«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет7/34
Дата19.11.2018
өлшемі0,72 Mb.
#20547
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34

22

23

Рефлексиялық  жаттығулар  оқушыны  саналы,  мазмұнды 



ойлау,  сөйлеу  әрекетіне  жетелейді.  Оқушы  өзінің  біліміне 

сын  көзбен  қарап,  қатесін  анықтап,  өзіне  баға  беруге 

үйренеді.  Рефлексиялық  жаттығулар  мәселелік  жағдаятқа 

ұқсайды  да,  белгілі  бір  тапсырмаларды  орындауда  оқушы 

ойлану,  іздену  жолынан  өтеді.  Рефлексиялық  жаттығулар 

көп жағдайда мәтін арқылы жүзеге асады. Үлгі ретінде бір 

жаттығу үлгісін ұсынып отырмыз:

                       Өзімді-өзім сынаймын

- Жай сөйлемнің қандай түрі болса да сөйлем мүшесіне 

мүдірмей  талдап  бере  аламын.  Кәне,  айта  қойыңдаршы 

сөйлемдеріңді!- дейді Миртай.

Балалар оған төмендегідей әр түрлі сөйлемдерді ұсынады: 

1. Іздеген мұратына жетеді. 2. Әлемнің жарығын сыйладың 

сен  маған.  3.  Бала  күн  астындағы  Күнекей  қызды  іздей 

жөнелді. Ерлан  былай талдады:

- Алдымен сөйлемнің  баяндауышын   табамын, баяндауышы 

арқылы бастауышын тауып, сонан соң  тұрлаусыз мүшелерді 

анықтаймын.  Бұл  сөйлемнің  баяндауышы  –  сыйладың, 

бастауышы  –  сен.  Кімге  сыйладың?  –  маған  –  тұрлаусыз 

мүше. Нені сыйладың? – жарығын- тұрлаусыз мүше. 

Тұтасынан алғанда, бұл – хабарлы, жайылма сөйлем.

-  Миртай  өзін-өзі  қалай  сынады?  Сендер  де  өздеріңді 

өздерің осылай сынап көріңдер. 

Міндеті:  жай  сөйлемнің  түрлерін  сөйлем  мүшелеріне 

талдау  жолдарын  меңгерту.  Нәтижесі:  оқушы  сөйлем 

мүшелеріне талдау арқылы өзін-өзі сынауға үйренеді. 

Қазақстан    Республикасының  мемлекеттік  тілі 

мәртебесіндегі қазақ тілі  – қазақ халқының барлық тарихы 

мен  мәдениетін  кумулятивтік  қазынасында  сақтап  келген, 

болашағына  аманат  етіп  тапсыратын  барлық  ақпаратты  

бойына  жинап  алған  теңдесі  жоқ  жүйелі  тіл.  Осындай  

мұраны  оқып-игеріп,  өзінің  өмірінде  тірек  етіп,  оны  келер 

болашаққа  алып  бару  міндеті  –  қазіргі  мектепте  отырған, 

әсіресе,5- сынып оқушыларына жүктеліп отырғаны белгілі.  

Қазіргі  оқушылар осыдан 6-7 жыл бұрынғы оқушылардан 

мүлде  өзгеше.  Оған  дәлел  –  Қазақстан  Республикасының 

рәміздері, ұлттық мерекелер, тарихи аталып өтілетін даталар 

–  қазіргі    мектепте  отырған  балалардың  санасында  берік 

орныққан  құбылыстар.

Осындай  игілікті  жайды  онан  әрі  дамыту  мен  өркенін 

жайғызу  міндеті қазақ тілін қазақ баласына ана тілі ретінде, 

жаңа заман талабымен ұштастырып, дүниежүзілік тілдерді 

оқыту  әдістемелерімен  байланыстырып  оқытатын  жаңа 

педагогикалық  технологияларды  жасау,  оны  оқу  үдерісіне 

енгізу  міндеті  уақытылы  және  сапалы  шешілгенде  ғана 

мүмкін болады.

Қазақ мектебінің қазіргі кездегі бастауыш сыныптарында 

оқитын  жас  өркен  ұрпаққа  бүгінгі  күн  көзқарасымен 

емес,  Л.С.Выготский  айтқандай,  «Ертеңгі  күні  бүршік 

жарып,  ертеңгі  күні  жеміс  берер  алма  ағашындай  қарау» 

–  дамыта  оқыту  технологиясының  басты  қағидасы  зерттеу 

жұмысының  тұтас  логикасында  сақталынып  отырды. 

Дегенмен дамыта оқытудың өзіндік ерекшеліктері ғылыми-

теориялық бөлімде терең талданып, сол негізде арнайы білім 

мазмұны іріктелініп, арнайы жаттығулар жүйесі жасалынып, 

арнайы оқу-әдістемелік кешен қолданылып, қазақ бастауыш 

мектебі оқушыларының теориялық ойлау қабілетінің биік әрі 

кең екендігіне көз жеткізіліп,  дамыта оқыту жүйесінің өзіне 

тән  әдістемелік  қоры  мен  базасы  жасалуы  керек  екендігі 

анықталды.

Зерттеу  жұмысы  бойынша  мынадай  қорытынды 

тұжырымдар  жасалынды:

1. Дамыта оқыту  жаңа педагогикалық технологиялардың 

ішінде білім мазмұны мен білім үйрету үдерісіне, оқушының, 

мұғалімнің  жеке  тұлғалық  болмысына  тереңнен  назар 

аударуды қажет ететін, тіпті талап ететін ерекше білім беру 

жүйесі болып табылады.

2.  Мектепте  қазақ  тілін  дамыта  оқыту  әдістемесін 

тәжірибеге  кеңінен  енгізу    өмірдің  өзіндік  талаптарынан 

туындап  отыр,  өйткені  қазіргі  кезең  –  болашақтың  жаңа 

сүрлеуі. Ол жолдың барлығында қазіргі бала, келешек ересек 



24

25

адам  өз бетімен білім іздей алатын, өзіндік шешімдер жасай 



алатын,  өзінің  жеке  тұлғалық  болмысын  тани  алатын,  сол 

арқылы  өзгені  де  өзіндей  құрметтей  алатын  қазақ  азаматы 

деп танылады.  

Осындай жеке тұлғаны қалыптастыру  – оқушының ана 

тілі болып саналатын қазақ тілін дамыта оқыту әдістемесінің 

басты өзегі ретінде анықталды.

                                Әдебиеттер:

Назарбаев 



Н.Ә. 

Қазақстан–2030. 

Барлық 

қазақстандықтардың  өсіп-өркендеуі  және  әл-ауқатының 



артуы:  Ел  Президентінің  Қазақстан  халқына  Жолдауы.  –

Алматы: Білім, 1997. –256 б.

2  Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңы.  – 

Астана: Ақорда, 2007. –№319-ІІІ ҚРЗ.www.edu.gov.kz.

3 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім 

беруді дамыту тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. –2003. 

–№332-333

4   Жұбанов Қ.  Тіл ғылымы жөніндегі зерттеулер. Алматы: 

Ғылым, 1999. –221б.

5  Рахметова  С.  Қазақ  тілі  әдістемесінің  теориясы  мен 

технологиясы.– Алматы, 2007. –184 б.

Развитие  изучения  казахского  языка  научно-

методологической основы в 5-классе

Автор  эту  работу  посвятил  изучению  вопроса 

эффективности  новых  технологий  в  области  образования, 

обучения и развития, эффективности обучения.

Ключевые  слова:  развитие  теории  обучения,  учебный 

процесс, внедрения новых технологий. 



Development  of  study  of  Kazakh  of  scientifically  - 

methodological basis is in 5-class

An author devoted this work to the study of guestion of 

effeciency of NT in area of education, educating and development, 

efficiency of educating.

Key words: development of theory of educating, educational 

process, introduction of NT.



ӘОЖ 81:37.016                                            

Қ.ТАСҚЫНБАЕВА,

химия-биология бағытындағы 

Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Шымкент қаласы



ТІЛДІК ҚАТЫНАС БАРЫСЫНДА 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЫҢДАЛЫМ 

ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ  

Мақалада  тілдік  қатынас  барысында  оқушылардың 

тыңдалым 

дағдысын 

дамыту 

жолдары, 



оқытуды 

оңтайландыру, қазақ тілін оқыту жұмыстарын жандандыру 

жайы қозғалған.

Түйін сөздер: тілдік қатынас, тыңдалым дағдысы, қазақ 

тілін оқыту.

Еліміздің  Білім  туралы  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің 

басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, 

ғылым мен практика  жетістіктері  негізінде  жеке адамды 

қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған 

білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа 

технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру, 

халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» 

екендігі айтылған. Осыған орай мемлекетіміздің білім беру 

жүйесінің  құрылымдық  мазмұнына  оңтайлы  өзгерістер 

енгізіліп,  оны  халықаралық  талаптар  деңгейіне  жеткізу 

тұрғысында  қыруар  жұмыстар  атқарылуда.  Осынау  елеулі 

өзгерістер  білім  беру  саласының  қарқынды  дамуына  игі 

әсерін  тигізіп  келеді.  Мұның  жарқын  дәлелі  ретінде  білім 

саласында кеңінен қолданысқа еніп жатқан оқытудың жаңа 

технологияларын атауға болады. 

«Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен 

байланысты  әлемдік  стандартқа  сай  жаңа  білім  беру  өте 




жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау