nр= Qсут/ Аqηсмγ д=14364/12·42·2,5·0,95=12 рейс.
Енді (6.10) өрнекті пайдаланып, автобустың бір рейсті орындауға кететін уақытын анықтаймыз:
tр= Тм/ nр= 18:12=1,5 сағат.
Жауабы: tр=1,5 сағ.
Мысал 6.10. Автобустың нөлдік жүрісі 20 км, өнімді жүрісі 350 км, нөлдік жүріс коэффициенті 0,04 екені белгілі. Жүрісті пайдалану коэффициентін анықтаңыз[4].
Яғни, берілген: ω = 0,04; Lо = 20 км; Lп = 350 км. Табу керек: β − ?
Ш е ш у і . Нөлдік жүріс коэффициентін анықтайтын (6.4) өрнегін жазамыз:
ω=Lо/Lобщ ,
мұндағы Lо – автобустың нөлдік жүрісі, км;
Lобщ – автобустың жалпы жүрісі, км
Алдымен бұл өрнекті төмендегіше түрлендіріп, жалпы жүрісті анықтап аламыз:
Lобщ = Lо /ω = 20/0,04=500 км.
Енді (6.3) өрнегін пайдаланып, анықтау қажет болған жүрісті пайдалану коэффициентін есептеп табамыз:
β = Lп/Lобщ = 350/500 = 0,7
Жауабы: β = 0,7.
Мысал 6.11. Автобустың жүрісті пайдалану коэффициенті β = 0,80; нөлдік жүрісі L0 = 10 км; өнімді жүрісі Lп = 160 км екені белгілі. Нөлдік жүріс коэффициентін анықтаңыз[4].
Яғни, берілген: β = 0,80; Lо=10 км; Lп=160 км. Табу керек: ω − ?
Ш е ш у і . Жүрісті пайдалану коэффициентін анықтайтын (6.3) өрнегін жазамыз:
β=Lп/Lобщ, мұндағы Lп – автобустың өнімді жүрісі, км; Lобщ – автобустың жалпы жүрісі, км.
Бұл өрнекті түрлендіріп, жалпы жүрісті табамыз:
Lобщ = Lп /β = 160/0,80=200 км.
Енді (6.4) өрнегін пайдаланып, анықтау қажет болған нөлдік жүріс коэффициентін есептеп табамыз:
ω = Lо/Lобщ = 10/200 = 0,05
Жауабы: ω =0,05.
Мысал 6.12. Жүрісті пайдалану коэффициенті 0,75; нөлдік жүріс коэффициенті 0,08; жалпы жүрісі 200 км болса, автобустың нөлдік жүрісі мен өнімді жүрісін анықтаңыздар[4].
Яғни, берілген: β = 0,75; ω = 0,08; Lобщ = 200 км. Табу керек: Lо − ? Lп − ?
Ш е ш у і . Жүрісті пайдалану коэффициентін анықтайтын (6.3) өрнегін жазамыз:
β=Lп/Lобщ , мұндағы Lп – автобустың өнімді жүрісі, км; Lобщ – автобустың жалпы жүрісі, км.
Бұл өрнекті түрлендіріп, алдымен автобустың өнімді жүрісін тауып аламыз:
Lп = βLобщ = 0,75×200=150 км.
Енді (6.4) өрнегін пайдаланып, анықтау қажет болған нөлдік жүрісті есептеп табамыз:
L0 = ωLобщ = 0,075×210 = 15,75.
Жауабы: ω =15,75.
Мысал 6.13. Автобус парктен сағат таңғы сағат 4 те шығып, 23 сағ 15 минутта қайтып оралды. Үзіліске 1 сағ, нөлдік жүріске 15 мин жұмсалғаны белгілі болса, автобустың маршруттағы уақытын анықтаңыздар[4].
Яғни, берілген: tвых=5 сағ 00 мин; tвоз=23 сағ 15 мин; tпер=1 сағ 00 мин; То=0 сағ 15 мин.
Табу керек: Тм − ?
Ш е ш у і . Берілген деректер бойынша, (6.8) өрнегін пайдаланып, алдымен автобустың нарядтағы уақытын анықтаймыз:
Тн=tвоз– tвых– tпер=23+(15:60)–4,00–1,00=18,25 сағ=18 сағ 15 мин.
Автобустың маршруттағы уақытын (6.8) өрнегін түрлендіру арқылы, нарядтағы уақыт пен нөлдік жүріске кеткен уақыттың айырмасы ретінде анықтаймыз:
Достарыңызбен бөлісу: |