Базылбаева Ж.А..
Жеке – меншік Т.Әубәкіров атындағы гимназия
Тақырыбы: «Екі дос» /4 сынып/
Сабақтың тақырыбы: «Екі дос»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Модуль бойынша грамматикалық тақырыпты дұрыс қолдана білуге үйрету.
Жеке тұлғаға бейімдеп және халық педагогикасын қолдана отырып тақырыпты меңгерту.
Дамытушылық: Берілген сөз, сөз тіркестерінен сөйлем құрай білуге, сөйлемдерден шағын әңгіме құрастыра білуін талап ету. Сөздік қорын молайту. Грамматикалық білімін дамыту мақсатында жаттығулар орындату.
Тәрбиелік: Достық, адамгершілік,қамқорлық қасиеттері жөнінде тәрбиелік әңгіме жүргізу.
Сабақтың түрі: қайталау,толықтыру сабағы.
Сабақтың әдісі: аударма,сурет бойынша әңгіме,сұрақ-жауап жарысы,мәтін оқыту, өздік жұмыстар,деңгейлік тапсырмалар,ұжымдық, жеке дифференциалды жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ойын дестелері, әріптер,сандар, тұстер карточкалары, асықтар.
Пән аралық байланыс:еңбек,сурет,дене шынықтыру, математика,ауыз әдебиет сабақтары.
Сабақ барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сергіту сәті жыл мезгілдері, ай, апта, күн туралы сұрау.
Сөздік ойын: «Ыстық доп»
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
1.«Менің досым» тақырыбында әңгіме айту.
а) Фото арқылы әңгімелеу /ауызша/
ә) Карточкамен жұмыс.
б) Әңгіме оқу.
в) сурет көрмесі.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Эпиграфы: «Адал достық-алтыннан да қымбат»
Оқушы нені игеруі қажет:
1. Дос туралы қысқаша әңгіме айтып үйрену
2. «Дос» сөзін өрбітіп жазу мен ауызша айта алу
1.Сөздікпен жұмыс.
а) Сөздерді тақтаға жазу
ә) Оқыту, аудару, сөз тіркесін құрау.
б) Сөздік дәптерге жазғызу.
2. Сурет бойынша жұмыс.
1-тапсырмадағы сурет бойынша грамматикалық тақырыпты қайталау. Практикалық жұмыс.
1.Деңгейлік жұмыс.
а) сөз
ә) сөз тіркесі
б) сөйлем
2. Сұрақ-жауап.
3. Оқушы сурет бойынша ойын жеткізу.
IV.Сергіту сәті.
2. Оқылым.
2-тапсырмада берілген «Дана мен Наташа» атты мәтін арқылы оқылым әрекетін іске асыру. Мәнерлеп оқу, түсініп оқу және дұрыс аударуын қадағалау.
3. Жазылым.
2-тапсырма арқылы жұптық-жеке жұмыс жүргізу.
Бір бала жуан дауысты сөзді,екінші бала жіңішке дауысты сөздерді жазады.
V. Топтық жұмыс.
а) оқушыларды екі топқа бөлу.
1. «Сен маған, мен саған» ойыны.
3-тапсырмадағы сұрақтарды бір-біріне қояды.
2. 4-тапсырмада берілген сөздермен жұмыс. Сөзді сөйлем тәртібімен құрастыр.
VI.Сабақты қортындылау.
а) Эпиграфы «Адал дос-алтыннан да қымбат»-деген мақалдағы терең ойға жете алдық па?
ә) Дос қандай болу керек?- сұрағына жауап беру
б) «Гүл ошағы»-ойын дестелері.
в) Өз-өздерін бағалау, пікірталас
VII. Үйге тапсырма. Бағалау.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
ДОСТЫҚ ДЕГЕН ТАУСЫЛМАЙТЫН ҚАЗЫНА
КӨКТЕМЕДЕ СОЛЫП ҚАЛАР ГҮЛ ЕМЕС.
ҚАРАМАЙДЫ ОЛ СЫЙДЫҢ КӨП ПЕН АЗЫНА,
НАҒЫЗ ДОСТАР ТІПТІ СЫЙ ДА ТІЛЕМЕС.
Т.АЙБЕРГЕНОВ АҒАМНЫҢ ӨЛЕҢІМЕН САБАҚТЫ АЯҚТАЙ ОТЫРЫП ӘРІПТЕСТЕРІМЕ АЛҒЫСЫМДЫ БІЛДІРЕМІН.
Достарыңызбен бөлісу: |