу құрбандары болған балалардың от-
басы мүшелерінің жеке басынушылығынан зар-
дап шегетінін немесе мектепте жәбірленбеген
балаларға қарағанда жиі зорлық-зомбылық
куәгерлері болатынын анықтау үшін АҚШ-та
жүргізілген зерттеу деректері растайды; бұл
мектептегі қоқан-лоққы және оның шегінен тыс
58
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
болатын оқиғалар
арасында байланыс орнатуға
мүмкіндік береді (6). Бұл деректер кейбір балалар
үшін олардың үйлері және мектептің қауіпсіз жер
болып табылмайтынын көрсетеді.
Ата-анаға бауыр басуға келетін болсақ, 3.15-ке-
стеде ата-анаға бауыр басуы төмен балалардың
ата-аналарына бауыр басуы жоғары балалармен
салыстырғанда, мектептердегі психологиялық
зорлық-зомбылық (52,5%), жеке басынушылық
(32,1%) және кемсітушілік (24,3%) құрбандары
болу ықтималдығының әлдеқайда жоғары
екендігі көрсетілген (тиісінше 39,0%, 20,4% және
15,4%). Сондай-ақ ата-анаға бауыр басуы төмен
3.15-кесте. Балалардың демографиялық деректері және басқа көрсеткіштері бойынша
мектептегі балалар арасындағы зорлық пен кемсітушілік құрбаны (сауалнама жүргізу)
Іріктеме N=4207
Психологиялық
зорлық-
зомбылық
құрбаны
Дене
жарақаты-
ның құрбаны
Қорқытып
алушылық
құрбаны
Жыныстық
сипаттағы
ишаралар мен
қысымшылық
көрсету
Кибербул-
линг
құрбаны
Кемсітушілік
құрбаны
n
%
n
%
n
%
n
%
n
%
n
%
Жынысы
Қыз балалар
929
43,5% 377 17,6% 26 1,2% 185
8,7%
47
2,2% 424 19,9%
Ер балалар
755
36,6% 523 25,4% 55 2,7% 171
8,3%
52
2,5% 230 11,9%
Сыныбы
5-сынып
325
44,5% 200 27,3% 14 1,9%
69
9,4%
25
3,4% 136 19,4%
6-сынып
312
40,8% 199 26,1% 14 1,8%
56
7,3%
21
2,7% 146 19,5%
7-сынып
293
41,0% 157 22,0% 10 1,4%
55
7,7%
19
2,7% 113 16,5%
8-сынып
261
37,6% 137 19,7% 15 2,2%
67
9,6%
13
1,9% 103 15,3%
9-сынып
273
39,2% 123 17,6% 18 2,6%
60
8,6%
12
1,7%
85 12,6%
10-сынып
220
36,8%
84 14,0% 10 1,7%
49
8,2%
9
1,5%
71 12,3%
Қала/ауыл
Қала
929
40,7% 518 22,7% 38 1,7% 216
9,5%
59
2,6% 360 16,4%
Ауыл
755
39,4% 382 19,9% 43 2,2% 140
7,3%
40
2,1% 294 15,7%
Отбасындағы зорлық-зомбылық
Жоқ
1201
35,1% 578 16,9% 45 1,3% 199
5,8%
51
1,5% 405 12,2%
Иә
474
62,1% 310 40,6% 34 4,5% 154 20,2% 46
6,0% 244 33,5%
Ата-анаға бауыр басуы
Төмен
177
52,5% 109 32,1% 16 4,7%
56
16,5% 16
4,7%
80 24,3%
Жоғары
1501
39,0% 786 20,4% 65 1,7% 298
7,7%
81
2,1% 572 15,4%
Мектепке бауыр басуы
Төмен
103
60,9%
71 41,8% 13 7,6%
32
18,8% 15
8,8%
49 31,2%
Жоғары
1580
39,2% 828 20,6% 68 1,7% 324
8,0%
84
2,1% 605 15,5%
Ашу-ыза
Төмен
949
31,9% 465 15,6% 29 1,0% 139
4,7%
42
1,4% 318 11,0%
Жоғары
735
60,2% 435 35,6% 52 4,2% 217 17,7% 57
4,7% 336 28,8%
Физикалық агрессия
Төмен
1017
34,5% 473 16,0% 42 1,4% 170
5,8%
49
1,7% 389 13,5%
Жоғары
667
53,4% 427 34,1% 39 3,1% 186 14,9% 50
4,0% 265 22,5%