«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет4/34
Дата19.11.2018
өлшемі0,72 Mb.
#20547
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

10

11

ӘОЖ 81: 001.12/18



Б.ШАЙХСТАМОВА,

C.Бақбергенов  атындағы

  жалпы  орта мектеп.

Оңтүстік Қазақстан облысы, 

Созақ ауданы

 5-СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІН 

ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-

ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ                    

                                   

 

 

          Автор  бұл  жұмыста  негізгі  зерттеу  мәселесі  етіп, 

оқытудағы жаңа технологиялардың білім берудегі тиімділігі 

мен дамыта оқытудың нәтижелілігін арқау етіп алған.     

      Түйін сөздер: дамыта оқыту теориясы, оқыту үдерісі, 

жаңа технологиялар.

       Жаңа технологиялар ішінде дамыта оқыту теориясын 

ерекше  атауға  себеп  болатын  көптеген  қыры  бар.  Оларды 

әдіснамалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік тұрғыдан тану 

арқылы  ғана  дамыта  оқыту  әдістемесін  5-сыныпта  «Қазақ 

тілі» пәнін оқыту үдерісіне енгізіп, одан көздеген нәтижелер 

алуға болатындығын  өз  тәжірибесінде  қолдана  білген.

        Ғасырлар  тоғысында  өзінің  жаңа  даму  жолы  мен 

болмысын  айқындап  алған  Қазақстан  Республикасы  ХХІ 

ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің 

жаңа  парадигмаларын  қалыптастыруды  алдыңғы  кезектегі 

міндет етіп қойып отыр. Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы 

ең басты мақсаты – жан-жақты дамыған, алдыңғы қатарлы 

елдермен теңесу. Ал оған жетудің басты жолдарының бірі – 

әлемдік білім кеңістігінен орын алу. Мұның өзі ұлттық білім 

беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, 

жаңа  сапаға  жеткізу  қажеттілігін  міндеттейді.  Сондықтан 

да  білім  мазмұнын  байыту,  оқыту  үдерісін  жетілдіру, 

инновациялық  технологияларды  дүниеге  әкелу,  жан-жақты 

дамыған, рухани бай, өз елін, халқын жанымен сүйетін тұлға 

қалыптастыру-өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс 

жүзіне асыратын мәселе болып отыр. 

  Білім  –  қазақ  халқының  болашаққа  бару  жолындағы 

үлкен  стратегиялық  қоры.  Білім  беру  жүйесін  заман 

талабына қарай өзгерту, дамыту, жаңа талаптарға бейімдеу  

–    қоғамдық  мәні  үлкен  мәселе.  Қазақстандық  білім  беру 

жүйесі тарихының жаңа кезеңі оқытудың жаңа жүйелері мен 

жаңа  технологияларын  зерттеуді,  тиімділігін  анықтап,  оқу 

үдерісіне енгізумен ерекшеленеді. 

Жаңа білім беру жүйесі дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі 

өзгертуді  және  оқытудың  жаңа  технологияларын  оқыту 

үдерісіне  тиімділікпен  енгізу  жолын  негіздейді.  Бұл  жаңа 

бағыт оқудың нәтижесін алдын-ала болжап және сол арқылы 

оқушылардың  өзін-өзі  дамытуға  қатысуын  мүмкін  етеді. 

Жаңа педагогикалық технологиялар жүйесін қалыптастырған 

еңбектер  мен  зерттеулерде  қазақстандық  мектептердің 

болашағына  игі  ықпалын  тигізер  жолдар  мен  бағыттар  да 

айқын  танылады.  Оқушыны  білім  беру  үдерісінің  нысаны 

ғана  емес,  сол  үдеріске  қатысушы  маңызды  субъектісі  деп 

санап, оның ана тілінде терең ойлай алуы мен шебер сөйлеуін, 

сауатты жазу тілін дамытып, оқу барысында алған білімі мен 

игерген машық-дағдыларын өмірдің қажетті жағдаяттарына 

сай  әрі  дұрыс  қолдана  алатын  дәрежеге  жеткізу  –  жаңа 

педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаты. 

 Осы мақсат дәстүрлі оқыту жүйесіндегі пассив объекті 

мен  жаңа  педагогикалық  жүйелердегі  белсенді  субъектінің 

арасындағы басты айырмашылықты көрсетеді.

  Қазіргі  кезеңде  сапалы  нәтижеге  қол  жеткізудің  уақыт 

пен  тиімділігін  көрсетіп  жүрген  бірнеше  педагогикалық 

технологияның ішінде дамыта оқыту жүйесінің өзіндік орны 

анықталған.  

   Жаңа технологиялар ішінде дамыта оқыту теориясының 

ерекше  атауға  себеп  болатын  көптеген  қыры  бар.  Оларды 

әдіснамалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік тұрғыдан тану 

арқылы  ғана  дамыта  оқыту  әдістемесін  5-сыныпта  «Қазақ 

тілі» пәнін оқыту үдерісіне енгізіп, одан көздеген нәтижелер 

алуға болады. 




12

13

Дамыта  оқыту  жүйесі  қазіргі  таңда  ТМД  елдерінің 



бірқатарында негізгі оқыту технологиясы ретінде бекітілгені 

белгілі. Ал қазақстандық білім беру жүйесінде бұл мәселе 

енді  ғана    күн  тәртібіне  қойылып,  қолға  алынып  келеді. 

Осындай  келелі  мәселенің  дамуын  оң  жүйелілікпен 

басқарудың  жолы  қазақ  тілін  дамыта  оқыту  әдістемесін 

арнайы зерттеу арқылы ғана айқындалады.

 Зерттеу нысаны – 5-сыныпта  қазақ тілі пәнін  дамыта  

оқыту үдерісі.

  Зерттеу пәні –  5-сыныпта  қазақ тілі пәнін  дамыта оқыту  

әдістемесі.

  Зерттеу  жұмысының  мақсаты  –  мектепте  қазақ  тілін  

дамыта  оқытудың    ғылыми-теориялық,  әдіснамалық 

негіздерін тұжырымдай отырып, әдістемелік жүйесін жасау; 

оның тиімділігі мен сапалылығын анықтау. 

   Зерттеу міндеттері:

  –мектепте    қазақ  тілін  дамыта  оқытудың    әдіснамасын 

айқындап, ғылыми-теориялық негіздерін  тұжырымдау;

  –мектепте  қазақ тілін дамыта оқыту әдістемесін жүйелік-

құрылымдық тұрғыдан анықтау;

  –мектепте    қазақ  тілін  дамыта  оқыту  ұстанымдарын 

белгілеу;

  –мектепте    дамыта  оқыту  көзделіп  отырған  қазақ  тілі  

бойынша берілетін білім мазмұнын анықтау;

  –мектепте    қазақ  тілін  дамыта  оқыту  әдістемесінің 

бағдарламасын ұсыну;

 –мектепте  қазақ тілін дамыта оқытуды жүзеге асыруға 

мүмкіндік жасайтын оқу-әдістемелік кешен ұсыну;

  –мектепте    қазақ  тілін  дамыта  оқыту  әдістемесіндегі 

ақыл-ойды кезеңдікпен қалыптастыру жүйесін анықтау;

  –мектепте    қазақ  тілін  дамыта  оқыту  әдістемесінде 

оқушыларға  берілетін  эмпирикалық    білім  мен  теориялық 

білімнің өзара тепе-теңдігі мен сәйкестігін сақтай отырып, 

тәжірибелік жұмыс  жүргізу, жұмыс   нәтижелеріне талдау 

жасау. 


Зерттеу  болжамы.  Егер  мектепте  қазақ  тілін  дамыта 

оқытудың  ғылыми-теориялық  және  ғылыми-әдіснамалық 

негіздері  айқындалып,  ол    дамыта  оқытудың  біртұтас 

әдістемелік  жүйесі  түрінде  жүзеге  асырылса;  оқыту 

материалдарын дамыта оқытуды оқушының өзіндік әрекетіне 

негіздеп,  олардың  теориялық  ойлауы  мен  тілін  дамыта 

оқытудың арнайы әдістерін қолдануға басымдылық берілсе;  

күтілетін нәтиженің моделі  5-сынып  оқушыларының даму 

қабілетіне  сай  іріктелінген  білім  мазмұнына  негізделіп 

ұйымдастырылса,  онда  5-сынып  оқушысының  теориялық 

ойлауы  мен  тілін  дамыту  мүмкін  болып,  түпкілікті 

нәтижесінде  тілдік  қабілеті  жетілген  жеке  тұлға  ретінде 

қалыптасу  жолы анықталады.

Зерттеудің  жетекші  идеясы:    мектеп  оқушыларының 

теориялық ойлауы мен тілін дамытуда оқушыларға берілетін 

эмпирикалық    білім  мен  теориялық  білімнің  өзара  тепе-

теңдігі  мен  сәйкестігі  ескеріліп,  эмпирикалық  деңгей  өз 

дәрежесінде  ұйымдастырылып,  ол  келесі  деңгейге  өту 

сатысы  дәрежесінде  танылады,  оқушының  ойлауы  жүзеге 

асып, білімі тереңдейді.

          Зерттеу  әдістері. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық-

әдістемелік негіздерін айқындауда:  талдау, жинақтау, жекеден 

жалпыға, жалпыдан жекеге, модельдеу, салыстыру, бақылау 

әдістері;  тәжірибелік  жұмыстар  жүргізуге  байланысты: 

бақылау, сауалнама, әңгіме, сұхбаттар алу, диагностикалық 

әдістер;  зерттеу  нәтижелерін  қорытындылау  барысында 

талдау,  қорыту  аналитикалық  әдістері;  жинақталған 

мәліметтерді  сапалық  және  сандық  тұрғыда  сараптау, 

модельдеу, жинақтау әдістері қолданылды.       

 

    Зерттеудің ғылыми жаңалығы: 



   – қазақ тілін оқыту әдістемесінде алғаш рет  мектепте  тілді 

дамыта оқыту жүйесі  ғылыми-теориялық және әдіснамалық 

тұрғыдан  негізделді;  қазақ  тілін  дамыта  оқыту  арқылы 

оқушылардың  теориялық  ойлауы  мен  тілін  дамытудың  

философиялық,  іс-әрекет  теориясы,  психологиялық, 

лингвистикалық,  дидактикалық,  тәрбиелік  бастау  көздері 

жүйеленді;



жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау