Бақыт мен үшін не және қалай жете аламын?



жүктеу 12,91 Kb.
Дата04.01.2022
өлшемі12,91 Kb.
#31639
Бақыт мен үшін не және қалай жете аламын


Бақыт мен үшін не және қалай жете аламын?
Бақыт дегеніміз адамның өз өміріне қанағаттанып разы болуы деп түсінемін. Ал әр адам әр түрлі нәрсеге разы болады. Олар: денсаулық, отбасы, мансап, қаражат, мақсатына жету, тіпті жай ғана өмір сүрудің өзі бақыт саналады. Осы айтып өткен бақытқа жету үшін жай ғана өзіңе сеніп, еңбек ету керек.

Бақыт - адам өмірінің мәні. Адам бақытты болмаса өмірі бос, өте қиын жағдайда болады. Әр адам бақытты әр түрлі нәрседен таба алады. Егер адам бір бақытқа қол жеткізсе ол нәрседен алатын ләззаты уақытша болатыны да белгілі. Мысалы, адам жоғары мансапты көздеп оған жететін болса, ол тек осы мақсатына жеткен уақытта ғана бақытты болады. Кейін біршама уақыт өткен соң ол бақытын ұмытып, бұл бақыттың қадірін білмейтін жағдайға келеді. Сондықтан бұл бақыт мәселесі өте күрделі және әр адамның оған субъективті ойы болады. Осы орайда мен өзім ойымды айта кетейін.

Менің жеке ойым, адам баласы тумысынан қанағатсыз болып келеді, яғни қолында бар алтынның қадірін түсінбейді. Ол ең қарапайым - денсаулық. Дені сау адам денсаулығына немкұрайлы қарайды, ал сол адам науқастанып қалса, дәл сол кезде денсаулығының қадірін түсініп, дені сау кезінде қаншалықты бақытты болғанын біледі. Бірақ бұл әрине тым кеш.

Кейбір жағдайда адам мақсатына жетсе өзін ең бақытты адам санайды. Мұнымен келіспеуге болмайды. Арман, мақсатың орындалып жатса сөзсіз бойыңа қуаныш кернейді, өмірге деген жаңа шабытың ашылады, өзіңе деген сенімділгін артады. Осы жағдай өз басымнан да өтті. Бірақ мен нақты бір нәрсені бақыт дей алмаймын, себебі ол өте көп. Соның ішінде мақсатыма жету мен үшін бір орны ерекше бақыт. Бұл бақытқа жету үшін біріншіден өзіңе сену, екіншіден тынбай еңбек ету, үшіншіден жаратушыдан сұрау керек деп ойлаймын. Мұны өз басымнан өткен жағдайға негізделе айтып отырмын.



Қорытындылай келе, адамзат жаратылысынан қанағат етуді білмейді. Ол дегеніміз басына қонған бақытын, бақыт деп түсінбейді. Сол бақытынан айырылған жағдайда ғана мұның қадірін түсінеді, яғни кезінде бұл бақыт менде де болған екен ғой деген ой келеді. Менің ойымша адам кейбір бақытын бағалап, ал басқасына жету үшін қажырлы еңбек етуге тиісті.
жүктеу 12,91 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау