|
Шарипов Самат Уримбасарович Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаева Зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі
|
Дата | 25.11.2017 | өлшемі | 22,64 Kb. | | #1455 |
| - Шарипов Самат Уримбасарович Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаева Зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі
1. Алғаш рет электр тогы түсінігін енгізген ғалым - 1. Алғаш рет электр тогы түсінігін енгізген ғалым
- 2. Электр кедергінің өлшем бірлігі қандай?
- 3.Тізбектің бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал және оның кедергісіне кері пропорционал бұл қай заң?
- 4.Ток күшін өлшеуге арналған құрал.
- 5. Электр кернеуінің өлшем бірлігі қандай?
- 6. Қысқа тұйықталу кезінде өртті және ток көзінің бүлінуін болдырмау үшін электр тізбегіне не қосу керек?
2-топ. Кім шапшаң - 1. Ом заңы қай жылы ашылды?
- 2. Ток көздерін ата?
- 3. Адам денесінен өткен ток ауыр әсер қалдырады мұны не деп атайды?
- 4. Амперметрді электр тізбегіне қалай жалғайды?
- 5.Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын шама?
- 6.Электр қозғаушы күштің өлшем бірлігі қандай?
3-топ. Кім шапшаң - 1.Таза металдардың және қоспалардың кедергісінің абсолют нөлге жақын температурада кенет нөлге айналу құбылысы?
- 2. Өткізгішті тізбектей жалғағанда тізбектегі кернеу қалай анықталады?
- 3.Вольтметрді электр тізбегіне қалай жалғаймыз?
- 4. Резистор мен реостаттың айырмашылығы қандай?
- 5. Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы не деп атайды?
Табиғи магниттер. FeO (31%)+Fe2O3(69%) тұратын магниттік теміртас (магнетит) болып табылады - Жасанды магниттер -
- болат, никель, кобальт.
- Табиғи магнит – магниттік теміртас (магнетит)
- «Магнит» сөзі, маңынан темір кені табылған Кіші Азиядағы Магнезия қаласының атауынан шыққан.
Тұрақты магниттер - N – магниттің солтүстік полюсі
- S – магниттің оңтүстік полюсі
- Тұрақты магниттер немесе қарапайым магниттер – магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады.
Магниттің екі полюсі бар: солтүстік және оңтүстік - Магниттік полюстер тек жұптасып жүреді.
- Вильям Гильберт (1540-1603)
- магниттің әр түрлі бөліктері әр түрлі тарту күшіне ие болады; бұл күш оның полюстерінде басымырақ болады;
- магниттің екі полюсі бар: солтүстік және оңтүстік;
- әр аттас полюстер тартылады, ал аттас полюстер тебіледі;
- жіпке ілінген магнит, кеңістікте солтүстік және оңтүстікті көрсетіп орналасады;
- бір полюсі бар магнитті алу мүмкін емес;
- жер шары — үлкен магнит;
- магниттер өздерінің әсерін шыны, тері және су арқылы бере алады.
- 1269 ж. магниттің қасиеттерін ғылыми түрде зерттеген ғалым Петр Перегрин болатын. Ал 1600 ж. ағылшын ғалымы Вильям Гильберттің «Магнит хақында» деген шығармасы жарық көрді.
- 1-топ.
- 1- тапсырма.
- Құралдар: металл қағаз қыстырғыштар (скрепки), магниттер
- (жолақ және таға тәрізді магниттер).
- Жолақты магнитті алып, бірнеше қағаз қыстырғышты магниттің дәл ортасына, яғни қызыл және көк бөліктердің арасындағы шекараға апарыңыз. Магнит қағаз қыстырғыштарды тарта ма?
- Қағаз қыстырғыштарды магниттің ортасынан бастап әр жеріне жақындатыңыз. Ең көп магниттік тартылу магниттің қай жерінде? Осы тәжірибені таға тәрізді магнитпен қайталаңыз.
- Қорытынды жасаңыз.
- 2 –топ.
- 1-тапсырма.
- Құралдар: магнит, әр түрлі материалдардан жасалған заттар.
- Магнитті әр түрлі материалдан жасалған заттарға жақындатыңыз, олардың барлығы магнитке тартылады ма?
- Қорытынды жасаңыз.
- 3-топ.
- 1- тапсырма.
- Құралдар : ине, қағаз қыстырғыштар (скрепки), магнит.
- Инені алып, оны қағаз қыстырғыштарға жақындатыңыз. Инеге қағаз қыстырғыштар жабысады ма?
- Инені магнитке бір бағытта үйкеп, содан соң қағаз қыстырғыштарға жақындатыңыз. Скрепкалар жабысады ма?
- Қорытынды жасаңыз.
- 1-топ.
- 2- тапсырма.
- Құралдар: магнит және магниттік тілше.
- Магнитті алдымен магнит тілшенің ақ, содан соң қызыл жағына жақындатыңыз. Магнит пен магниттік тілшенің өзара әсерлесуі туралы не айтуға болады?
- Қай жағдайда магниттік тілше тартылады, ал қай жағдайда тебіледі?
- Қорытынды жасаңыз.
- 2-топ.
- 2-тапсырма.
- Құралдар: магниттер (жолақ және таға тәрізді магнит), темір ұнтақтары бар мөлдір жазық қорап.
- Картон қағазының астына жолақ магнитті орналастырып, оған темір ұнтақтарын бірқалыпты себіңіз. Картон қағаз бен магнитті қозғалтпай, саусағынызбен картон қағазын жәй ғана соғыңыз. Алынған суретті бақылаңыз.
- Тәжірибені таға тәрізді магнитке қайталаңыз.
- Жолақ магнитті штативке жіп арқылы байлап, оның кеңістікте орналасуын байқау қажет.
- 2-нұсқа
- 1.Магнит өрісінің күш сызықтары қандай?
- А) бейтарап сызықтар В) бейберекет сызықтар
- С) тұйықталған және бағытталған сызықтар Д) дұрыс жауап жоқ.
- 2. Тұрақты магниттің магниттік әсері барынша білінетін жерін көрсет:
- А) осі В) центрі С) бағыты Д) полюсі
- 3. Отырған оқушы жанынан мұғалім зарядталған шарды алып өтті. Олардың қайсысы осы кезде магнит өрісін, қайсысы электр өрісін байқайды?
- А) Мұғалім мен оқушы тек электр өрісін байқайды В) Оқушы магнит өрісін, ал мұғалім электр өрісін байқайды С) олардың екеуі де екі өрісті бірдей байайды Д) оқушы электр өрісін, ал мұғалім магнит өрісін байқайды
- 4. Оңтүстік полюстің шартты белгісін көрсет:
- А) S В) N С) Q Д) G
- 5. Жердің географиялық және магниттік полюстері ....
- А) сәйкес келеді В) сәйкес келмейді С) сәйкес келуі мүмкін, бірақ міндетті емес Д) дұрыс жауабы жоқ
- 3-нұсқа
- 1. Солтүстік полюстің шартты белгісін көрсет:
- А) S В) N С) Q Д) G
- 2. Жер бетінен онша тереңде жатпайтын орасан зор темір кенді не деп атайды?
- А) аномалия В) географиялық полюстер С) магнит дауылдар
- Д) географиялық ендіктер.
- 3. Ең көп магниттік тартылу күші болатын жер не деп аталады?
- А) магнит В) полюстері С) осі Д) күш сызықтары
- 4. Магниттік қасиетін ұзақ сақтайтын денелер:
- А)магниттер В) электромагниттер С) магниттік өріс Д) магнит сызығы
- 5. Магнит өрісін тудыратын:
- А) бөлшек В) қозғалыссыз заряд С) тартылу күші Д) қозғалыстағы заряд
Тест тапсырмаларының жауаптары Магниттің полюстерін анықтаңыз: - Егер Жердің магнит өрісі болмаса, не болар еді?
- Жердің магнит өрісі Жер бетін тіршілік иелеріне зиянды әсер ететін ғарыштық сәуле шығарудан қорғайды. Ғарыштық сәуле шығарудың құрамына электрондардан басқа, протондар және кеңістікте өте үлкен жылдамдықпен қозғалатын басқа бөлшектер де кіреді.
- Егер Күнде күшті жарқыл (вспышка) пайда болса, онда күн желі арта бастайды. Бұл жердің магнит өрісінің күшті ұйытқуы магниттік дауылдарды тудырады. Жердің жанынан ұшып бара жатқан күн желінің бөлшектері қосымша магнит өрісін тудырады.
- Магниттік дауылдар үлкен зиян келтіреді: олар радиобайланыс, электрбайланысқа үлкен әсер етеді, көптеген өлшеуіш құралдар қате нәтижелер көрсетеді.
- Қазақстан территориясында қандай магниттік аномалиялар бар?
1949 жылы 18 ақпанда Алтай геологиялының-барлау экспедициясының ұшқышы М.Г.Сургутанов «Сарыбай» шатқалының үстінен ұшып бара жатып, кенеттен компас тілі оңтүстікке бұрылғанын байқады. Үш ай өткен соң Сургутановтың магниттің кенеттен ауытқуын байқаған жеріне геологтар мен географтар келді. Олар Сарыбай мекенінде ірі кен орны жатқанын анықтады. 1949 жылғы көктемде В.П.Новиков Соколов темір кені пайдалы қазбасын ашты. - 1949 жылы 18 ақпанда Алтай геологиялының-барлау экспедициясының ұшқышы М.Г.Сургутанов «Сарыбай» шатқалының үстінен ұшып бара жатып, кенеттен компас тілі оңтүстікке бұрылғанын байқады. Үш ай өткен соң Сургутановтың магниттің кенеттен ауытқуын байқаған жеріне геологтар мен географтар келді. Олар Сарыбай мекенінде ірі кен орны жатқанын анықтады. 1949 жылғы көктемде В.П.Новиков Соколов темір кені пайдалы қазбасын ашты.
- Ата-бабаларымыз ерте заманда алыс жолға шыққанда, айдалада кеңістікте қалай бағдар жасап, жол тауып жүрген?
- Темірқазық - дүниенің солтүстік полюсін меңзеп тұрғандықтан оны полярлық жұлдыз (полярная звезда) деп те атайды.
- Темірқазық – қазақтардың түнде жол жүргенде бет алысын бағдарлайтын астрономиялық компасы. Жетіқарақшы оларға сағат қызметін атқарған.
- Не себепті магнитті таға тәріздес етіп жасайды?
- Өйткені, магниттің полюстерін бір-біріне жақындатып, күшті магнит өрісін алу үшін оларды таға тәріздес етіп жасайды. Осы арқылы үлкен темір бөліктерін көтеруге болады.
- Магнитті қалай магнитсіздендіруге болады?
- Табиғи және жасанды магниттерді өте қатты қыздырғанда олардың магнитік қасиеттері жойылады.
- 1.§52-53 оқып келу.
- 2. Үйде тұрақты магниттер қолданылатын қондырғыларды табыңыз. Олардың жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
- 3.Магнит өрісінің адамға әсері туралы мәлімет қарап келу
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|