101
оқылады).
1-жүргізуші: - Абай «Жауыздықты ізгілік жеңеді» деп
қорытынды жасаған. Оны «Ескендір» поэмасынан байқауға
болады.
(«Ескендір поэмасы» жатқа оқылады).
2-жүргізуші: - Абайды айтсақ түседі еске Шәкәрім,
Қазақ әніне теңгере алмаған жат әнін.
«Абайға барып ақыл-кеңес алалық»
Деп жалғастырған Абай жолымен сапарын,-
деп өз ойын мектебіміздің оқушысы Арман Марат жырлаған.
(«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әні орындалады).
1-жүргізуші: - Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазғанмын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем мың кісіден, -
деп Мұқағали Мақатаев айтқандай, енді, оқушылардың өз
шығармашылығын тыңдайық.
(Мектеп оқушыларының «Ұлы Абай», «Абай атаға»,
«Қазақтың ірісі – Абайдың інісі», «Адамзатқа танытқан
қазағымды» өлеңдері жатқа оқылады).
2-жүргізуші: - Абай біздің - Кемеңгер,
Теңдесі жоқ, асқар биік шыңымыз,
Ақ ниетті әділетшіл шынымыз,
Асыл қазына, ашылмаған сырымыз,
Таусылмайтын мәңгі-бақи жырымыз!
(Арман Марат)
Қорытынды. Жыл сайын Абай, Шәкәрім оқуларына
мектепішілік, аудандық, облыстық байқауларға мектебіміздің
«Сөз асылын іздесең» үйірме мүшелері қатысып өнерлерін
шыңдауда. Алдағы уақытта Абайды оқуды жалғастырып
үйренеміз. Абай жаққан сәулені алаулатуға өз үлесімізді
қосып атсалысамыз.
102
Рзагүл ӨТЕУЛИЕВА,
Маңғыстау облысының
Бейнеу ауданындағы
М.Бегенов атындағы
орта мектептің мұғалімі.
«СӨЗМЕРГЕН» САЙЫСЫ
Мақсаты: оқушыларға туған тіліміздің қыр-сырын
меңгерту; ана тіліміздің мәртебесін көтеру; ана тілімізді
шұбарламай, мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру.
Жүргізуші:
- Армысыздар, алқалы жұрт көз көрген,
Құралсыншы ойларыңыз інжу- маржан сөздерден.
Тіліміздің тереңдігін, байлығын да көрсетер
Алдыңызда тіл сайысы – «Сөзмерген»!
Бүгінгі «Сөзмерген» сайысына алты оқушы қатысады.
Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан
елдердің арасын келісімге келтіретін де, жылағанды
жұбатып, күлгенді жылататын да – осы тіл. Ең ащы да – тіл,
ең тәтті де – тіл. Қазақ тілі – дүние жүзіндегі бай, бейнелі
тілдердің бірі. Тіліміздегі бейнелі сөздердің бірі – тұрақты
сөз тіркестері.
«Жүйрік болсаң, шауып көр» кезеңінде тұрақты сөз
тіркестерін тауып, мағынасын ашамыз.
1) Тай, құлын, ат, жылқы: таңба (тайға таңба басқандай
– анық)
2) Қара, сары, ақ, қоңыр: қақ жару (қара қылды қақ жару
– әділ)
3) Аяғы, қолы, салы, аузы: су (салы суға кету – ұнжырғасы
түсу)
4) Мұрын, тіс, тіл, езу: көтеру (мұрнын көкке көтеру –
менменсу)
103
5) Қол, дене, бас, бет: от (бетінен оты шығу – ұялу)
6) Шапан, тон, ішік,тақия: бау (тонның ішкі бауындай –
тату)
7) Сүйек, тері, қаңқа, ет: қаптау (ит терісін басына
қаптау – ұрсу)
8) Ат, жылқы, мал, қой: із (ат ізін салмау – хабар алмау)
9) Топырақ, саз, құм, балшық: су (құмға сіңген судай –
тез жоғалу)
10) Қабақ, көз, кірпік, қарашық: ашық (көзі ашық –
оқыған)
11) Жіп, сым, арқан, мата: тұсау (ұзын арқан, кең тұсау –
жайбарақат)
12) Жылқы, қой, түйе, сиыр: шөп (қой аузынан шөп алмас
– момын)
13) Су, бу, мұз, қар: отырғызу (мұзға отырғызу – алдау)
14) От, күл, шала, қоламта: ұшыру (күлін көкке ұшыру –
жоқ қылу)
15) Тіс, тіл, жақ, ерін: батыру (тісін батыру – жәбірлеу)
Сайыскерлердің ұпайын есептеп, ұпайы аз екі ойыншы-
мен қоштасамыз.
«Мықты болсаң, тауып көр» кезеңі.
Бұл кезеңде берілген сөздермен мақал құрастырамыз.
1) Аға, ата, қария, әке: дария (Ақылды қария – ағып
жатқан дария)
2) Тау, тас, жер, құм: бұлақ (Әке –асқар тау, бала – ағып
жатқан бұлақ)
3) Жақсы, үлгілі, ұқыпты, сыпайы: орамал (Жақсының
ашуы шәйі орамал кепкенше, жаманның ашуы басы жерге
жеткенше)
4) Қант, тәтті, бал, ащы: у (Бал тамған тілден у да тамар)
5) Дала, үй, орын, ел: түтін (Туған үйдің түтіні жылы)
6) Көрші, дос, ағайын, бауыр: жылату (Дос жылатып
айтады)
104
7) Ата, бала, аға , іні: базар (Балалы үй – базар)
8) Ана, апа, әже, әке: Мекке (Анаңды Меккеге үш рет
арқалап апарсаң да қарызынан құтыла алмайсың)
9) Атты, топ, жаяу, жүргінші: шаң (Жаяудың шаңы
шықпас, жалғыздың үні шықпас)
10) Көп, аз, үлкен, тайыз: терең (Көп қорқытады, терең
батырады).
Ұпайы аз екі ойыншы ойыннан шығады.
«Ойлы болсаң, озып көр». Тілімізде көнерген сөздер өте
көп. Сол сөздердің мағынасын ашамыз, сол сөздерді бүгінгі
өмірде қолдансақ, пайдалансақ – нұр үстіне нұр болар еді!
1) Құрал, ыдыс, мата, жер: саба (Қымыз құятын ыдыс)
2) Дәстүр, киім, тамақ, мата: мыңсымдық (Сымы көп
мата)
3) Тағам, киім, құрал, дәстүр: белкөтеру (Қарияларға
арнайы даярланатын тағам. Тағам астың ең дәмді, әл беретін
ет, айран, құрт, кеспе қосу арқылы дайындалады)
4) киім, дәстүр,сайман, тағам: аушадияр (Үйлену тойы
кезінде айтылатын дәстүрлі өлең-жыр)
Ұпайын есептеп жеңімпазды анықтау.
Жүргізуші: - Кіршіксіз қардай сақтаңдар
Ана тілін, жамағат!
Шұбарлама тіліңді,
Аманат саған, аманат!
Ата-бабаларымыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын
мына жаһандану заманында жоғалтпай, құндылығын
арттыра берейік!
Достарыңызбен бөлісу: |