«Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасы мәселелерінің зерттелуіне қысқаша шолу»


«Қазақ  ақыл-ой өрісінің экспрессивтік стилистикадағы рөлі»



жүктеу 75,55 Kb.
бет22/26
Дата16.01.2022
өлшемі75,55 Kb.
#32881
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Экпресивті стилистика

6.3 «Қазақ  ақыл-ой өрісінің экспрессивтік стилистикадағы рөлі». Мәдени-ұлттық таным мен ұлт тілінің біртұтастығы – адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейне, болмыстың ұғымдық белгілерімен тоғысады.  Кез келген ұлт өкілдерінің көзқарасы мен менталитеті, өзіндік дүниетанымы т.б. тілде бейнеленіп, тілде сақталатынына жұмыста жүйелі талдау жасалды. Ана тілі ежелден келе жатқан тарихи мәдени-ұлттық танымды жеткізу қызметімен ерекшеленеді. Әдетте халықтың дүниетанымы тіл арқылы жеткізіліп, қоғамдық өмірмен, мәдени дамумен тығыз байланыста қарастырылады. Мысалы: сөз өнерін айрықша бағалаған  қазақ халқы үшін «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би», сөздің қасиеті де салыстырусыз биік. Тіл – замана ағымы негізінде түзілген таным, халықтың өмір сүру тәсілінің, әдет-ғұрпының, дәстүрінің, мінезінің, жалпы болмысының көрінісі. Зерттеу еңбектерінде анықталғандай, ол – өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, ықшамдап жеткізетін, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтың бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі. Оның мазмұны терең, тақырып аясы өте кең. Мақал-мәтелдер көбіне өлең үлгісінде, кейде қара сөзбен де айтылады. Мысалы: «Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без», «Етігін шешпей ер шыңаймас», «Қатты жерге қақ тұрар, қайратты жерге бақ тұрар» ассонансқа, аллитерацияға құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылып, стильдік тұрғыдан экспресивті қызмет атқарады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіріп, бейнелеу құралдары арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: «Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар», «Ырысқа қарай ұл өсер, қонысқа қарай мал өсер», «Ел – ырыстың орманы, ер – ырыстың қорғаны» т.б. мақалдарда әртүрлі әлеуметтік мәдени-ұлттық көріністер факторларды баяндаудағы тілдік қордың байлығы, өрнекті сөздер табиғаты, негізінде экспрессивтік байланыс анықталып, ұғымның образды қабылдануы көрінеді.

Мәтел – негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, қорытындысы тұспалды, мақалға өте жақын. Мысалы: «Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады», «Қаңбақтан қашсаң – дөңбекке жолығасың». Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылып, бейнелеуді білдіреді.

Мақал-мәтелдер ойды жандандырып, өткірлік, ұлттық сипаттағы экспрессивтік стильдік мәні ерекше құрал болып табылады. Мақал – мәтелдерді орынды, дұрыс қолдану сөз өрнегіндегі шеберліке баулитын әсем өрнек. Халық даналығы мақалдар мен мәтелдерді мол қолданды, бұл тілімізде экспрессивтік стилдік ерекшелікті қалыптастырудың негізі болды.

Мақал-мәтелдер сөйлесу тілін де, жазу тілін де жандандырады.

Қазіргі таңда дәстүр мен халық даналығының қайнар көзін танымның дүниетанымдық табиғатымен үйлестіру, сол арқылы қазақ тілінің болашағын айғақтауға, өркениетті елдің мәдени-рухани мүмкіндігін арттыруға әсер етері сөзсіз.

Мақал-мәтелдердің құрылымын жаңа ғасыр баспалдағында мәдени-ұлттық үрдісте зерттеудің қажеттілігі тіл мен ойлау арақатынасын жаңа қырынан тануға, халықтың танымдық ой-өрістік деңгейінің құпиясына терең үңілуді қажет етеді. Бұл қазақ тіл біліміндегі мақал-мәтелдердің экспрессивтік қызметін психолингвистикалық  аспектіде зерттеу арқылы адам психологиялық қабылдауына  нақты талдау жасауға, оның өзіндік ерекшелігін жаңа қырынан тануға жетелейді.

Жиынтығы тілде мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің тілдік экспрессивтік табиғаты айрықша.

Мақал-мәтелдер – халықтың рухани-эстетикалық, көркемдік қазынасы. Олардағы тілдік құралдармен берілетін экспрессия мен эмоцияның мынадай негізгі белгісін атап көрсетуге болады: эмоция – адамның тіршілік жағдайына қанағаттануы мен қанағаттанбауынан туатын психологиялық күй, экспрессия – соның айшығы, тіл арқылы бедерлі өрнектеліп бейнеленген көрінісі; -адам ойындағы психологиялық процестерді сипаттайтын экспрессивті мәнді қолданыстар, нақты айтқанда, мақал-мәтелдер және қанатты сөздер функционалды-семантикалық жинақтық құрайтын күрделі жүйе және ол ықшамдық, дәлдік, әсерлілік принциптерін басшылыққа алады. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердегі экспрессия мен эмоцияның тілдік құралдар арқылы берілетін эмоционалдық реңкі мағынасы терең, халыққа ұғынықты. Мақал-мәтелдерге тән экспрессивтік тілдік оған эмоционалдық реңк үстемелейді. Экспрессия мен эмоцияны білдіретін тілдік құралдар – адам бойындағы  жеру, жирену, жек көру, күйіну, сүйсіну, армандау т.б. тәрізді сезім күйлерін сипаттайтын психолингвистикалық  құрылымдар болып келеді. Экспрессия мен эмоцияны білдіретін тілдік құралдар – адам бойындағы  жеру, жирену, жек көру, күйіну, сүйсіну, армандау т.б. тәрізді сезім күйлерін сипаттайтын психолингвистикалық  құрылымдар болып келеді.

«Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында» дегенде даналық пен парасаттылықтан туындаған терең ой бүгінгі ұрпаққа ерекше бояу-нақышымен өзгертілмей жетіп, өнеге беруде танытып, экспрессия тудырып тұр. Мұндай жағымды, жағымсыз қасиеттер, олардың бір-бірімен қақтығыстары нәтижесі өрнекті сөз арқылы жүзеге асырылады. Мұндай талдаулар қатарларын көптеп тізе беруге болады.

Мақал-мәтелдер өзінің мазмұны жағынан халық өмірінің әр түрлі саласынан дерек беретіні, әр түрлі тақырыпта айтылатыны белгілі. Ұлттық сипаттағы шығармаларда қазақтың өмірі. тұрмысы, әдет-ғұрпы т.б. түрлі тақырыптар қозғалады, көркемділікпен, экспрессивтік тұрғыдан суреттеледі.

 Мақал-мәтелдердің экспрессивті стилистика тұрғысынан қолдану ерекшеліктері әрқашан өз белсенділігін, өзектілігін жоймайды.

Ол ұлттық менталитет ерекшелігінің негізінде қалыптасып, көріктеу, әсерлеу жағынан шығарма тіліне мәдени ұлттық сипат береді. Мақал-мәтелдер өзіндік ерекшеліктермен тілдік қолданыста бейнелілігін, мәнерлілігін, өткірлігін де ұштай түсетін тілдік құрал болып табылады.




жүктеу 75,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау