«Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасы мәселелерінің зерттелуіне қысқаша шолу»



жүктеу 75,55 Kb.
бет25/26
Дата16.01.2022
өлшемі75,55 Kb.
#32881
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Экпресивті стилистика

Қорытынды

1. Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикасы тіл философиясы, тіл мен ойлау, тіл мен сөйлеу, тілдік таным мен бейне, эмоция және тілдік таңба, ұлттық таным мен сана, ұлттық тіл мен діл, көркемдік таным, ұлттық тіл мәдениеті, ұлттық ақыл-ой өрісі, гендерлік тіл табиғаты мәселелерімен өзектесіп жатқан өзіндік ерекшелігі мол, іргелі сала болып табылады. Экспрессивтік стилистика логика, философия, психология, этнопсихология, этнолингвистика, когнитология және әдебиет теориясы, поэтика, көркем сөз теориясына қатысты мәселелердің тоғысқан жерінде пайда болып, өзіндік тілдік сипат алады. Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық ерекшелігін сипаттайтын зерттеулер жасалса да, оның тілдік құрылымы мен жүйесі тұтастықта қарастырыла қойған жоқ. Осыған дейінгі еңбектерде қазақ тіліндегі тіл бірліктерінің стилистикалық қызметі мен сипатын, рөлін жеке-авторлық контекст арқылы анықтау басым болып, экспрессивтік стилистиканың өзіндік заңдылықтары мен тілдегі экспрессивтіліктің тетіктерін зерделеу назардан тыс қалып келді. Стилистика – тілдің қолданымдық және экспрессивтік қызметін дамытып, әдеби тілді байытып отыратын салалардың бірі. Экспрессивтік стилистиканың өзіндік заңдылықтары мен сипатын ғылыми тұрғыдан арнайы зерттеп, зерделеу тілдің теориялық және қолданбалы, практикалық арналарын дамытуға кең жол ашады. 

2. Экспрессивтілік категориясы тіл бірліктерінің экспрессивтік стилистикалық қызметін анықтауда басшылыққа алынатын негізгі ұғым болып табылады. Ол – тіл бірліктерінің коммуникативтік мақсат-міндеттен туындайтын белгілерінің стилистикалық жиынтығы. Экспрессивтілік белгілі бір тіл бірліктерінің қызметін белсендіру арқылы сөйлеушінің психикалық жай-күйін айқын көрсетіп, сөздің әсер ету әлеуетін арттырады. Экспрессивтілік тілде эмоционалды, бағалауыштық, қарқындылық, көркемдеуіштік тағы басқа мағыналық элементтердің интегративтік жиынтығы болып, ол нақты контексте жүзеге асып, контексте түсіндірілетіндіктен, ол көпқырлы, күрделі құбылыс болып табылады.

3. Тіл бірліктерінің экспрессивтік стилистикалық қызметі транспозиция арқылы жүзеге асады да, коннотаттық мағынаның жасалуының негізгі тәсілі ретінде танылады. Экспрессивтілік тіл бірліктері мен грамматикалық құрылымдардың, стилистикалық құралдардың және олардың сөйлеудегі ықтимал комбинацияларының семантикалық немесе функционалдық жолмен ауысуы арқылы жасалады. Транспозиция мен коннотация тілдің экспрессивтік және функционалдық стилистикалық қызметінің дамуына байланыста қарастырылатын кең ұғым. Коннотация мазмұнды, тілдің ақпараттық қырын, олардың номинативтік құралдар жүйесіндегі статусын сипаттаушы семантикалық құбылыс болса, экспрессивтіліктің пайда болуына функционалдылық тән болып, ол сөйлеу барысында коммуникативтік мақсат-міндетке сай туындап, түсіндіріледі.

4. Фоностилистикада дыбыстың экспрессивтік стилистикалық қызметі фонемалардың сөз мағынасымен ассоцияциялануына негізделіп, дыбыстық символға айналуы арқылы жасалады. Дыбыстық ассоциациялардың күштілігі өзара ұқсас, жақын сөздерде қаншалықты қайталанып келуімен, яғни фонетикалық аттрактанттарға байланысты анықталады. Экспрессивтік стилистикада дыбыс  просодикалық құрал ретінде автордың сөйлеу мақсатына сай жұмсалып, сөздің музыкалық, интонациялық, стилистикалық және мағыналық тұтастығын, композициясын құраушы стилистикалық элемент ретінде танылады. Дыбыстық символизмнің жасалуына дыбыстың, сөйлемнің, сөздің түрлі позициясында қайталанып келуі арқылы ассиметриялы, симметриялы болып, дыбыстық анафоралар, дыбыстық симплока, дыбыстық ауысулар жасалады. Белгілі бір экспрессивтік және бейнелеуіштік мағынаны жеткізуге қатысып, поэтикалық және бейнелеуіштік қызмет атқарып тұрады. Дыбыстық қайталаулар, ассонанс, аллитерация, полифониялы, дыбысты параллелизм, парехеза, каламбур, сөз ойнату т.б. өлең тармақтарындағы бунақтардың бірыңғай дыбыстардан келуі оның суперсегментті ырғақтық-әуендік ерекшелігі мен сегментті дыбыстық айтылымының басын қосып, тұтас өлеңдік мәтіннің құрылымдық фоникалық белгілерін көрсетіп тұрады. Сонымен қатар, сөйлеуде  себеп-салдарлық, қарама-қарсы, салыстырмалы, метафоралық түрлі мағыналық ассоциациялар тудырады.

5.   Қазақ тілі лексикасының тілдік жүйеде қалыптасқан және сөйлеудегі қалыптан тыс экспрессивтік стилистикалық тетіктері лексикалық құралдардың экспрессивтік стилистикалық әлеуетінің жоғары екенін дәлелдейді. Сөздің, фразеологизмдердің өзіндік табиғатына бағалауыштық (рационалды бағалау, негативті бағалау), көркемдік-бейнелеуіштік, (пейоративті), функционалдық (тарихи коннотациялар, жаңа коннотациялар, диалект коннотациялар, ұлттық-мәдени коннотациялар т.б.) тән болып келеді. Бұл экспрессивтік мағыналардың берілуі лексикалық құралдардың синонимдік ресурстарға бай болып келуімен анықталады. Семантикалық, стилистикалық және семантикалық-стилистикалық синонимдердің экспрессивтік стилистикалық мағынаны жасауға қатысы бірдей емес. Ол сөйлеушінің көркемдік талғамы мен коммуникативтік шеберлігіне қарай нақты контекстерде стильдік мағына, реңк алады. Лексикалық құралдардың антонимиясы,  омонимиясы мен полисемиясы, паронимиясы, парономазия т.б. экспрессивтік стилистикалық мағынаны берудің түрлі жолдары мен шендестіру, оксюморон, литота, градация, гипербола, каламбур және парафразалық, энантосемантикалық тәсілдерін жүзеге асырудың белсенді тілдік құралдары болып табылады. Сол арқылы комизм тудыру, ирония, сарказм тудыруы, көркем бейнені нақтылау, бейнені әр қырынан сипаттап ашу, көңіл-күйге лайық баяндау мәнерін қалыптастыру, мағынаны үдету, қарама-қарсы қойып суреттеу, субъективтік бағалау, салыстыру, айтылған ойдың эмоциялық бояуын қоюлату, оның маңыздылығын көрсету т.б. стильдік мақсатта жұмсалып, экспрессивтік стилистикалық қызмет атқарады.

6. Тіл құралдарының экспрессивтік стилистикалық қызметі мағыналардың семантикалық трансформациялану арқылы да жасалып, түрлі экспрессивтік мағыналардың жасалуына негіз болады. Троптың түрлерін зерттеу тілде әлі белгілі бола қоймаған түрлі экспрессивтік стилистикалық мағыналарды, оның берілу жолдары мен тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Метафора, метонимия, синекдоха, кейіптеу, теңеу, антономазия, эпитеттер тілдің көріктеу құралдары болуының себебі оның тілдегі түрлі экспрессивтік мағыналарды жеткізе алуымен танылады.

7. Тіл құралдарының экспрессивтік стилистикалық қызметі мағыналардың функционалдық, құрылымдық трансформациялануы және синтагманың мүшеленуі арқылы да жасалып, осыған байланысты экспрессивтік мағынаның жасалуының түрлі жолдары анықталады. Сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдердің интонациялық, синтаксистік орын тәртібінің өзгермелілігі оның экспрессивтік мағынаны, ойды жеткізудегі мүмкіншіліктерінің кең екенін танытады. Инверсия, сегментация, парцелляция, антиципация, эллипсис, парентеза, асиндентон және полисиндентон қазақ тілінің синтаксистік құрылымдарындағы экспрессивтік стилистикалық мағынаның жасалу жолдарын көрсетеді. Берілетін, алынатын ақпараттың эмоционалды, экспрессивті және көркем-эстетикалық ерекшелігін жеткізуде жұмсалатын толық қайталамалар  ойды нақтылау, ақпараттың экспрессивтік маңыздылығын арттыру, эмоционалды-интонациялық әсерін күшейту, эмоциялық бояуын қанық етіп суреттеу, субъективтік бағалау көзқарасын білдіру мақсатында жұмсалып анафора, эпифора, анадиплозис, амплификация, синтаксистік параллелизм, этимологиялық қайталау, зевгма, хиазм тәсілдерінің жасалуына негіз болады.

8. Стилистиканы тілдің коммуникативтік  талаптары мен жағдайына сәйкес қолданылуы туралы ғылым ретінде қарастыратын болсақ, оның  функционалдық және экспрессивтік қырларының дихотомиялық байланысын басты назарда ұстауымыз қажет. Экспрессивтіліктің ауызекі сөйлеу тілі мен кітаби жазба тілдегі салыстырмалы сипаты экспрессивтік стилистика мен функционалды стилистикадағы экспрессивтік стилистикалық мағынаның жасалу, қалыптасу, даму жолдарын және тілдің стилистикалық нормасы мен функционалдық жүйесін қалыптастыруға әсерін анықтауға мүмкіндік береді.

9. Тілдің экспрессивтік әлеуеті оның ұлттық және мәдени танымның жиынтық көрінісі болуынан көрінеді. Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол адам өмірінің материалдық және рухани мәдениетінің ұлтқа тән төл тума қасиеттерін бойына жинақтап, сақтау негізінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырады. Тілдің куммулятивтік қызметімен бірге тілдің ұлттық таным болмысын танытатын экспрессивтіліктің дәні де ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.  Жалпы ұлтқа тән мәдени танымдық ерекшеліктерді, қасиет-сапаларды бейнелейтін экспрессивтілік тілдің куммулятивтік қызметімен бірге дамып, жетіліп  отыратынын көруге болады. Осы орайда экспрессивтілік құбылысы жалпы ұлттық тіл және ұлт болмысының табиғатына тән ерекшелік ретінде анықталады. 

10. Экспрессивтілік – қазақ ұлтының өзіндік психологиясын, мінез-құлқын, құндылықтар жүйесін тіл арқылы өрнектейтін концептуалдық мәні бар ұғым. Қазақ халқына тән менталитетті тану танымдық жүйедегі тілдік таңбаның экспрессивтік қасиет-сапаларын зерттеу арқылы жүзеге асады. Осы орайда экспрессивтіліктің гендерлік табиғаты да ұлттық сипат алады. Әйел тілі мен ерлер тілінің психофизиологиялық және лингвистикалық ерекшеліктерінің тоғысқан жерінде экспрессивтіліктің де қазақ ұлтына тән гендерлік табиғаты көрінеді. Сөздің тектік табиғатының экспрессивтік айырмашылықтары сол тілдің өзіндік ұлттық табиғатын айқындайтын белгілердің бірі болып табылады. Ол қазақтың ат қою ерекшелігінен, туыстық атаулардан және экспрессивтік мағынаның ерлер мен әйелдерге қатысты жасалатын стилистикалық сөз қолданыстарынан көрінеді.

11. Тіл – адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың ұғымдық белгісі болып саналады. Тілдегі экспрессивтілік ұлттың өзіндік дүниетанымымен бірге ақыл-ой өрісінің де өлшемі бола алады. Осы орайда қазақ ақыл-ой өрісінің нақты тілдік көрсеткіші ретінде мақал-мәтелдердің экспрессивтік стилистикалық әлеуетінің зор екенін көруге болады. Мақал-мәтелдер тілдің экспрессивтік әсерін арттырып, өткірлік сипат, ұлттық бояу беретін экспрессивтік стильдік мәні ерекше құрал болып табылады.

12. Экспрессивтік стилистиканы ұлттың психологиясымен және дүниетанымымен, менталитетімен байланыста қарастыру тілдің  экспрессивтік мән-мағыналарды жеткізудегі өзіндік ерекшеліктерін зерттеуге әкеледі. Ұлт тарихымен бірге жасасып келе жатқан халық ауыз әдебиеті тыңдаушыға, оқырманға экспрессивті ықпал етудің серпінді құралы болып табылады. Онда қазақ тілінің экспрессивтілікті білдірудің өзіне тән ұлттық тілдік тетіктері қалыптасқан. Батырлық және ғашықтық жырлардағы, шешендік сөздердегі, бата сөздердегі, айтыстардағы экспрессивтік стилистикалық құралдар мен құрылымдар көру, есту жүйелері арқылы сөзге сендірудің, иландырудың, ұйытудың суггестиялық, терапиялық қасиеттерін көрсетеді.

13. Экспрессивтілік ұлттық тіл мәдениетін анықтаудың басты көрсеткіші болып табылады, сол себепті ол сөз мәдениеті мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылады. Сөз дұрыстығы, сөз байлығы, сөз тазалығы, орындылығы, нақтылығы, әсерлілігі, әдебі сияқты тілдің қатысымдық қасиет-сапаларының жоғары деңгейде болуы қазақ тілінің функционалдық және экспрессивтік жүйелері мен құрылымдарының даму сипатына байланысты анықталады.

 


жүктеу 75,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау