30
31
3) сөздердің лексикалық мағынасын ашады;
4) ертегінің, мультфильмнің негізгі идеяларын
түсініп, сыни көзқарастарын білдіре алады.
Тапсырмаларды орындамастан бұрын оқушылар
«10 тақия» мультфильмін тамашалайды. Мұғалім
оқушыларға алдын ала неге жіті назар аудару керектігін
атап айтады. Мысалы: кейіпкерлердің киімдеріне,
сөйлеген сөздеріне, үй жиһаздарына, мультфильмнің
құрылымына, т.б. Содан соң интерактивті тақтадағы
слайдтар арқылы тапсырмалар беріледі.
Тыңдалым
дағдысы
бойынша
тапсырмалар
берген кезде сын тұрғысынан ойлауға байланысты
сұрақтардың қамтылуы өте маңызды. Мұндай
сұрақтар оқушылардың өзіндік көзқарасын, ойын,
дүниетанымын дамытуға септігін тигізеді. Мысалы,
«Өзің Алдар Көсенің орнында болсаң, не істер едің?»
деген тәрізді сұрақтар баланы сын тұрғысынан ойлауға
жетелеп, өздігінен ой өрбітуге төселдіреді.
Әдепкі тапсырмаларымыз оқушылардың өздері
тамашалаған мультфильмнің тақырыбы мен идеясын
түсініп, талқылауына жол ашса, келесі тапсырмамызда
ертегі тыңдау арқылы мәліметтерді түсініп, болжауға
дағдыланады.
Келесі тапсырма түрі – оқушылардың өздеріне
диалог жаздырып, ашық сұрақты өздеріне қойғызу
және сол сұраққа жауап алу. Мұндай тапсырма түрлерін
мұғалім оқу жоспарында көзделген оқу мақсаттарына
сәйкес және өзінің кәсіби шеберлігіне байланысты
түрлендіріп қоюы мүмкін.
Қорыта айтқанда, тілдік білім беру жалпы
өркениеттік деңгейдегі нәтиже ретінде білім алушыда
(тіл үйренушіде) өмірге деген жаңа көзқарасты
қалыптастыруды, ақпараттық мәселелерге толы өмірде
жұмыс істей білуге даярлығы мен қабілеттілігін
қалыптастыруды, ұжым өкілдерімен түрлі формаларда
қарым-қатынас жасай білуді және қажетті шешім
қабылдай білуді, оны бәсекеге қабілетті жан-жақты
дамыған жеке тұлға ретінде қалыптастыруды
қамтамасыз етеді.
Әдебиеттер:
1 Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. Оқулық. -Алматы:
«Сөздік-Словарь», 2005 жыл.
2 Тілді меңгерудегі халықаралық стандарттары
негізінде «Балабақша-мектеп-колледж-жоғары оқу
орны» жүйесінде мемлекеттік тілді үздіксіз оқытуды
енгізудің әдістемелік негіздері», әдістемелік құрал.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы,
-Астана, 2013 ж.www.korkyt.kz/Docs/aitpash_aigul.
do(электронды ресурс).
3 10-11-сыныптардағы «Қазақ тілі» (Т2) пәнінің
жаңартылған мазмұны бойынша дидактикалық
материалдар. Әдістемелік құрал. Ы.Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім академиясы, -Астана, 2014 ж.
4 Көкшетау қаласындағы физика-математика
бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ
тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің бірігіп шығарған
«Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістері» жинағы, 2013ж.
5 http://kaztube.kz/ru/video/98673
32
33
Көкейкесті көзқарас
ӘОЖ 81:37.016
Р.БЕКМОЛДИНА,
Айыртас негізгі орта мектебі.
Қарағанды облысы,
Ақтоғай ауданы
ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАР
ТОПТАМАСЫНА
БАҒДАРЛАМАНЫҢ
«ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАС
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СӘЙКЕС
ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ» МОДУЛІ
ҚАЛАЙ ЖӘНЕ НЕГЕ ЕНГІЗІЛДІ
Мақалада оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқыту
мәселесі қарастырылған. Нақты мысалдар мен нәтиже
сабақтар көрсетілген.
Түйін сөздер: оқыту модулі, сабақтар топтамасы, жас
ерекшелігі, бағдарлама.
Ғұламаға біреу келіп: -Мен әке атандым, баламды
тәрбиелеуді қашан бастасам екен, -дейді.
-Дүниеге келгеніне қанша уақыт болды?
-Үш күн болды.
-Онда бақандай үш күн кешіктің, -деген екен.
Аталған модульдің идеясы осында жатыр. Абай «Жетінші
қарасөзінде»: -Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен
туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұл
– тән құмарлығы. Біреуі – көрсем, білсем демеклік. Бұл –
жан құмарлығы, -депті. Әлем теоретиктері бұл үдерісті
– танымдық даму (метасана) дейді. Бұл тақырыптан
оқушылар 3 жастағы бала мүмкіндік жасалған жағдайда
өзінің оқуына асқан жауапкершілікпен қарауға қабілетті
екенін түсінеді. Оның бала көзқарасы, сана-сезімі қалай
дамып жатқанын анықтап, бағыттап отыру керек. Баланың
дамуына жағдай туғызуы қажет. Уотсон ішкі тәжірибені
бақылауға болмайтындықтан тиісті түрде зерттеу мүмкін
емес, сондықтан зертханалық эксперимент жасау керек,-
дейді. Нәтижесінде «Түрткі реакция» әзірленді. «Өзін-өзі
реттеу» тапсырмасына байланысты 3-6 жастағы балаларды
зерделегенде осыған көз жеткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімі болғандықтан, тапсырма пәнге бейімделіп алынды.
Санаға енген ақпараттың қаншалықты өңделіп, жұмыс
жадысында көрінетіні зерттелді. Зерделеуге хайуанаттар
жайындағы «Түлкі мен тырна» ертегісі таңдалды. Ресурсқа
қолда бар ертегі кітап суреті, тырна, табақ, құмыра және түлкі
макеті пайдаланылды. Зерттеу нысанына шағын орталықтың
3 жасар тәрбиеленушісі және даярлық тобынан 5 жастағы
тәрбиеленуші ұсынылды. «Айгөлек» шағын орталығындағы
тәрбиеленуші тұмауратып жатқандықтан үйінде кездесу
ұйымдастырылды.
Қорды пайдаланып, ертегі әңгімеленді. Не түсінгендерін
мазмұндауға аға тәрбиеші тәрбиеленушінің әкесімен
сөйлесім құрды. Оқушы әңгімелей алмай, тәрбиешісі
көмектесті. Бірақ кейіпкерлердің іс-әрекетін есіне сақтапты.
Мысалы: «Тырна - суда, түлкі – далада өмір сүреді. Түлкі –
табаққа, тырна – құмыраға ас әзірледі».
Ертегіні талдауда тәрбиеленушінің семантикалық
жадынан көптеген ақпараттар алынды. «Тырна да, түлкі
де аш қайтты. Қонақтар аш қайтпайды. Анам қонаққа
шелпек, бауырсақ, ет дайындайды. «Төрлетіңіз»-дейді. Мен
«сәлеметсіз бе?»- деймін, т.б. Бұл жерде оқушылардың ертегі
түсінудегі өзіндік метасанасына сүйеніп алынған ақпаратты