i=6 мин; Табу керек: ∆А − ?
Ш е ш у і . Техникалық жылдамдықты анықтайтын Vт=lм/tдв (6.15) өрнегін
түрлендіріп, автобустың қозалыстағы уақытын тауып аламыз:
tдв = lм/ Vт=40/20=2 сағ.
Енді (6.10) өрнегін пайдаланып, рейс уақытын табамыз. Іс-шараға дейінгі рейс уақыты:
tр1=tдв+nпо1tпо+tко=2 +10×(0,6:60) +(6:60) =2,2 сағ; іс-шарадан кейінгі рейс уақыты:
tр2=tдв+nпо2tпо+tко=2 +18×(0,6:60) +(6:60) =2 +20×0,01 +0,1 =2,3 сағ.
Қозғалыс интервалын анықтайтын i=tоб60/А (6.12) өрнегін түрлендіру арқылы автобус санын табамыз. Есептің шарты бойынша іс-шарадан кейін де қозғалыс интервалы өзгермей қалуы тиіс, яғни i1= i2= 6 минут.
Іс-шараға дейінгі автобус саны:
А1=2tр60/i1=2×2,2×60/6 =44;
іс-шарадан кейінгі автобус саны:
А2=2 tр60/ i2=2×2,3×60/6 =46;
Енді маршрутқа қосымша қанша автобус қосу керек екенін анықтаймыз:
∆А= А2−А1= 46−44=2 автобус қосу керек.
Жауабы: ∆А =2. Мысал 6.33. Қала аралық маршрутта ЛАЗ-699 маркалы 8 автобус қызмет көрсетеді. Қозғалыс интервалы 1 сағ; маршруттағы жұмыс уақыты 16 сағ. Әрбір
автобустың неше рейс жасайтынын есептеп табыңыздар[4].
Яғни, берілген: А =8 автобус; i=1 сағ; Тм=16 сағ. Табу керек: nр − ?
Ш е ш у і . Рейс уақытын анықтайтын tр=Тм/nр (6.10) өрнегін түрлендіріп, рейс санын анықтайтын түрге келтіреміз:
nр = Тм /tр.
Бұл теңдіктің оң жағындағы белгісіз болып тұрған рейс уақытын tр автобустың қозғалыс интервалын (мин) анықтайтын i=tоб60/А (6.12) өрнегін пайдаланып табуға болады. Мұнда tоб= 2tр екенін ескереміз:
i= 2 tр60/ А.
Мұнан
tр = Аi/(2×60) = (8×60)/(120) = 4 сағ.
Рейс уақытының бұл мәнін бастапқы өрнекке апарып қойып, әрбір автобустың неше рейс жасайтынын анықтаймыз:
nр = Тм /tр = 16 /4 = 4 рейс.
Жауабы: nр = 4 рейс. Мысал 6.34. Ұзындығы 9,6 км болған қалалық, экскурсиялық маршрутта
РАФ-978 маркалы 6 микроавтобус қызмет көрсетеді. Техникалық жылдамдық 30 км/сағ, аралық аялдамалар саны 3, олардың әрбірінде тоқтап тұру уақыты 5 мин, 10,8 мин. Автобустың қозғалыс жиілігін анықтаңыздар[4].
Яғни, берілген: lм=9,6 км; А=6; Vт=30 км/сағ; nпо=3; tпо=5 мин; tко=10,8
мин.
Табу керек: j − ?
Ш е ш у і . Рейс уақытын анықтайтын (6.29) өрнегін пайдаланып, рейс
уақытын табамыз:
tр=lм/ Vт+nпоtпо+tко=9,6/30+3×(5:60)+10,8:60=0,75 сағ.
Айналым рейсінің уақытын (6.11) өрнегінен табамыз:
tоб=2 tр=2×0,75 = 1,5 сағ.
Енді есептің шартында сұралған автобустың қозғалыс жиілігін (6.13) өрнегінен анықтай аламыз:
Достарыңызбен бөлісу: |