«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf просмотр
бет21/33
Дата20.11.2018
өлшемі1 Mb.
#21907
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33

82
келу тапсырылған болатын).
IV.  Тақырып  туралы  толғаныс.  Әңгіме  кейіпкерлері 
туралы:
1.  Ананың  қандай  қасиеттерін  ерекше  бөле-жара  айтар 
едің? (Ананың батылдығын, қайсарлығын, өжет қасиеттерін 
ерекше айтар едім).
2.  Ана  бейнесін  жасай  отырып  жазушы  не  айтпақшы 
болған?  (Бас  бостандығынан  айырылып  жолға  түскен 
торғайдай  болған  ана  тағдыры  мен  батылдығын,  қажымас 
қайратын көрсеткен).
V.  Топпен  жұмыс.  Жетелеуші  сұрақтар  арқылы 
оқушылардың жүйелі жұмыс істеуіне жағдай туғызылады:
А)  Әңгімеден,  кейіпкерлерден  басқа  нендей  суреттер 
байқадыңдар?
(Жаз мезгілі, шаңқай түс, балалар, әңгімеші қарт).
Ә) Әңгіме қалай басталып, қалай аяқталады?
(Соқыр  қарт  Әйтілестің  әңгімесінен  басталып,  Жалпақ 
балуанның Ана мен қызына бостандық беруімен аяқталады).  
Оны  әдебиет  теориясында  шығарманың  композициясы 
дейді.
Композиция (латынша composite – құрастыру, қиыстыру) 
– көркем шығарманың құрылысы.
Оқушылар  оқиғаның  композициялық  жоспарын 
құрады.
Басталуы (оқиға орыны суреттеледі).
Соқыр қарт Әйтілестің әңгімесі.
Байланыс (негізгі оқиғаның туындау себебі).
Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуға аттануы.
Дамуы  (адамдардың  өзара  қарым-қатынасынан  туған 
жағдай).
Барымта. Тезек арқалаған жас қызды олжалау.
Шиеленіс (әр алуан жағдаят).


83
Жылқышының мерт болуы.Қыз анасының әрекеті.
Шарықтау шегі (ең жоғарғы саты).
Ананың құдіреті. Кейкінің үкімі.
Шешімі (соңы).
Жалпақ балуанның Ана мен қызына бостандық беруі. 
VI.  Жұппен  жұмыс.  Әңгімедегі  сөз  айшықтарын 
таныту.  Жазушы  шеберлігіне  тән  әдіс-амалдарды  таныту  
жұмыстары.
1-қатардағы оқушылар: Мәтіннен тұрақты тіркестер мен 
афоризмдерді табу.
Тұрақты  тіркес  –  сөздердің  орыны  әбден  қалыптасқан 
және құрамындағы сөздерден басқа мағына беретін тіркес.
Афоризм  –  мағынасы  терең,  ойды  қысқаша  білдіретін, 
мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай сөз тіркесі. Мысалдар:
1.  Соның  суық  ызғары  табанымнан,қара  таңбасы 
маңдайымнан әлі кеткен жоқ.
2.  Сай  сағалап,  өзен  жағалап  жүретін  төрт  үйлі  бір                    
ауыл болыпты.
3. Білектің күшін, найзаның ұшын не күшті теңдеске, не 
иығы теңдеске жұмсаған жоқсыңдар.
4. Жағаласқан жау емес, жалбарынған сор емес пе еді?
5. Құлынға қосақтап қызымды әкетіп барасыңдар.
6. Қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқыттырмаймын.
7. Сен көзімнің оқырасын алып, шымылдығын аштың.
8. Түйілген қабақ, от жанған көз.
2-қатардағы  оқушылар:  Мәтіннен  теңеу  сөздерді  табу.
Теңеу деген не?
Теңеу  –  құбылысты  басқа  нәрсемен  салыстыру  арқылы 
сипаттау тәсілі.
Етектей сақал, іркіт сабасындай, жауырыны қақпақтай
жұдырығы  тоқпақ
тай,  құйған  пештей,  оқтаудай  ойнап, 
киіктей  орғып,  ұршықтай  ойнап,  бөкендей  бүктетіліп, 


84
тұйғындай түйіліп, жұлдыздай ағып.
3-қатардағы оқушылар: Осы әңгіме мәтінінде кездескен 
қазақтың салт-дәстүрлерін айтыңдар.
Сауға,  сүндет  той,  ат  шабыс,  балуан  күрес,  бәйге,  қыз 
алып қашу, екі тайға теңдеп алып жүру, қыз ұзату, той жасау, 
қызды сатып алу.
VII. Жеке ізденіс жұмысы. Халық тағылымы.
Тапсырмалар:  1. Қазақтың байырғы өлшемдерін табу.
Жалпақ  жаз  –  мезгіл,  тамыз  уақыты.  Шаңқай  түс  –   
сағат 2 шамасы. 
Қоңыр іңір кезең – мезгіл, қас қарайып, түн 
болған кез. 
Күн найза бойы көтерілген – ұзындық, найза 
бойымен шамалас өлшем. Қозыкөш жер – қашықтық, жақын 
деген  мағынада. 
Жарты  көш  шыққан  кез  –  қашықтық, 
одан да жақын деген мағына.
2. Сандар сырын ашу.
9 санына байланысты.
...құл бастатқан тоғыз,   ... күң бастатқан тоғыз.
Тоғыз  жау.  Жаман  болса  жақын  жау,  шайпау  болса 
қатын  жау,  шабан  болса  атың  жау,  тартыншақ  болса 
түйең жау, тебеген болса биең жау, күнде келсе күйеу жау,                       
жымысқы  болса  жиен  жау,  тіл  алмаса  ұлың  жау,  арсыз                   
болса қызың жау.                                             (Бапан би).
40  санына  байланысты  ...сақадай  сайланған  қырық 
жігіт, ... еріні қырық тілінген, жарық-жарық.
Баланы  қырқынан  шығару,  қырық  қасық  су,  өлген 
адамның қырқын беру, ертегілердегі қырық уәзір, тазшаның 
қырық өтірігі, қызға қырық үйден тыйым, қырықтың бірі – 
қыдыр, Құртқаға қырық түйе қазына, қырық құл, қырық күң 
беру, Тайбурылға қырық күн қулықтың сүтін емізу, т.б.
47  санына  байланысты  ...қырық  жетіні  қырқа  матап 
беріп отырған қалыңдығыңды бергенсің...
Қалыңмал.  Қырық  жеті  малдың  саны  емес,  ол  қырық 


85
рет  (40*7=280)  апта  дегенді  білдіреді.  Бұл  сәбидің  ана 
құрсағында  тоғыз  ай  тоғыз  күндей  болу  мерзімі.  (40,7 
қасиетті сандар).
ЕР  құны.  ...Жағаласқан  жау  емес,  жалбарынған  сор          
емес пе еді, оның құнын қалай өтейсіңдер?
«Жеті жарғыда» ер құны 100 түйе немесе 2000 сом (алтын 
- күміс) бұл ұсақ малға шаққанда – 1000 қой.
VIII. Венн диаграммасы. Әңгіме кейіпкерлері Ана мен 
Жалпақ балуанның өзіндік ерекшеліктерін салыстыру.
Ананың анасы
Ортақ
Жалпақ балуан
Бейшараның боз көйлегі 
жырым. Қолдары қарғаның 
тұяғындай қап-қара. Еріні 
қырық тілінген, жарық-
жарық. Бірақ түйілген 
қабағынан, от жанған 
көзінен жаның шошырлық. 
Қырық жігітті билеп 
әкететін құдіретті күш иесі. 
Сонар дегеннің қызы.
Әйелдің әйелі, өр мінезді, 
ер, батыл.
Ергенекті 
елінің 
құрбаны.
Еріксіз жан-
дар.
(Бірі – ба-
тыры, бірі – 
қатыны)
Жауырыны 
қақпақтай, жұдырығы 
тоқпақтай, сыртынан 
қарағанда құйған 
пештей. Астында 
сары қасқа аты бар.
Бала бидің батыры, 
балуан.
Қалыңдығынан 
айырылып қалған на-
мысшыл батыр.
Ақылды.
Сөзге тоқтамшыл.
IX. Бекіту жұмыстары: Зымыран сұрақтар:
1.  Аппақ,  ақ  қарбас,етектей  сақалын  балуан 
бармақтарымен  сипалап  отырған  кім?  (Әйтілес  қарт).  2. 
Оның  әңгімесін  тыңдаушылар  кімдер?  (Балалар,  саудагер 
Рамазан, молда). 3. Бала бидің батыры кім? (Жалпақ балуан). 
4. Оның шабуға барған елі (Ергенекті). 5. Ергенекті елінде 
Жалпақтың  қандай  құнды  дүниесі  бар?  (Қалыңдығы).  6. 
Жалпақ балуанның қасында қанша жігіт бар? (Қырық жігіт). 
7. Батырдың тілегі не? (Жауға кездесу). 8. Бидің тілегі не? 
(Жылқыға кездесу). 9. Әңгімеде батылдығымен, ақылымен 
көзге түскен кім? (Ана, әйел).
X. Қорытынды. Ананың алақаны әлемді әлдилейді.
Иә,  Ғабит  Мүсірепов  ана  тақырыбында  жазылған 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау