90
2
Оқиғаның
байланысы
Азулы американдық
Дэннимен
боксқа шығуы,
психологиялық
майдан
Баяндау,
диалог
3
Оқиғаның дамуы
Көрермендердің,
Роберттің Ривераны
қабылдамауы
Баяндау,
суреттеу,
диалог.
4
Оқиғаның
шиеленісуі
Дэннидің соққысы,
әлсіреген Ривера
Суреттеу.
5
Оқиғаның
шарықтау шегі
Майкл Келлидің сөзі,
қайтадан күш алуы
Баяндау,
суреттеу,
диалог.
6
Оқиғаның шешімі
Он жетінші раундтағы
Ривераның ерлігі,
жеңіске жетуі, елге
деген сүйіспеншілік,
құрмет
Баяндау,
диалог.
Семантикалық карта
Кейіпкер сөзі
Ривера
Дэнни
Роб
ер
т
К
елли
Спайдер Х
онер
ти
Қазір сенің кеудеңнен
жаныңды суырып
аламын .
+
Жасқанба, Ривера,
ол сені өлтірмейді
+
Мен көп ақша
ұтқызамын... бала
сені тыңдайды ғой бір
амалын жаса
+
Бәрібір ұтыласың,
төреші саған жеңісті
бермейді. Одан да
Келлидің ақылын ал,
құла да тұрма!
+
91
Шайтан алғыр,
мына қалжыңыңды
доғар! Жеңіл, Ривера,
болашағың үшін мені
тыңда! Бүгін сен
жеңілуге тиістісің!
+
ІІІ. Толғаныс. «Ішке-сыртқа» стратегиясы. (Екі
бағанды толтыру, жағымды қасиеттерді қабылдау,
жағымсыз қасиеттерді шығарып тастау).
Ішке
Сыртқа
Ривераның төзімділігі
Дэннидің үстемдігі
Электронды тестіні орындату:
1. Джек Лондон қай елдің жазушысы?
А) Ресей; Ә)Англия; Б) Франция; В) Америка.
2. Дэнни Уорд не үшін айқасады?
А) Елі үшін; Ә) Ақша үшін;
Б) Мексика елінің азаттығы үшін;
В) Жауаптардың бірі де дұрыс емес.
3. Адамдардың мүрдесі қайда жөнелтілді?
А) Тынық мұхитына; Ә) Гуадалпе;
Б) Веракруске; В) Ревилья-Хихедо.
4. «Мексикалықтың соққысы неткен күшті?». Кімнің
сөзі? А) Дэнни; Ә) Келли; Б) Роберт; В) Спайдер Хочерти.
5. Аппақ терісі жып-жылтыр, ширақтық пен серпінділік,
күш-қайрат тұла бойына сыймай тұрғандай. Бұл кімнің
портреті? А) Ривера; Ә) Роберт; Б) Келли; В) Дэнни.
6. Шабуылда сол қолымен қағу әдісін қолданған кім?
А) Дэнни; Ә) Ривера; Б) Келли; В) Роберт.
7. Ең алғаш рет бокс қай елде ұйымдастырылды?
А) Грекия; Ә) Америка; Б) Ресей; В) Мексика.
8. Қазақстанның бокстан Сидней олимпиадасының
жеңімпаздары: А) Мұхтархан Ділдәбеков;
92
Ә) Дәулет Тұрлыханов;
Б) Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибрайымов;
В) Бақтияр Бейсейітов, Бақыт Сәрсекбаев.
9. Бокстан Лондон олимпиадасының жеңімпаздары:
А) Серік Сәпиев; Ә) Әділбек Ниязымбетов;
Б) Бақыт Сәрсекбаев; В) Мұхтархан Ділдәбеков.
10. Ривераны жеңіске жетелеген қандай күш?
А) Ақшаға деген құмарлық;
Ә) Жеңіл өмірге қызығушылық;
Б) Туған еліне деген махаббат;
В) Мансапқа қызыққандықтан.
Жауап кілттері: В, Ә, Б, А, В, Ә, А, Б, А, Б.
Бағалау сипаты: «5» - 9,10; «4» - 7,8; «3» - 5,6; «2» - 1-4.
Үйге тапсырма: 1) Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе-
жек» шығармасымен салыстыру. 2) «Туған елдің
мақтаныштары» /эссе жазу/.
Бағалау. Сабақтың кезеңдері бойынша оқушылардың
жауап беру деңгейлеріне қарай бағалау.
Саламат ТАУБАЕВ,
«Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
№12 «Тараз» колледжінің
мұғалімі.
АБАЙДЫң ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ
(10-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушыға Абайдың
өлеңдерінің мазмұнын меңгерту, адам мен табиғат
93
арасындағы байланыс туралы түсінік беру; дамытушылық –
оқушының мәнерлеп оқу дағдыларын, лирикалық өлеңдерді
талдау шеберліктерін дамыту;
тәрбиелік – балаларды
адамгершілікке, алғырлыққа, ақындыққа тәрбиелеу.
Түрі: ізденіс сабағы. Әдісі: проблемалық оқыту.
Көрнекілігі: тірек сызбалар, үлестірмелі қағаз, Абай
портреті, кітап көрмесі, сабақтың дәйек сөзі жазылған
плакат.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру.
«Абайды тани алмаған қазақ дүниені де танып
жарытпайды». Нұрсұлтан Назарбаев.
Үй тапсырмасын сұрау.
1. Абайдың аудармалары. 2. Абай және Батыс әдебиеті. 3.
Лермонтов пен Абай. 4. Татьянаның қырдағы әні.
ІІІ. Жаңа сабақ
- Оқушылар, біз бүгінгі сабағымызда Абайдың табиғат
лирикасымен танысамыз. Біз бүгінгі сабақта «Адам-Табиғат-
Қоғам» проблемасын шешуіміз қажет.
Абайдың табиғат тақырыбына арналған өлеңдерінде
адам-табиғат-қоғам үндестігі қалай көрінеді, қалай
байланысқан? Міне, осы проблеманы шешуіміз керек.
Сынып оқушылары үш топқа бөлініп жұмыс жүргізеді.
Әр топ өз тобын таныстырып, топ атының бүгінгі сабаққа
байланысын ашады. Сол үш топқа қатысты өз тапсыр-
малары беріледі.
Әр топ басшысы өз тобын таныстырады.
І бөлім
–
«Ақын-жазушы» тобы:
Ақынды ақын оятпаса болмайды,
Ақынды ақын таяқтаса, ол – қайғы.
Ақынды ақын сүйемесе болмайды,
Ақынды ақын күйелесе, ол – қайғы.
94
«Жаз», «Жазғытұры» өлеңдерінің шығу тарихымен
таныстыру. Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру,
адам-табиғат-қоғам үндестігін табу.
«Жаз» өлеңінің шығу тарихы туралы оқушы айтып береді.
«Абай» тобы:
Парасаты басым туған –
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған
–
Сарыарқаның Абайы.
«Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай», «Күз»
өлеңдерінің шығу тарихын айту, мәнерлеп оқу, мазмұнын
түсіндіру, адам-табиғат-қоғам үндестігін табу.
«Мұхтар» тобы:
Бала Мұхтар Абай рухымен ержетті. Ал кейін барлық
өмірін Абайға арнады. Абай арқылы әлемге қазақ деген
халық барын танытты.
«Қыс», «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің
шығу тарихымен таныстырады, өлең мазмұнын түсіндіреді,
адам-табиғат үндестігін табады.
ІІ бөлім. «Ойды шақыру» стратегиясы.
Параққа әр топқа өлеңнің бір жолы жазылады, әр топтан
бір-бір оқушыдан өлеңді жатқа айтып жалғастырады.
I топқа.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан
..... .... .... .... .... .... .... ... ...
ІІ топқа.
Жаздыкүн шілде болғанда
.... ..... ..... ..... ..... ..... ... ...
ІІІ топқа.
Қансонарда бүркітші шығады аңға
... .... .... ..... .... .... .... ..... ..
ІІІ бөлім. Кестені өрнекте.
Достарыңызбен бөлісу: |