97
сілікпесін шығарып, Жазушылар одағынан, партия
қатарынан аластатып тығырыққа тіреуді ойлайды. Сол
жиналыста найзағайдай жарқ етіп мінбеге шыққан Қасым
отты да өткір жырымен өзін-өзі ақтап алады.
Жүргізуші: - Қасым «Осы қаңтардан аман өтсем, ұзақ
жасаймын» деп өзін-өзі қайраған екен, өйтетін себебі өзінің
әкесі де қырық төрт жыл өмір сүріпті. «Қырық жыл қырғын
болса да, ажалы жеткен өледі» деген рас. Қасым қырғын
соғыстан аман келіп, дәл қырық төртінде дүние салады.
(«Өзім туралы» өлеңі оқылады).
Жүргізуші: - Қасым өткір мінезді, бұрқ-сарқ қайнап,
дауылдап жүрген болса керек. Музыкалық дарыны ерекше
болған. Жас шағында өзінің мандолині, арнайы жасатқан
баяны болыпты. Сауыққұмар Қасым татар әндерін ерекше
жақсы көріпті. Өзінің де сазгерлік қырының ашылуына
осы жайлар әсер еткен болуы керек. Ақын өзінің
композиторлығына ерекше мән бере қоймаған. Топ әндерінің
ішінен «Дариға, сол қыз» ғана нотаға түскен. Әбілахат
Еспаев нотаға түсірген.
(«Ақсәуле» әні орындалады).
Жүргізуші: - Поэзия халықтың рухын көтереді. Қасым
поэзиясынан халық жанының батырлығын, жомарттығын,
алғырлығын мол табамыз. Бұл поэзияның тәрбиелік күші
де – көбінесе, осы жағында. Қасымның мейлінше жалынды,
лепті, сыршыл поэзиясы – әр ұрпақтың да көңіл серігі бола
алатын, ұзақ жасайтын поэзия.
«Дүниеге келер әрі талай Қасым» деп ақын өзі жырлап
кеткендей, Қасымның бүгінгі ұрпақтарының жалынды
жырларына құлақ түрейік.
(Слайдқа ақын суреті шығады. Сахна сыртынан бір
оқушы «Дүниеге жар» өлеңін тебірене оқиды).
98
Ұлбөпе ӘБДІБЕКОВА,
Шоқан Уәлиханов атындағы
«Әулиекөл» орта мектебінің мұғалімі
.
Қостанай облысы,
Әулиекөл ауданы.
ҚАЗАҚТЫң ДАРА ТУҒАН
ДАНАСЫ
(Үйірме жұмысындағы поэзия кеші, 5-9-сыныптар)
Мақсаты: Абай әндері мен өлеңдерін үйрету, поэзияны
сүюге баулу, көркемсөз оқу шеберліктерін арттыру.
Көрнекілігі: «Абай – ұлы тұлға» газеті, Абайдың
өлеңдер жинағынан кітап көрмесі, Абай портреті, ақын-
жазушылардың, зерттеушілердің ақын туралы пікірлері,
«Абай» энциклопедиясы.
Кеш барысы.
- Құрметті ұстаздар, оқушылар!
«Қалың елім қазағым, қайран жұртым» деген қазақтың
біртуар ұлының бірі, әдебиет алыбы – Абай. Қазақ халқының,
мәдениетінің, әдебиетінің дамуында ақын есімі ерекше орын
алады.
Абай – бар халықты талантына бас идірген ақын,
гуманист. Дәл осы уақытта біздің арамызда өзі жүрмесе де
оның өлеңдері, қарасөздері, әндері жүр...
1-жүргізуші: - Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі
кешке қатысушы қонақтар! «Қазақтың дара туған данасы»
атты Абай Құнанбайұлына арналған поэзиялық кешімізді
ашуға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші: - Абай, Абай, ұлы Абай, дана Абай,
Дана Абайым – қасқайған нән қарағай.
99
Қазағымның бұйырыпты бағына
Ғасырда бір туатын дарам-ай!
1-жүргізуші: - Ұлы Абай есімі бәрімізге жақсы таныс.
Ағартушы, ақын, сазгер, аудармашы Абай Құнанбайұлы
өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы
үшін күресті. Артында қалдырып кеткен аса құнды
мұраларында Абай адам бойында кездесетін жаман мінез-
құлықтарды сынады және адамдықты, ақыл мен білімді алға
қойды. Сонымен қатар басқа халықтардың мәдениеті мен
өнерін білуге шақырды.
2-жүргізуші: - Парасатты болып туған –
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған -
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған –
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған –
Бүкіл әлем Абайы!
1-жүргізуші: - Абайдың ақындық жолға бет бұрған
кездегі алғашқы сөзі білім туралы болды: 1885 жылғы жазған
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі. Ол өз өкінішін
білдіре отырып, жастарды ғылым-білім үйренуге үндеді.
Ал 1886 жылы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жазған
еді (Екі өлеңі де жатқа оқылады).
2-жүргізуші: - Ел билеуші болыс, билердің, орыс
шенеуніктерінің еңбекші халыққа жасап отырған зорлық-
зомбылығын, әділетсіздігін көріп өскен Абай олардың
озбырлығын мінеп бірнеше өлеңдер шығарды.
1-жүргізуші: - Абай әншілік, сазгерлік өнерді де аса
жоғары бағалаған. Абайдың өзі шығарған 20 шақты әндері
бар.
Ән – көңілдің ажары. Жүректің мұң-шерін, қуаныш-
қайғысын ән әуені арқылы тарқатуға болады. Абай әні –
100
«Желсіз түнде жарық ай».
2-жүргізуші: - Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй!
Абайдың «Сегіз аяқ» әні.
1-жүргізуші: - Абай әндері өзінің терең сырлы,
әсемдігімен көптеген сазгерлердің шабытын оятып,
қиялдарын ұштап келеді.
(«Көзімнің қарасы» әні).
2-жүргізуші: - Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
(«Өлсе – өлер табиғат, адам өлмес» өлеңі жатқа
оқылады).
1-жүргізуші:
- «Жүректен тербеп» жан сезімін талайдың,
Оятқан жұмбақ, әлемі-теңіз Абайдың.
Бар қазақтың кемеңгер асыл ұстазы,
Данышпан – Абай, жырымыз – Абай, Абай – мұң.
(«Сап-сап көңілім, сап көңілім» өлеңі жатқа оқылады).
1-жүргізуші: - Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жатқа тоқы көңілге.
(«Жігіт сөзі» өлеңі жатқа оқылады).
2-жүргізуші: - Абай ақындықты ерекше бағалаған,
құдірет тұтқан. Өлеңге басқа тілден орынсыз сөздер енгізуге,
тіл шұбарлауға қарсы болды. «Өлең – сөздің патшасы, сөз
сарасы» өлеңінде ақындық өнерге ерекше ден қойып, аса
жоғары бағалағаны байқалады.
(«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі жатқа
Достарыңызбен бөлісу: |