5.3- сурет. Жолаушылардың күрделі жылжуының технологиялық сұлбасы
Желілердің жіктелуі
Жолаушыларды тасымалдаудың қабылданған сыныптамасына сәйкес желілер төмендегіше жіктеледі: қ а л а л ы қ , қ а л а м а ң ы н д а ғ ы , қ а л а а р а л ы қ , х а л ы қ а р а л ы қ желілер[2].
Қалалық жолаушы желілер бірнеше критерийлеріне қарай жіктеледі: Ж ұ м ы с а т қ а р у у а қ ы т ы б о й ы н ш а :
тұрақты желілер. Олар жылдың барлық мезгілінде жұмыс атқарады;
уақытша желілер. Олар жылдың белгілі бір маусымында ғана жұмыс атқарады (жазда, қыста, жұмыс күндері, демалыс күндері, мейрам күндері және т.б.)
Т а ғ а й ы н д а л у ы б о й ы н ш а :
негізгі желілер;
жеткізуші, яғни басқа көлік түрлерінің желілеріне апарушы желілер. Ж ү р у с и п а т ы н а қ а р а й [ 4 ] :
маятникті желілер, мұндай желілерде көлік тура бағытта да, кері бағытта да сол бір жол арқылы жүріп өтеді (5.4-сурет, а);
сақиналы желілер, мұндай желілердің жүретін жолы тұйық контурды құрайды, ал бастапқы және соңғы бекеттері сәйкес келеді (5.4-сурет, б).
5.4-сурет. Жүру сипатына қарай қозғалыс желілердің түрлері:
а – маятникті;
б – сақиналы
Е л д і м е к е н д е г і о р н а л а с у с и п а т ы б о й ы н ш а : диаметралдық, радиалдық, тангенциадық, сақиналық, шетке шығатын (вылетті), перифериялық болып бөлінеді (5.5-сурет).
5.5-сурет. Елді мекендегі орналасу сипаты бойынша желінің түрлері:
– диаметралдық,
– радиалдық,
– тангенциадық,
– сақиналық,
– шетке шығатын (вылетті), 6 – перифериялық
А я л д а м а л а р д ы п а й д а л а н у ш а р т ы б о й ы н ш а желілер төмендегі түрлерге бөлінеді[4]:
жәй желілер. Мұндай желілердің әрбір аялдамасында көлік құралдары міндетті түрде тоқтап өтеді;
қысқартылған желілер. Бұлар кәдімгі желілердің жолаушы ағыны өте қарқынды болған белгілі бір бөлігінде ұйымдастырылады. Қысқартылған желілер тұрақты немесе уақытша («пик сағатта») болуы мүмкін;
экспресс желілер. Мұндай желілердегі автобустар аралық аялдамаларда тоқтамастан, тікелей тағайындалған пунктке барады;
жылдамдатылған (жартылай экспресс) желілер. Мұндай желілердегі көлік құралдары тек кейбір аралық аялдамаларда ғана тоқтап өтеді.
Қажеттілігіне қарай бұдан басқа да желі түрлері енгізілуі мүмкін. Мысалы, Алматы метрополитен поездары қозғалысының түнде тоқтауына
байланысты тәжірибе ретінде немесе қажетті жағдайда сағат түнгі 00 ден таңғы 05 ке дейін жүретін түнгі желі енгізілу мүмкіндігі бар.
Мысал 5.1. Маршруттың ұзындығы 16 км, аралық аялдамалар саны 19 екені белгілі болса, аралықтың(перегонның) орташа ұзындығын анықтаңыздар[4].
Яғни, берілген: lм= 1600 м; ппо = 19. Табу керек: lп − ?
Ш е ш у і . Аралықтың(перегонның) орташа ұзындығын анықтауға арналған (5.1) өрнекті жазамыз
lп = lм/(ппо+1).
Бұл өрнектегі шамалардың мәндерін орындарына қоя отырып, перегонның орташа ұзындығын есептеп табамыз:
lп = lм/(ппо+1) = 1600019+1) = 800 м =0,8 км.
Жауабы: lп = 0,8 км. Мысал 5.2. Маршруттың ұзындығы 12 км, аралықтың (перегонның)
орташа ұзындығы 800 м болса, аралық аялдамалар санын анықтаңыздар[4].
Яғни, берілген: lм= 9,1 км; lп= 700 м. Табу керек: ппо − ?
Ш е ш у і . Аралықтың(перегонның) орташа ұзындығын анықтауға арналған (5.1) өрнекті жазамыз
lп = lм/(ппо+1).
Оны аралық аялдамалар саны анықтауға бейімдеп, түрлендіреміз:
lм = lп(ппо+1)= lпппо+lп;
lпппо= lм−lп; ппо= ( lм−lп): lп.
Берілген деректерді орындарына қоя отырып, аралық аялдамалар санын есептеп табамыз:
ппо= (lм− lп):lп = (9,1−0,7):0,7 =8,4:0,7 =12.
Жауабы: ппо= 12.
Мысал 5.3. Аралықтың(перегонның) орташа ұзындығы 600 м, аралық аялдамалардың саны 20. Маршруттың ұзындығын анықтаңыздар[4].
Яғни, берілген: lп= 550 м; ппо = 19. Табу керек: lм − ?
Ш е ш у і . Аралықтың(перегонның) орташа ұзындығын анықтауға арналған lп = lм/(ппо+1) (5.1) өрнегін төмендегіше түрлендіріп, содан кейін берілген мәндерді орындарына қоя отырып, маршруттың ұзындығын анықтаймыз:
lп = lм/(ппо+1); lм = lп (ппо+1).
Lм = lп (ппо+1) = 550(19+1) = 11 000 м =11 км.
Жауабы: lм = 11 км. Мысал 5.4. Маршруттың ұзындығы 18,85 км, аралықтың(перегонның)
орташа ұзындығы 650 м болса, аралық аялдамалар санын анықтаңыздар[4].
Яғни, берілген: lм = 18,85 км; lм = 650 м. Табу керек: ппо − ?
Ш е ш у і . Аралықтың(перегонның) орташа ұзындығын анықтауға арналған lп = lм/(ппо+1) (5.1) өрнегін түрлендіру арқылы аралық аялдамалардың санын анықтаймыз:
lп = lм/(ппо+1);
lм = lп(ппо+1)= lпппо+lп; lпппо = lм – lп;
ппо = lм /lп – 1= 18,85 /0,650 −1 = 29 −1 = 28.
Жауабы: ппо = 28.
ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ Техникалық пайдалану көрсеткіштерінің түрлері
Достарыңызбен бөлісу: |