355
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
АӨК маркетингінің тәжірибелік жағының көкейкестілігі АӨК ғылыми-зерттеу
институтының ғалымдарының және ауыл аумақтарын дамыту анықтамаларында көрініп
тұр, соған сай: «маркетинг – бұл бір жағынан, сатып алушылардың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға, екінші жағынан, пайда алуға және өндірушілердің табыстарын
ұлғайтуға бағдарланған өндірістік, коммерциялық және өткізу қызметін ұйымдастырудың
және басқарудың кешенді жүйесі».
Қазақстанның ғалымдары арасында Т.И.Есполов «маркетингті кәсіпорынмен
ұйымдастыру және басқару әдісі ретінде» қарастырады, ол «…өндірістік-өткізу қызметін
қолайлы реттеуге» мүмкіндік береді [5].
Р.Ю.Куватов авторлармен бірге, ауылшаруашылық кәсіпорындары қызметінің
маусымдық сипатын ескере отырып әділ атап көрсетеді: «ауылшаруашылық өнімдері
маркетингі, бұл жылдам бұзылатын тауарлар және өздерінің маусымдығына қарай
олардың өндіру, сақтау және тасымалдау ерекшеліктерін ескеретін ерекше маркетингтік
тәсілдерді пайдалануды талап етеді» [6].
С.А.Абдильдин маркетинг деп белгілі мұқтаждарды қанағаттандыратын өнімдерді
әзірлеу процесін, бағаның құралуын, тауарлар мен қызметтерді бөлуді және қозғалысын
атайды. Маркетинг, осылай, нарықтар зерттеулерін, жаңаларды әзірлеуді және бар
өнімдерді жетілдіруді, бөлуді, жарнаманы, тауарлардың нарықтағы қозғалысын
біріктіреді. [7].
Маркетингте бастысы, А.Б.Рахимбаев және А.К.Белгібаев айтқандай – «екі
бірыңғай және өзін-өзі толықтырушы ықпал. Бір жағынан, бұл нарықты, сұранысты,
талғамдарын және қажеттіліктерді мұқият зерттеу, өндірістің осы талаптарға бейімделуі,
екінші жағынан - нарыққа белсенді әсер және қажеттіліктер мен сатып алу
қажеттіліктерін қалыптастыруға бар сұраныс» [8].
Н.В.Джангарашева маркетингті кешенді біріктірілген жүйе ретінде қарастырады:
«АӨК маркетинг – бұл өндірісті ұйымдастыру және жүзеге асыру негізінде, нарықты жан-
жақты талдаған кезде, барынша пайда алу және алға қойылған әлеуметтік-экономикалық
міндеттерге жету мақсатында, қоғам мүддесін және қоршаған ортаны қорғауды сақтауды
ескеріп, тұтынушылардың тамақ өнімдеріне қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталған концепцияларының, әдістерінің, функцияларының және кәсіпкерлік қызмет
жағдайындағы іс-шараларының кешенді жүйесі» [9].
Мағынасы бойынша, агроөнеркәсіп маркетингі – бұл халықтың тамақ өнімдеріне
төлем қабілетті сұранысын барынша қанағаттандыру және агробизнес мақсаттарына жету
үшін ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және жүзеге асыру жағдайын құрайтын ортаға
зерттеу, болжау және әсер ету.
Агроөнеркәсіп өндірісінде және жеке азық-түлік кешенінде маркетинг жүйесінің өз
ерекшеліктері бар. Н.А.Нагапетьянц АӨК маркетингінің төмендегідей ерекшеліктерін
қарастырады:
- өндірістің табиғат жағдайларымен, астықтылығымен және ауылшаруашылық
жерлерін пайдалану интенсивтілігімен;
- өндірілетін тауардың мәнділігімен, ол оны өндіруге, сақтауға және тасымалдауға
қойылатын ерекше талаптар ұсынады;
- өнімді өндіру және оны тұтыну уақытымен сәйкес келмеуі;
- өндірістің маусымдық сипатымен;
- АӨК жүйесіндегі жеке меншік түрінің көп түрлілігімен, ол маркетингтік
зерттеулер әдістеріне қойылатын ерекше талаптар ұсынады;
- шаруашылық етудің әртүрлі ұйымдық түрлерінің барлығымен (колхоздар,
совхоздар, фермерлік шаруашылықтар және тағы басқалар);
- бәсекелестік күресте дұрыс маркетингтік шешімдерді қабылдауды,
тұтынушылардың тауар сапасына қатысты сұранымдарын қанағаттандыруды
қиындататын ауылшаруашылық өнімдерін өндіру циклі және тұтыну ұзақтығымен;
- маркетингтің басқа жүйелерімен салыстырғанда агромаркетингтің өте жоғары
сезімталдығымен, қабылдағыштығымен және өзін-өзі басқаруымен[10].
356
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Маркетинг мәнінен оның негізгі принциптері шығады. Бірақ көптеген
авторлардың маркетинг принциптерін анықтау жөніндегі позициялары әртүрлі.
Маркетингтің негізгі принципі тұтынушылық сұранысқа бейімделу болып
табылады. Осы ретте маркетинг стратегиясы бейімделуді өндірілмеген өнімге емес,
клиенттердің нақты қажеттіліктеріне бейімдеуді жорамалдайды. Маркетингтің мәніне
сәйкес Г.Л.Багиев оның төмендегідей негізгі принциптерін бөледі:
1)
тұтынушыға қажеттіні ғана өндіру;
2)
нарыққа тауарлар және қызметтер ұсынысымен емес, тұтынушылардың
мәселелерін шешу құралдарымен шығу;
3)
тауар өндіруді қажеттіліктер мен сұраныстарды зерттегеннен кейін
ұйымдастыру;
4)
күштерді фирманың өндірістік-экспорттық қызметінің соңғы нәтижесіне қол
жеткізуге шоғырландыру;
5)
алға қойылған мақсаттарға жету үшін бағдарлы – мақсаттық әдіс пен
кешенді тәсілді пайдалану, ол маркетинг кешенінің құралдарын пайдалану негізінде
маркетинг бағдарламаларын ұсынады;
6)
тауарды өндіруденарық талаптарына тез бейімделетін тактика мен
стратегиялардықолдану;
7)
тұтастай кәсіпорын қызметін және маркетинг қызметін негізінен қысқа
мерзімдік нәтижеге емес, нарықтағы тауарларды стратегиялық жоспарлауды және
болжауды жүзеге асыру негізінде тиімді коммуникациялардың ұзақ мерзімді
перспективасына бейімдеу;
8)
тауарлардың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде олардыөндіру және
бөлудің әлеуметтік және экономикалық факторларын ескеру;
9) сұраныс мен ұсыныстытеңестіру мақсатында жоспарлардың өзара әрекетін және
салааралық координациясын ұстау;
10) фирманың немесе тауардың нарықтағы имиджін және бәсекелік
басымдылықтарын қалыптастыру процесінде белсенділікке ұмтылу [11].
Бірақ көптеген жағдайларда тұтынушылар бұрын кездеспеген жаңа тауарды немесе
тауардың жаңа сапасын сипаттай алмайды. Демек, нарыққа жаңа тауармен шығуға бел
буған өндірушілер потенциалды тұтынушыларға қажетті ақпаратты жеткізулері тиіс.
Сондықтан маркетингтің басқа принципі тұтынушылық сұранысқа белсенді әсер ету
немесе басқа сөзбен айтқанда, тұтынушылық сұранысты қалыптастыру болып табылады.
Э.А.Уткин сондай-ақ назарды төмендегі маңызды принциптерге аударады:
- клиенттердің қажеттіліктеріне, сұраныс және нарық коньюктурасының жағдайы
мен динамикасына қатысты шаруашылық шешімдерді қабылдауда мұқият есептеу, ол
сұраныс шамасына, нарықтағы бәсекелестердің қызметіне, тұтынушылар тәртібіне
қатысты жағдайларды білуді ұсынады. Осы ретте тұтынушылар өздеріне не керек екенін
жақсы біле бермейді, сондықтан маркетингтің басты міндеттерінің бірі –
тұтынушылардың нені қалайтынын түсіну;
- өндірісті минуттық пайдаға емес, ұзақ мерзімді перспективалардан шыққан нарық
талаптары мен сұраныс құрылымына барынша бейімделуге жағдайлар жасау;
- потенциалдыы тұтынушыларды ақпараттандыру және оларға барлық қол жетімді
құралдардың, бәрінен бұрын жарнаманың көмегімен дәл осы тауарды сатып алуға көндіру
мақсатында әсер ету. Жаңа тауарларды өңдеу және жылжыту көптеген кәсіпорындардың
басты міндеті болып табылады, ол олардынарыққа табысты жылжытуда маңызды қызмет
етеді [12].
Жоғарыда айтылғандардан маркетинг принциптері бірыңғай тұрақталған
концепцияны ұсынбайды деген тұжырым жасауға болады. Әртүрлі авторлардың оларға
және оларды бөлу критерийлеріне өз пікірлері бар.
Кез келген шаруашылық етуші субъектінің басты мақсаты тұтынушы талап
ететінді шығару үшін сұраныс мен ұсыныстың сәйкестігін қамтамасыз ету. Ол үшін үнемі
нарықты, яғни өнімдер мен қызметтерді, бағаны, сондай-ақ потенциалды