78
«Үш тайға» «Жорық», «Ақтабан», «Тарлан»,
«Шілтерлі терезе», «Жұмыр қылыш».
Музыка пәнінің мұғалімі: - Балалар, Махамбет
Өтемісұлы тек жаужүрек батыр, жалынды жыршы, от ауыз
тілді ақын ғана емес, сазгер күйші де. Оның «Өкініш»,
«Қайран, Нарын», «Жорық», «Ақтабан», «Тарлан», «Жұмыр
қылыш», т.б. күйлері бар. Күйлерінің кейбірінің алғашқы
нотасынан-ақ өкінішке толы үнге бой ұрасың. «Неге өкінеді?
Не қасірет көрді екен? Кімнен зәбір, кімнен жәбір көрді?»
дегендей боласың. Мен емес жәбір көрген, қайырымсыздар
мен әділетсіздердің зорлығына душар болған менің халқым»
деп бебеулейді домбыра. Қазір сендер жоғарыда аталған
«Жұмыр қылыш» күйін үнтаспадан тыңдайсыңдар.
« Бетпе-бет» студиясы» ойыны. Балалар бір-біріне жаңа
сабақ бойынша сұрақтар қойып, сабақты бекітеді.
Үйге тапсырма: өлеңді жатқа мәнерлеп оқу. «Мен
таныған Исатай» тақырыбына өзіндік жұмыс. Өлең арнау,
зерттеуші ғалымдар пікірін жазу, талдама жасау. Қалаған
тапсырмаларын орындайды.
Гүлжан МҰХАМБЕТЖАНОВА,
Батыс Қазақстан облысының
Тасқала ауданындағы
«Оян» жалпы орта білім
беретін мектебінің мұғалімі.
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ.
«АНАНЫң АНАСЫ»
Сабақтың мақсаты:
1) жазушы өмірі және шығар-
машылығымен оқушыларды таныстыру, білімдерін кеңейту,
мәтінді әдебиет теориясына сай талдау; 2) оқушылардың
79
сөйлеу тілін дамыту, өз ойларын еркін жеткізуге дағдылан-
дыру, логикалық ойлау қабілеттерін, көркем сөйлей білу,
сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, ізденуге жетелеу,
өзіндік ой қорыта білуге дағдыландыру; 3) ананы қадірлей
білетін білімді ұл-қыздарды тәрбиелеу, халқымыздың
ұлағатты сөздерінің мәнін түсіндіру, адамгершілікке баулу.
Түрі: сыни тұрғыдан ойлап, іздендіру сабағы. Әдісі:
сұрақ-жауап, іздену, талдау, ойқозғау.
Көрнекілігі: сызбалар,
тақырыпқа байланысты суреттер, өлең жолдары, ұлылар
сөздері.
Сабақтың құрылысы:
I. Қызығушылықты ояту. «Ана» сөзіне үңілу.
II. Кіріспе сөз: а) Ана – теңдесі жоқ құдірет.
ә) Бүгінгі қоғамдағы аналар.
III. Жаңа сабақ. Ғабит Мүсірепов. «Ананың анасы».
Ғабит Мүсірепов өмірінен мәлімет.
IV. Тақырып туралы толғаныс.
Әңгіме кейіпкерлері туралы ой жинақтау.
V. Топпен жұмыс: а) Сұрақ-жауап;
ә) Композициялық жоспар құру.
VI. Жұппен жұмыс: а) Тұрақты тіркестер мен афоризм-
дерді табу. ә) Теңеу сөздерді табу. б) Салт-дәстүрлерді табу.
VII. Жеке ізденіс жұмысы: а) Қазақтың байырғы
өлшемдері; ә) Сандар сырын ашу.
VIII. Венн диаграммасы: Ананың анасы мен Жалпақ
балуанды салыстыру.
IX. Бекіту сұрақтары. Зымыран сұрақтар.
X. Қорытындылау: а) Ананың алақаны әлемді әлдилейді;
ә) Әдебиет айдынындағы аналар бейнесі.
XI. Бағалау. Үйге тапсырма.
Сабақтың өту барысы.
Ұйымдастыру:
80
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ә) Сабақтың тақырыбы, оның мақсат-міндеттерін
таныстыру (Оқушылар дәптерлеріне күннің жадын,
сабақтың эпиграфын жазады).
I. Қызығушылықты ояту. «Ана» деген сөзді естігенде
ойларыңа ең бірінші қандай сөздер оралады? Сол сөздерді
тақтаға жазып көрейікші.
Оқушылардың ойларын жинақтап, тақтаға топтастыру.
Сұлулық атаулының Құдірет
киесі Асыл жан
Өмір сыйлаушы Ұрпақ әкелуші
Ардақты есім
II. Кіріспе сөз. а) Ана – теңдесі жоқ құдірет.
Төлеген Айбергеновтің «Ана» өлеңінен үзінді оқу.
Анаң саған керек болса, анаңа да сен керек,
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.
Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.
Иә, Ана деген – құдіретті ұғым, құдіретті күші бар
сөз. Сиқырлы да сырлы махаббаттың иесі де, сұлулық
атаулының киелісі де – ана. Кім де болса сол ана деген киелі
сөздің алдында кішірейеді, әулиең де, небір мықтылығымен
ғаламды ауызына қаратқан билеушілер де ұлы ананың
алдында тізе бүккен!
Кешірімшіл жүрегін қолына ұстап, жалындап жанып
тұрған отқа да түсетін, ағынды суға да ағатын, құлындаған
дауысы көкке жетіп, боздағын жоқтайтын да, ағынан
АНА
аАНА
81
жарылып қуанатын да
–
Ана! Ана – жер бетіндегі ең қымбат,
ең асыл жан. Ананың құдіреті неге болса да жетерлік.
Ананың аяулы алақаны мен мейірлі жүрегіне тең келетін
ештеңе жоқ.
ә) Бүгінгі қоғамдағы аналар.
«Табиғат әйелге былай дейді: қолыңнан келсе сұлу бол,
қаласаң дана бол, ал саналы, ақылды болуға міндеттісің»
(П.Томарин).
Иә, ана – адамзатқа нұрлы өмір мен таусылмас бақыт
сыйлайтын абзал жан. Асыл да қымбат аналардың орыны
әрқашан да бөлек. Бүгінгі жасампаз өміріміздің қай
буынынан болса да әйел-ана, әйел-еңбеккер, ана қайраткер,
басшыларды көптеп кездестіруге болады.
Мұқағали Мақатаев «Білесің бе?
Жыр жазу
–
маған қайғы,
Мысалы, Анам жайлы.
Сөзбенен сурет салып, ой түйсем де,
Анамдай бәрібір ол бола алмайды» дейді. Иә, ақын
адам баласында ең қасиетті тұлға ана екендігін айтады. Ол
туралы қанша жыр жазса да, сүйкімді бейнесі толық шықпай
қала ма деп күмәнданады. Ал Ана тақырыбын ештеңеден
сескенбестен, анық та ажарлы етіп, өз шығармаларына
сүйікті бейне ретінде оқырманына таныта білген
–
көркем
сөздің зергері Ғабит Мүсірепов болатын.
« Біздің жұртшылық аса жоғары бағалайтын
Мүсіреповтің шығармалары адамның сезімін, көңіл
күйін, мінез құбылысын, аңсау-арманын ақындықпен
сипаттайды» Мұхтар Әуезов.
Ғабит Мүсірепов өмірі туралы қысқаша шолу
III. Жаңа сабақ. Бүгін әңгімеміз сол «Ананың анасы»
әңгімесі туралы өрбиді. (Оқылатын әңгіменің көлемі шағын
болғандықтан мәтінді үйден оқып, мазмұнымен танысып
Достарыңызбен бөлісу: |