Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары Том 1



жүктеу 4,81 Mb.
Pdf просмотр
бет177/228
Дата14.01.2020
өлшемі4,81 Mb.
#26556
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   228

357 

Open  access:

 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/



  

 

 



тұтынушылардың  қаржылық  жағдайын  зерттеу  қажет.  Маркетинг    ауылшаруашылық 

тауар  өндірушілердің  және  қайта  өңдеу  кәсіпорындарының  тиімділігін  жоғарлатушы 

құрал болып табылады. 

 Біздің  көзқарасымызша  маркетингтің  негізгі  принциптері  төмендегілермен 

тұжырымдалады: 

- өндірістік-өткізу қызметінің соңғы нәтижесіне қол жеткізу үшін бағытталу, яғни 

өнімді нарықта тиімді өткізу және нарықтың белгілі үлесін жаулап алу;  

- табысты өткізу  қызметі үшін маркетинг құралдарының жиынтығын қамтамасыз 

ете отырып, алға қойылған міндеттер мен мақсаттарға жетуге бағдарлы-мақсаттық тәсіл 

мен кешенді әдісті қолдану; 

-  нарық  талаптары  мен  сұраныс  құрылымына  өндірісті  барынша  бейімдеу  үшін 

жағдайлар жасау; 

- инновацияларды жүзеге асыру қажеттілігі; 

- өткізуді ынталандыру және тауарлар мен қызметтерді жылжыту

- АӨК секторының барлық меншік түрлерінің қызметін  қысқа мерзімдік емес, ұзақ 

мерзімді  нәтижеге  бейімдеу,бұл  назарды  тұтынушыларға  қажет  өнімді  өндіру  мен 

болжамды зерттеулерге аударуды талап етеді. 

Маркетинг функциялары –  бұл  маркетингтік  қызметтің  тұрақты,  негізделінген 

және  спецификалық  бағыттарының    жиынтығы,  ол  маркетинг  мақсаттарымен объект 

бірлігіне негізделген шешімдерді дайындау, қабылдау және өткізу кезіндегі әрекеттердің 

ортақтығымен сипатталады. 

Маркетинг  функциялары  кәсіпорынның  шығарған  тауарлары  мен  қызметтерін 

сатып  алушымен  айырбастауды  басқару  процесімен  байланысты  маркетинг жүйесінде 

белгіленген қызмет түрін бейнелейді.

 

Маркетинг  көптеген  ұйымдар-тауар  өндірушілер  үшін  негізгі    басты 



функциялардың бірі бола тұра, өз кезегінде  5 негізгі функцияларды орындайды: 

- аналитикалық (талдау және синтез функциясы); 

- өнімдік-өндірістік (жасаушы); 

- өткізу (сату функциясы); 

- қалыптастырушы (көндіру және ынталандыру функциясы); 

- жоспарлау, басқару және бақылау функциясы.

 

Тәжірибелік  мақсаттарды  зерттеу  үшін  С.Р.Есимжановамен    маркетинг-микс 



элементтерін  басқару  бойынша  маркетинг  функцияларының  қатары  бөлінді.  Оларға 

төмендегі топтар жатады: 

- аналитикалық және зерттеу; 

- маркетинг-микс элементтерін басқару бойынша функция; 

- жоспарлау және бақылау функциясы. 

Бұл  маркетинг  үшін  басқарудың  кез  келген  типінің  функциясы  –  жоспарлау, 

ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау тән екендігін білдіреді[13]. 

Ауылшаруашылық  өнімдерінің  нарығында  тиімді  қызмет  ету  үшін,  ғылыми 

негізделген  және  оңтайлы  шешімдер  қабылдау  үшін  агромаркетинг  функциясын  білу 

қажет.  Маркетингтің  барлық  функцияларын  АӨК-де  екі  критерий:  құрамы  және  объект 

бойынша жіктеу керек. Біріншісін жалпы деп, ал екіншісін  – нақты деп атауға болады. 

Н.Д.Эриашвили  маркетингтің  жалпы  функцияларын  атап  кетті–  бұл  басқару, 

ұйымдастыру, жоспарлау, болжау және мақсатты жорамалдау, талдау, бағалау, есепке алу 

және бақылау, ал нақты  – нарықты зерттеу, тұтынушыны және оның сұранысын зерттеу, 

қоршаған ортаны талдау, тауар  саясатын жүзеге асыру, инфратауарлық қамтамасыз ету, 

тауардың  өмірлік  циклін  демеу,  бағаны  құру  және  баға  саясаты,  тауар  қозғалысы  және 

өнімді  өткізу,  коммерциялық  қызмет,  сыртқы  экономикалық  маркетинг  қызметі,  есеп-

қаржы қызметі, маркетингті басқару. 

Н.В.Джангарашева  маркетинг  қызметінің  келесі  функцияларын  қарастырды: 

көлденеңінен  жалпы  функциялар,  тігінен  –  нақты  функциялар  белгіленген,  ал  олардың 

қиылысқан  жерінде  –  жалпы  және  нақты  функциялардың  әсер  ету  объектілері 



358 

Open  access:

 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/



  

 

 



белгіленген.  Ұсынылған  сызбалар  жеке,  ол  кәсіпорын  қызметі  саласына  және  оның 

спецификалық  ерекшеліктеріне  байланысты.    Маркетинг  қызметінің  әрбір  нақты 

функциясына алты жалпы функция сәйкес келеді, сондықтан, сызбаны пайдалана отырып, 

маркетинг  қызметінің  қандай  да  бір  аспектілерін  талдау,  болжау,  жоспарлау, 

ұйымдастыру,  үйлестіру  жне  бақылау  міндеттері  мен  объектілерін  ашатын  маркетинг  

амалдарын  қалыптастыру  оңай.  Осы  ұсынылған  маркетинг  әдістері  мен  функцияларын 

Қазақстанның АӨК-інің маркетинг қызметін дамыту үшін қолдануға болады. 

Қолданылған дереккөздер тізімі 

1. 


Колз Ричард Л., Ул Джозеф Н. Маркетинг сельскохозяйственной продукции/ 

пер . с англ. В.Г. Долгополова.- М.: Колос, 2000.- 512 б. 

2. 

Robert E. Brenson, Douglas G. Norwell. Agricultural Marketing// USA, Iowa 



University Press. – 1991. - 620 б. 

3. Клюкач В.А. Развитие маркетинга в агропромышленном производстве.  Учебное 

пособие.-М.: Колос.-1994. 238 б.

 

4.  Маркетинг: учеб. для вузов/ Под ред. Н.Д. Эриашвили.-3-е изд. – М.: Банки и 



биржи, ЮНИТИ, ДАНА, 2003.- 631б.

 

5.  Есполов  Т.И.  Эффективность  агропромышленного  комплекса  Казахстана.- 



Алматы: НИЦ Ғылым; изд-во Агроуниверситет, 2002. – 448 б. 

6.  Куватов  Р.Ю.,  Нусипов  Ж.С.  Развитие  агропромышленного  производства  в 

условиях рыночной экономики: проблемы и приоритеты (на материалах Республики 

Казахстан). – Алматы, 2005. – 448 б.  

7.   Организация агробизнеса/ под ред. С. Абдильдина: учеб.  Алматы: - Казосагру, 

2001, 456стр.- 89 б.  

8. Рахимбаев А.Б., Бельгибаев А.К. Теория и практика маркетинга: Учебное 

пособие. Алматы: «Юридическая литература», 2007с. 375 – 18 б. 

9.  Джангарашева  Н.В.  Развитие  маркетинга  в  агропромышленном  комплексе 

Казахстана (теория, методология, практика): дис. доктора экон. наук/ РГП НИИ 

экономики АПК и развития сельских территорий. – Алматы., 2007. – 317б. 

10.Нагапетьянц Н.А. Прикладной маркетинг: Учеб пособие для вузов.-М.: ЮНИТИ 

–ДАНА, 2000.-272 б. 

11.  Багиев Г.Л., Тарасевич В.М., Анн Х. Маркетинг / под общ.ред. Г.Л.  Багиева. – 

2-е изд.-М.: Экономика. 2001. – 718 б. 

12.  Маркетинг/ Под ред . проф. Уткина Э.А.-М.: Издателство ЭКМОС, 1999. 320 б. 

13.  Есимжанова С.Р. Маркетинг в Казахстане: теория, методология, практика: 

Монография.- Алматы: Аян-Эдет, 2001.- 288 б. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




жүктеу 4,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   228




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау