«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет29/34
Дата10.11.2018
өлшемі1,24 Mb.
#18787
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

108
Мәселен,  «Дәуқара»  өңірі  қазақтарында  жоқтаушының  
рөлін  Мыңбай  жырау,  Омар  жырау,  Өтім  жырау,  Теңізбай 
жырау,  Бекенқұл  ақын,  Ұлжан  ақын  да  орындаған.  Осы 
өңірде Әлімбай, Тобылғы, Ермахан деген  жоқтаушылар 
болған.
Демек,  жоқтаушы  –  өнер  адамы.  Онда  жыраулық  һәм 
ақындық  қабілет  болатыны  анық.  Дегенмен,  жоқтаушы 
жырау немесе ақын болуы шарт емес, жоқтаушы  жазып 
берген  жоқтау  жырды  орындаушы  қызметін  де  атқарады. 
Кейде жоқтаушының қызметін қиссашылар да орындаған.
Қиссашылар  бұрынғы  кезде  ауыл  аралап  жүріп  атақты 
ғұламалардың  сөздерін,  ақындар  мен  жыраулардың  өлең-
жырларын, толғауларын ауызша белгілі бір мақаммен жатқа 
айтатын болған. Бұрын Жамбыл облысы Жуалы ауданында 
Айтқұл  Рысқұлов  деген  қиссашы  болған.  Ол  халық  ауыз 
әдебиеті  үлгілерін,  атап  айтқанда,  қисса-дастандарды, 
ертегілерді,  термелер  мен  толғауларды  мәнерлеп  оқып  та, 
айтып  та  беретін  болған.  Қиссашылар  кітапқа  немесе  өзі 
көшіріп алған қолжазбаны белгілі бір әуенге салып ырғақ-
пен  орындап  беретін  болған.  Қазіргі  таңда  қиссашыларды 
тәрбиелеудің  де  маңызы  зор.  Қазақ  теледидарынан, 
қазақ  радиосынан  қиссашылардың  өнерін  тамашалаудың 
ешқандай артықтығы жоқ.
Ұлжан  ақынның  жоқтау  жырлары  ССРО-Германия 
соғысында  қаза  болған  жауынгерлерге  арналған.  Өтім 
жыраудың  жоқтау  жырлары,  көбінесе,  ел  тізгінін  ұстаған 
билер  мен  болыстарға,  шешендер  мен  батырларға, 
балуандарға, аңшыларға арналған.
Фольклорлық  тәжірибе  кезінде  А.Иассауи  атындағы 
халықаралық 
қазақ-түрік 
университеті 
филология 
факультетінің  білімгерлері  Сарыкемер,  Талас,  Мойынқұм, 
Шу, Байзақ, Жамбыл аудандарында бұрын жоқтау айтатын 
Естемір,  Өскенбай  атты  жоқтаушыларды  анықтады.  Бұл 


109
жоқтаушыларда қиссашылық қабілет болған.
Қазалы  үйде  жоқтау  айтып  отыратын  жоқтаушының 
жоғалып  кеткені  бәлкім  ғылыми-техникалық  прогрестің 
жедел  дамып  бара  жатқандығынан  шығар.  Бірақ  ұлттық 
салт-дәстүрлерімізді  Батыстан  ағылып  келіп  жатқан 
техногендік  өркениетке  қарсы  қойып,  ұлттық  санамызды 
сансыратпауымыз қажет. Біз қайтыс болған өнегелі адамның 
жарқын істерін, халыққа жасаған қайырымды, өнегелі істерін 
кейінгі  ұрпаққа  жеткізіп  отыруды  дәстүрге  айналдырдық. 
Олардың атына ауылдар мен қалаларда көше, мектеп  аттарын 
береміз, ескерткіш орнатамыз. Кітаптар жазамыз. Құжатты 
фильмдер түсіреміз. Ал жаназасында неге жоқтау жырларын 
айтпаймыз? Жаназада жоқтау айтатын өнер  адамдарын неге 
тәрбиелемейміз?    Жоқтау  жыр  айтатын  жоқтаушының  
өнері қоғамымызға жат па? Бұл да ұлттық идеологиямыздың 
бір бұтағы емес пе?
Ұлы  Абай  «Туғанда  дүние  есігін  ашады  өлең,  өлеңмен 
жер қойнына кірер денең...» деп өсиет айтып кетті. Қайтыс 
болған  адамның  ізінен  жоқтау  айтатын  жоқтаушыны 
тәрбиелеп, тұрмысымызға енгізудің ешқандай сөкеттігі жоқ. 
Бұл – біздің ұлттық дәстүріміз.
Шешсең жұмбақ – көңіл тынбақ
Шеңбер жасап өседі,
Желмен бірге көшеді.
Ол не?                              (Қаңбақ)
Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады.
Ол не?                              (Жұмыртқа мен балапан)
(Жеті жүз жұмбақ. А., «Жалын», 1985, 7, 9-беттер.)


110
Жас маманға жәрдем
Жанна НҰҒМАНОВА, 
Батыс Қазақстан облысының 
Қаратөбе ауданындағы
«Шөптікөл» жалпы орта білім 
беретін мектебінің мұғалімі.
АҚСАҚ ҚҰЛАН, ЖОШЫ ХАН
(5-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  ауыз  әдебиетінің 
балаларға  лайықты  таңдаулы  үлгілерімен  танысу; 
дамытушылық  –  халық  ауыз  әдебиетін,  өрнекті  сөз  бен 
асыл ойдың мәнін терең ұғынуы; тәрбиелік – балалардың 
тілін  ұстартып,  дүниетанымын  кеңейту,  көркемдікке,  өнер 
құдіретін түсінуге, жалпы адамгершілік рухта тәрбиелеу. 
Түрі:  жаңа  сабақты  оқып  үйрену.  Әдісі:    түсіндіру, 
әңгімелеу,  сұрақ-жауап.  Пәнаралық  байланыс:    музыка, 
кино  өнері,  бейнелеу.  Оқыту  құралдары:    интерактивті 
тақта,  мультимедиалық  проектор, мультфильм. 
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру.
Үй  тапсырмасын тексеру (Сұрақтар қою арқылы оқу-
шы білімін пысықтау)
1. «Аңыз әңгімелер» сызбасын сөйлету.
2. Асан қайғы бабамыз туралы не білеміз? Асан қайғының 
жерұйық  іздеудегі  мақсаты.  Асан  қайғы  сияқты  өзіміз 
тұратын жерге баға беру.
3.  «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман» деген 
не?   
Жаңа материалды түсіндіру.


111
1.  Қызығушылықты  ояту.    «Қазақфильм»  киносту-
диясында  Әмен  Хайдаровтың  басшылығымен  түсірілген 
«Ақсақ құлан»  мультфильмін көрсету.     
2. Мағынаны ашу. 
 «Ақсақ құлан, Жошы хан» аңызы туралы. Мультимедиа-
лық проектор арқылы күйдің айтқанын тыңдату. 
Шыңғыс хан мен оның ұлы Жошы туралы не білеміз?
(Слайд арқылы мәліметтер беру)
Күйші және күй құдіреті (Слайд арқылы ХІІ-ХІІІ ғасырда 
өмір  сүрген,  тарихта  болған  белгілі  күйші,  жырау  болған 
Кетбұғы туралы айту). 
Жаңа  білімді  бекіту.    Өтілген  материалдар  бойынша 
пысықтау сұрақтары.
1. Аңыз әңгіме сендерге ұнады ма? 2. Басты кейіпкерлер 
кімдер?  3.  Сендерге  қай  кейіпкер  ұнады?  Неге?  4.  Қай 
кейіпкер ұнамады? 
Кейіпкер моделін құрастырып көрейік
Кейіпкер
Іс-әрекеті
Бойындағы
 қасиеті
Халық ойы немесе 
соңғы түйін
Шыңғыс хан
Жошы хан
Венн диаграммасы бойынша қорытындылау.  
Ертегі мен аңыздың ұқсастығы, өзіндік ерекшелігі.
Ертегі 
Екеуі де
Аңыз әңгіме
Оқушылар  күнделікті  өмірде,  тұрмыста  естіп  жүрген  
аңыз  әңгімелерді  еске  түсіріп,  берілген  тапсырмалар  мен 
сұрақтарды мұқият тыңдай жауап береді.
Үйге  тапсырма: мәтінді түсініп оқу; Кетбұғы күйшіге 
мінездеме беру. 


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау