Техникалық пайдалану көрсеткіштері (ТПК) деп нақты пайдалану жағдайындағы көлік құралының мүмкін болған және іс жүзіндегі пайдалануын сипаттайтын бір-бірімен байланысқан б а с т а п қ ы және е с е п т і к көрсеткіштер жүйесін айтады.
Бастапқы техникалық пайдалану көрсеткіштерінің мәндері тікелей автомобильдің линиядағы жұмысын есептеу деректерінен алынады.
Есептік техникалық пайдалану көрсеткіштерінің мәндері бастапқы және басқа есептік көрсеткіштер үстінен математикалық амалдар жүргізу арқылы анықталады[4].
Н е г і з г і б а с т а п қ ы т е х н и к а л ы қ п а й д а л а н у к ө р с е т к і ш т е р і н е төмендегілер жатады[4]:
жолаушы тасымалдау көлемі (Q), жолаушы;
жылжымалы құрамның жүрісі (L), км;
линиядағы, яғни маршруттағы жұмыс уақыты (Тм), сағ.
Н е г і з г і е с е п т і к т е х н и к а л ы қ п а й д а л а н у к ө р с е т к і ш т е р і н е төмендегілер жатады:
жолаушы айналымы (тасымалдау жұмысы) (Р), жолаушы-км;
жолаушы көлік құралының өнімділігі (U), жолаушы/сағ;
жолаушы көлік құралының өнімділігі (W), жолаушы-км /сағ.
Жылжымалы құрамның жүрісі және оны пайдалану
Ж ы л ж ы м а л ы қ ұ р а м н ы ң ж ү р і с і деп автомобильдің белгілі бір уақыт ішінде жүріп өткен қашықтығын айтады. Жұмыс уақытында автомобиль жүрісі төмендегідей болуы мүмкін[4]:
Lп – жолаушымен жүрген (өнімді) жүріс;
Lо – нөлдік жүріс;
Lх – бос жүріс;
Lобщ – жылжымалы құрамның жалпы жүрісі.
Ө н і м д і ж ү р і с (Lп) көлік құралының маршруттағы жұмысында жүріледі. Оның шамасын белгілі бір кезең (күн, ауысым) үшін төмендегі өрнектен анықтайды:
Lп= lмпр, (6.1)
мұдағы Lп – бір күндегі (сменадағы) жолаушымен жүрген (өнімді) жүріс, км;
lм – маршруттың бір бағыттағы ұзындығы, км;
пр– бір күндегі (сменадағы) рейстер саны.
Н ө л д і к ж ү р і с (L0) жылжымалы құрамды автопарктен маршрут басталатын бекетке немесе тапсырыс берушіге бергенде және кейін автопаркке қайтып оралған кезде жүріледі. Бұлар тасымалдау жұмысын орындау үшін жасалған дайындық жүрістері[3]:
L0= l01+ l02, (6.2)
мұдағы l01 – автобустың парктен маршруттың бастапқы бекетіне дейінгі нөлдік жүрісі, км;
l02 – автобустың маршрут аяқталған бекеттен паркке дейінгі нөлдік жүрісі, км;
Такси-автомобиль бір жолаушыны түсіріп, келесі жолаушыны алу үшін жаңа отырғызу орнына барғанда б о с ж ү р і с (Lх) жасайды. Бұл тасымалдауды атқару үшін қажетті жүріс болып табылады.
Сонымен ж ы л ж ы м а л ы қ ұ р а м н ы ң ж а л п ы ж ү р і с і (Lобщ) жолаушымен, нөлдік және бос жүрістердің қосындысы ретінде анықталады:
Lобщ = Lп + Lо + Lх , (6.3)
мұндағы Lп – жолаушымен жүріс; Lо – нөлдік жүріс; Lх – бос жүріс.
Жылжымалы құрамның жалпы жүрісінің пайдалану дәрежесін жүрісті пайдалану коэффициентімен β бағалайды. Ж ү р і с т і п а й д а л а н у к о э ф ф и ц и е н т і (β) деп жолаушымен жүрген жүрістің жалпы жүріске қатынасын айтады:
β Lп
Lп Lо Lх
Lп ,
Lобщ
(6.4)
Жүрісті пайдалану коэффициентінің сан мәні автобустар үшін 0,95 – 0,98, ал таксилер үшін 0,75 – 0,85 ауқымында.
Жүрісті пайдалану коэффициентінің сан мәндері нөлдік жүрістің шамасына тәуелді. Нөлдік жүрістің жалпы жүрістегі үлесі н ө л д і к ж ү р і с к о э ф ф и ц и е н т і м е н (ω) анықталады[3]:
ω Lо ,
Достарыңызбен бөлісу: |