61
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
жасалған зорлық-зомбылыққа көңілдері
босағанын және жылағандарын айтты. Бір бала
былай деді: «Олар мені жылауға дейін апарды»
[79]. Екінші бала былай толықтырды: «Мен ашу-
ланып, долдандым және көңіл-күйім бұзылды. Мен
жыладым, сосын көңілсіз болды»
[201]. Бұдан өзге,
басқа екі баланың айтқаны:
«Мені тілдегенде өзімді қорланған, жәбірленген
және кем адам сезінемін; бұл жанымды жаралай-
ды, бірақ мен бұған мән бермеуге тырысамын».
[265]
«Мен өте қатты ренжідім әрі кейде үйде жылап
аламын. Ұят болды. Менің оны ұрғым келді, бірақ
ұрмадым. Мен одан қорықтым». [217]
Жәбірленген кейбір балалар оларды өздерін
қорлаған баладан (балалардан) өш алғылары
келгенін, соншама ашуланып және қапаланғанын
айтады. Алайда, көп жағдайларда жәбірленген
балалар өздерін ренжіткендерден өз күштерінің
немесе дене өлшемдерінің немесе оларды
ренжітушілермен салыстырғанда қабылдағыштық
күштерінің жетіспеушілігінен өш алмады. Кейбір
жәбірленуші балалар түсіндіргендей:
«Менің өш алғым келді, бірақ олай еткен жоқпын,
себебі ол маған ойына келгенін тағы да жасайтын
еді. Мен қатты ұялдым әрі ызаландым. Менің оны
ұрғым келді, бірақ оны ұрмаймын.». [392]
«Мен соншалық ашуландым және оны ұрғым
келді, бірақ ол менен ірі». [385]
«Мені “моңғол” немесе “қысық көз” деп атағанда,
маған ыңғайсыз. Менің өш алғым келді, бірақ мен
жай ғана жауап ретінде ұрыстым да қашып
кеттім. Ол жоғарғы сынып оқушысы, сондықтан
мен онымен төбелесе алмаймын». [213]
«Мен қатты ызаландым. Әрине, менің өш
қайтарғым келді; маған осыны жасаған ұлдың
өзі сондайды сезінуі тиіс. Егер мен солай жасай
алсам, оны өзім немесе достарыммен бірге ұрып-
соғамын. Мен қатты ызаландым, ал 2–3 күн
қаһарыма міндім». [357]
«Менің бойымды ашу-ыза билеп, қаһар қысты. ,
Оның да мен сияқты жан ауруын сезінуі үшін тән
жарақатын салғым келді». [294]
«Маған ешкім де көмектесе алмайтындай
қорқынышты әрі қынжылушылық болды. Мен
қарымта соққы бере алмағандықтан, өзіме ашу-
ландым. Иә, әрине, өш алғым келеді». [353]
Көптеген балалар ашу-ыза сезімінен гөрі сондай-
ақ қорқыныш пен жалтақтық туралы айтты.
Бір бала былай деді: «Мен ашулы әрі үрейлі бол-
дым» [375].
Екінші бала былай мәлімдеді: «Мен
қорықтым және олардың мені ұрып-соғатыны
зәремді ұшырды»
[342]. Жәбірленген балалар
үшін қорқыныш өте шынайы. Мектепте көрген
озбырлықтары оларды өздерін ренжіткендерден
қорқуға және өздерін әлсіз сезінуге мәжбүр
етеді. Кейбір жәбір көрген балалар өздерінің
сондай-ақ қорғайтын достары болмағандықтан
қорыққандарын, ал басқа балалар өздерінің сы-
ныптастары оларды ренжітушілердің өздері және
өздеріне істегендері туралы айтып қойғаны үшін
жақсы көрмейді деп қорыққандарын айтып берді.
«Бұл өте қынжылатын әрі жексұрын көрініс еді.
Мен басқа қыздар менімен ендігәрі достаспайтын
болады деп қорықтым. Мен тіпті жыладым. Мен
бұдан да жаман болады деп қорықтым». [328]
«Мен қорықтым, басқа балалардың алдында ұят
болды». [351]
«Әрине, маған қорқынышты. Менің ондай до-
старым жоқ әрі маған ешкім болыспады. Әрине,
менің өш алғым келеді, бірақ қалай? Маған бұдан
да жаман болады ғой». [115]
Мектепте жыныстық сипатта пікір білдіру
мен қысымшылық көрген қыз балалар өздерінің
жыныстық виктимизациямен байланысты ұят
пен масқаралық сезімдері туралы айтты.
«Ер балалар мені ұстағанда және түрткен кез-
де, мен ұяламын және өзімді ыңғайсыз сезінемін».
[94]
«Мені егер ер балалар қолдарымен ұстаса, мен
қатты ұялатын едім… Олар маған жанасқан
кезде ұялғанымнан менің жаным ауыратын еді.
Маған ыңғайсыз болатын, ұялдым әрі өкпелі едім.
Мен олардан өш алатындай соншалық күшті
емеспін». [92]
«Ұят, қорлық және былғаныш – жан түршігерлік
сезімдер». [81]
62
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Кейбір жәбірленген балалар қатты қорыққандықтан
тіпті мектепке барғылары келмегендіктерін айтты
және кей балалар тіпті өздеріне зорлық жасағандар
оларды тыныш қалдыру үшін топтарға кіру не-
месе қарақшылық топтарға қосылу мүмкіндігін
қарастырғандарын айтып берді.
«Мен өзімді жаман сезіндім, сондықтан мектеп-
ке барғым келмеді. Мен қандай да бір қарақшылық
топқа кіру туралы ойланамын, олар сонда маған
тиісе алмайды». [321]
Басқа балалар басқа мектепке ауысу туралы не-
месе оларды ренжіткендердің басқа мектеп-
ке ауысқандарын қалайтындықтарын айтты.
Балалардың бірі былай айтты: «Мен жай ғана
оның басқа мектепке ауысқанын қаладым және оны
бұдан былай көргім келмеді». [370]
Жалпы, жәбірленген балалар мектептегі
зорлықтың өздерінің мектепте қауіпсіз болу
сезіміне әсер ететінін айтты. Олар зорлық пен
виктимизацияның болмағанын қалайды, өздерін
зорлық-зомбылықтан “зардап шеккен” ретінде
сезінеді және өздерінің қайталанатын зорлықты
тоқтатар тәсілдері жоқ екенін сезінеді. Бір бала
былай деді: «Мен қатты қорықтым және жай ғана
бұның біткенін қаладым» [325].
Денені зақымдау
Жәбірленген балалардың 9,0%-ына дейінгілері
теріс эмоционалдық көңіл-күй әсерінен
басқа, өздерінің дене жарақатын алғанын
және мектептегі зорлық-зомбылық куәгерлері
зорлық-зомбылық құрбандарының 13,0%-ы
дене жарақаттарын алғанын айтты. Мектепте
зорлық-зомбылықтың куәгерлері болған ба-
лалар және золық-зомбылықтың құрбаны
болған балалардың өздері мектептегі зорлық-
зомбылық салдарынан алған дене жарақаттары
туралы әңгімелеп берді. Кейде дене жарақаттары
жеңіл-желпі болған (мысалы, тырнау, көгеру,
көз астының көгеруі және мұрыннан қан кету),
бірақ көп жағдайларда балалар барынша ауыр
дене жарақаттарын алған (мысалы, бастың
зақымдануы және сүйектердің сынуы).
Төменде берілген үзінділерде балалар тырнақтың
ізі, дененің көгеруі, көздің көгеруі, мұрыннан
қан кетуді қоса алғанда, мектептегі зорлық-
зомбылықпен байланысты елеусіз жарақаттар ту-
ралы айтады.
«Олардың кейде мұрындарынан қан кетеді және
көздерінің асты көгеріп тұрады». [358]
«Төбелестен кейін менің досымның бетінде
тырнақтың ізі қалды және менің де көзімнің
асты көгерді». [233]
«Иә, біз кейде көз көгергенше төбелесеміз». [212]
«Олар оның бетін тырнап, шашын жұлған». [200]
«Оның аяғының бәрі тырналған, киімдері бүлінген
және денесі сыздап тұрды». [356]
«Оның ернін жарақаттады және одан қан ағып
тұрды». [199]
«Келесі күні олардың мектепте көздері көгеріп
жүрді». [122]
«Мен тіземді жарақаттадым». [337]
Ұрып-соғып зорлық-зомбылық көрсету
мен елеусіз дене жарақаттары жәбірленуші
балалардың жанын ауыртатын және кей
жағдайларда оның ұят, масқара болып табылаты-
нын түсіну маңызды. Бір бала былай түсіндіреді:
«Олар кейде менің қолымды немесе мойнымды
ауыртып, бүріп ұстап алған кезде кейде осы жер-
лер көгеріп кетеді» [90]. Көптеген жағдайларда
балалар шыдамдылық танытатын жан жарасы
мен жарақаттар виктимизацияға байланысты
эмоционалдық жан жарасымен үйлеседі. Бір бала
айтқандай: «Кейде менің денем көгеріп,, қатты
ауырады» [353]. Екінші бала былай толықтырады:
«Әрине, бұл жанға батады; менің бүкіл денем ау-
ырады және көгеріп кеткен». [180]
Мектептегі зорлық-зомбылықпен байланысты
дене жарақаттары туралы айтқан балалардың
көбісі зәбір көрген балалардың қатты қан кету,
сүйектердің сынуы және бастың соққы алуы
сияқты бұдан да ауыр жарақаттар алғанын – дене
жарақаттарын алғаны туралы айтты. Бір бала бы-
лай түсіндіреді: «Ол сол жерде қан-қан болып
және денесі түгел көгеріп жатты» [379]. Көптеген
жағдайларда осы барынша ауыр жарақаттар
медицинаның араласуын қажет етті және кей-
де мектептегі зорлық-зомбылыққа ұшыраған
балалардың мектепке келуі үшін рұқсат алуы-
на еріксіз әкелді. Төмендегі үзінділерде балалар
мұрындары бұзылып, қолдары сынған және қатты
Достарыңызбен бөлісу: |