Сабақтың жүргізілу барысы
Айтылымға дайындық
1-тапсырма. Суретпен байланыстыра отырып, сұрақтарға жауап бер.
1. Көгершінді бейбітшіліктің символы деп атайды, ал достықтың символы деп қай
құсты айтуға болады? Неліктен?
2. Достық пен татулық сөздері тек бейбіт өмірде ғана маңызды ма, әлде жаугершілік
заманда маңызды ма? Жаугершілік заманда достықтың маңыздылығына қандай
дәлел келтірер едің?
3. Адам өмірінде адал достықтың іргетасы қай кезден қалануы мүмкін?
2-тапсырма. Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған Жолдауынан берілген үзінді
бойынша постер жаса. Үзіндіде берілген ойдың мағынасын түсіндір, өз пікіріңді дәлелде.
1-жұп.
«Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» деген атам қазақ. Бұл – тарих заңы.
Бұл пікірмен келісесіз бе, келіспейсіз бе?
2-жұп.
Елбасының: «Бірлік, татулық, достық, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең
алдымен, өзімізге, қазақ халқына, қажет», - деген пікірін қолдайсыз ба, әлде қолдамайсыз
ба?
3-жұп.
«Қазақты еш уақытта сырттан жау алған емес, қазақ әлсіресе, алауыздықтан
әлсіреген, күшейсе бірлікпен күшейген. Үйдің берекесі отбасындағы сыйластық пен
татулықпен келеді. Мемлекет те солай», - деген пікірмен келісесіз бе, келіспейсіз бе?
3-тапсырма. Берілген сұрақты жұбыңмен талқыла. Берілген сызбаға қарап, талдау жасап,
талдауды ауызша орында.
Көпұлтты мемлекетке айналған Қазақстанның мықты, әлсіз, қауіпті жақтары
мен мүмкіндігі қандай?
•мүмкіндігі
•қауіпті
•әлсіз
•мықты
Көпұлтты
Қазақстан
Көпұлтты
Қазақстан
Көпұлтты
Қазақстан
Көпұлтты
Қазақстан
А
4.3. Достық пен татулық - таптырмас бақыт
Т.Айбергенов «Бір тойым бар»
Оқу мақсаттары
8.О6. Тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген
мәселелерді салыстыра отырып, баға беру.
8.А3. Ауызша мәтіндер құрауда сөз ішіндегі және сөз
аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал
заңдылықтарын ескеріп айту.
Сабақ мақсаттары
Мәтіндегі өзекті мәселелерді анықтайды, салыстырады, баға
береді.
Тақырып
бойынша
ауызша
мәтін
құрайды,
ықпал
заңдылықтарын ескеріп айтады.
Сабақтың тақырыбы
Достық пен татулық – таптырмас бақыт
Құндылықтарды
дарыту
Патриотизм. Адалдық.
Пәнаралық байланыс
Тарих
АКТ қолдану
дағдылары
Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан
тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып,
интербелсенді тақтаны қолданады.
Бастапқы білім
Татулық пен достық – баға жетпес құндылық
Тірек сөздер
көпұлтты, қатынас, бауырмал, жаны ашу, түсіністік, жолдас,
тұрақтылық, дархан, ұлтаралық келісім, нығайту, ортақ мүдде.
Қажетті ресурстар
А4 парағы, маркер, фотосуреттер
Сабақтың жүргізілу барысы
Мәтіналды жаттығуы
1-тапсырма. Берілген суреттерге қарай отырып, «Достық пен татулық –
таптырмас бақыт» тақырыбында сөздер тізбегін жаса.
Бағалау критерийі
Дескриптор
Тақырып
бойынша
өзіндік пікірлер айтады,
сенімді дәлел келтіреді,
сұрақтарға еркін жауап
береді.
суреттердегі ойды анықтайды;
сұрақтарға жауап береді;
таныс емес сөздермен жұмыс жүргізеді;
өз пікірлерін сенімді дәлелдейді;
сұрақ аясында ауызша талдау жасайды;
Қазақстанның мықты жақтарын анықтайды;
Қазақстанның әлсіз жақтарына дәлел келтіреді;
қауіпті жақтарына мысал келтіреді;
Қазақстанның мүмкіндіктеріне сенімді дәлел келтіреді.
О
Мәтінмен жұмыс кезеңі
2-тапсырма. Мәтіндерді мұқият оқы. Мәтіндердегі өзекті мәселені анықта. Мәтіндерде
көтерілген мәселелерді салыстыр.
Мәтіндер
Көтерілген мәселе
Автор ойын бағалау
1-мәтін
2-мәтін
1-мәтін
Ұлтаралық қатынас мәдениеті белгілі бір қоғамдағы әртүрлі ұлт өкілдері
арасындағы қатынастың барлық түрлерінен, еңбекте, күнделікті тұрмыста, көпшілік
байланыста көрінеді. Әрбір ұлт өкілі басқа ұлт өкілінің жан тазалығын немесе
жамандығын, басқа ұлт өкілдеріне көзқарасын басқалармен салыстыра отырып бағалайды.
Басқа ұлт өкілдері бойындағы адамдық жағымды қасиеттерді өз бойына дарытуға,
олардағы өмірлік тәжірибе мен шаруашылық жүргізудің озық үлгілерін меңгеруге
ұмтылады. Ұлттар мен ұлыстар арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын жалпы
мемлекеттік этникалық мінез-құлық нормасы – әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы
күнделікті аралас-құралас өмірдегі татулық, адал достық қатынас, өзара түсіністік пен
сыйластық, жоғары мінез-құлық мәдениеті мен адамгершілік бір-бірінің ұлттық
мақтаныштарына, тұрмыс салтына, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүріне, мүдделеріне және
талғамдарына құрмет, көңіл күйлеріне қаяу түсірмеуге ұмтылушылық болып табылады.
https://moluch.ru/archive/141/39711/
2-мәтін
Қазақ елінің бағына қарай, қиын-қыстау кезеңдерде мемлекетіміздің тізгінін ұстап
отырған Нұрсұлтан Назарбаев елдің ең басты жетістігі оның ішкі тұрақтылығында екенін
бек түсінген азамат болды.
Ол жас мемлекеттің экономикалық өрлеуі де, саяси тұрақтылығы да,
демократиялық дамуы да бұл елді мекен еткен түрлі ұлттар мен ұлыстардың өзара
сыйластығына, түсіністігі мен татулығына барып тірелетінін әу бастан жақсы түсінді.
Елбасының жетекшілігімен жүзеге асырылған мемлекеттің ұлттық саясаты әр ұлттың
этникалық жаңғыруын, өз тілдері мен салт-дәстүрлерін қалағандарынша берік ұстану
арқылы өздерін толыққанды ұлт ретінде, әрі осы елдің тең құқылы азаматы ретінде
сезінуін тірек етіп алды. Республиканың ішкі саясатында ұлтаралық келісім мәселесі,
өркениетті түрде өзара келісімге келуі айрықша маңызды орынға ие болды. Осының
арқасында 130-дан астам ұлт пен 46 діннің өкілдері «Қазақстан — ортақ отанымыз, ортақ
үйіміз» деген құндылықтың төңірегіне топтаса білді.
Қазақстан секілді көпұлтты мемлекетте ұлтаралық келісімді нығайту жүргізіліп
жатқан реформалардың жемісті болуы мен тұрақты дамуының ең басты шарттарының бірі
болғаны анық.
https://moluch.ru/archive/141/39711/
Мәтіннен кейінгі жұмыс кезеңі
3-тапсырма. Берілген тұжырымдардың бірін таңда. Осы тұжырымның аясында мысал
келтіре отырып, өзіндік пікіріңді білдір. Екпін заңдылықтарын сақта.
1. Ұлтаралық тұрақтылық, татулық және келісім – Қазақстанның гүлденіп,
өркендеуінің кепілі.
2. Көппен қарым-қатынаста болу – береке, бірліктің, татулықтың ізгі бастауы.
3. Татулық пен достық – алынбайтын қамал, бұзылмайтын қорған.
4. Көпұлтты мемлекет үшін татулық пен достық өте маңызды.
5. Достық пен татулық, тұрақтылық пен рухани келісім бар жерде береке де
бар.
А
Достарыңызбен бөлісу: |