«Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасы мәселелерінің зерттелуіне қысқаша шолу»



жүктеу 75,55 Kb.
бет20/26
Дата16.01.2022
өлшемі75,55 Kb.
#32881
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Экпресивті стилистика

Алтыншы тарау «Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының мәдени  ұлттық аспектісі» деп аталып, қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының ұлттық мәдени негіздері мен тілдегі ұлт болмысы танымының көрінісін талдауға арналған. Экспрессивтілік тіл мәдениетінде сөздің коммуникативтік қатысымдық сапаларын құраушы компонент ретінде анықталады.

6.1 «Экспрессивтік стилистиканы қалыптастырудағы ұлттық лингвомәдени  концепті». Тіл – ойды жеткізудің негізгі құралы болуымен қатар, рухани құндылықтарды танып білудің, ұлт мәдениетінің ажырамас бөлігі. «Ұлттық өзіндік сана басқалардан бөлектенетін, өз өмірі көріністерінің бейнеленуі; өзіндік сала этнонимі (өз атауы) діл, ұлттық мінез-құлық, дүниетанымдық т.б. рухани жүйелер тарихы, халықтың білім бастаулары т.б. тығыз байланысты болып келеді [30, 91 б.].

Әдетте ұлт-тіл-мәдениет ұғымдары ажырамас бірлікте қарастырылады. Себебі ұлтсыз тіл-тілсіз ұлт болмайды. Негізінен алғанда ұлт – ортақ төл мәдениетті қалыптастыратын әлеуметтік бірлестік деп анықталса, ұлтттық тіл – халықтың ауызекі және жазба түрде ұлттық қарым-қатынас құралы қызметін атқаратын әлеуметтік тарихи категория [31, 22]. Олай болса, тіліміздегі сөздер мен қолданыстағы ұғымдардың экспрессивтік-стилистикалық сипаты бүкіл ұлттық дүниетанымның ауқымды көрсеткіші бола алады. Себебі тіліміздегі көптеген сөздер белгілі бір стильдік қабатты құрайды. Бұл тұжырымды  белгілі ғалым І.Кеңесбаевтың «Стиль өлгенді тірілтіп, өшкенді жандыратын дүние десе де болады» деген пікірі нақтылай түседі [32, 73 б.].

Экспрессивті стилистика тұрғысынан қазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін танытудың мәні мен маңызы зор. Таным теориясында оның негізгі құраушы элементі – танымдық факторды жан-жақты игерту мәселесі көзделген. Ұлттық рухани мәдениеттің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрінің әлемдік өркениеттер диалогында танылуы тілге тікелей қатысты. Қазақ халқының төл мәдениетінің қай түрін алсақ та, оның мазмұны тіл, сөз арқылы ұрпақтан-ұрпаққа тарап, жеткізіліп, экспрессивтілік қызметі айқындалады.

Ұлттық-мәдени ерекшеліктердің тіл арқылы танылуы, қазақ тіл білімінде ғылыми зерделеніп, жүйелену мәселелері өткен ғасырдын сексенінші жылдарынан нақты қолға алына бастады. Тіліміздегі «тіл және мәдениет» мәселелеріне байланысты сабақтастық жөніндегі ғылыми зерделенген тұжырымдар арқылы ғасырдың соңғы жиырма жылында зерттеу мәдени ұлттық тұрғыдан зерделеніп жүйелене бастады. Тілдің мәдени қырынан талдануы жөніндегі алғашқы тұжырымдар  қазақ тіл білімінде  академик Ә.Т.Қайдаров, Р.Сыздық, Қ.Өмірәлиев, М.Балақаев, М.Серғалиев, Ө.Айтбаев, Е.Жанпейісов, Ғ.Қалиев, Н.Уәлиев, Б.Шалабай, Ф.Оразбаева, С.Сатенова, Б.Момынова, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Г.Қосымова, Б.Қасым, М.Атабаева т.б. еңбектерінде ұсынылады.

Елтанымдық зерттеудің басты мақсаты – мәдени ұлттық-танымдық сипаттағы ерекшеліктерді тарихпен, әлеуметтік, мәдени сабақтастық негізінде тіл арқылы, тек тілі арқылы таныту болады.

Мәдени-ұлттық  таным рухани қасиеттерден құралып, тіл арқылы, сөйлеу мәдениеті арқылы жүзеге асырылып отырған. Мәселен, қазіргі зерттеу еңбектерде  шаршы топ алдында тілдің экспрессивті қызметін таныту, тыңдата білу мәдениет түсінігімен үндеседі.




жүктеу 75,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау