349
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
- үйде оқытылып, тәрбиленетін мүгедек-балаларға [2].
БҰҰ ның мәліметінше дүние жүзінде халықтың он пайызы, яғни алты жүз
миллионнан астам адам мүгедек болса, Қазақстандағы бұл көрсеткіш төрт жүз мың адам,
яғни халықтың үш пайызын құрап отыр. «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді
әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңы, 2002 жылдың 11 шілдесіндегі «Мүмкіндіктері
шектеулі балаларды әлеуметтік және әдістемелік-педагоникалық коррекциялы қолдау
туралы» ҚР Заңы, 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді қатарға қосу бағдарламасы
және тағы басқа заңнамалық құжаттар мүгедек жандарға қолдаулар көрсетеді. . Осындай
заңнамалар бойынша мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы оларға әлеуметтік,
медициналық және әлеуметтік, кәсіби жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты
бағыттағы қоғамдық өмірге оралтуға байланысты өткізілетін шаралармен жүзеге асады.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектер мен мүгедек – балаларға 0,5 пайыздық кәсіби
және жоғары білім алуларына берілетін квота қарастырылған. Жоғары оқу орындарында,
мемлекеттік тапсырыс пен мемлекеттік грант бойынша оқып жатқан мүгедектерге
стипендиялық қамтамасыз етуде жеңілдіктер беріледі [3]. Әлеуметтік саясаттың негізін
салушылардың бірі Питирим Сорокин «Ғылым деген не деген » кітабында «Әлеуметтік
саясат – әлеуметтік медицина» деген екен. Осы тұста мүмкіндігі шектеулі жандарды
қолдап, қорғауда кейбір өзекті мәселелер бар. Мәселен Заңға сәйкес мүгедектер
сауықтыру бағдарламаларына орай протез – ортопедтік көмекпен, қозғалуға байланысты
әлеуметтік жабдықтармен, сурдо – тифложабдықтармен және басқа да техникалық
құралдармен, сонымен қатар мемлекеттік бюджеттен бөлінетін мемлекеттік тапсырыс
бойынша сауықтыру, емдеу шараларымен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл шаралар
толыққанды жасалынуына бақылауды күшейту керек. Сонымен бірге мүгедектіктің алдын
алу, еңбекке қабілетті бөлігін жұмыспен қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау
және ақпараттық ортаға тиісінше қол жеткізу мәселелерін өз шеңберінде жүзеге асыру
тым өзекті мәселе болып табылады. Мәселен заң бойынша мүгедек жандарды жұмысқа
алуы тиіс болса да, кейбір ұйым, мекеме басшылары физиологиялық кемшілігіне
байланысты мамандықтың кәсіби иесі болған мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа
қабылдамай жатады.
Қазіргі заманның өзінде, дамыған батыс елдерінің көбісінде инвестицияны
әлеуметтік аяға, соның ішінде адамзат капиталына салу, ұлттық байлықтың материалды-
заттай элементтеріне салынатын капитал салымына қарағанда әлдеқайда жылдам артуда.
Сондықтан да бағытты әлеуметтік жағдайға қарай бұрған кезде, қайта бағытталудың
мақсаты мен соңғы нәтижесі болып, экономикалық өсудің негізгі көзі мен экономиканың
ең негізгі факторы болып табылатын – адамзат капиталының өсуі ескерілуі қажет.
Аймақтарды әлеуметтік–экономикалық дамуы бойынша жіктеу бұрынғыша өндіріс
көлемі, жан басына шаққандағы ЖІӨ, инвестициялық белсенділік, өмір сүру деңгейінің
төмендеуі, жұмыссыздықтың өсуі және экологиялық жағдайдың нашарлауы, сонымен
қатар барлық осы және басқа да көрсеткіштерді біріктіретін – адамдық даму индексінен
көрінеді. Адамдық даму индексі( АДИ)-елдегі жалпы жетістіктерді үш негізгі
көрсеткіш: өмір сүру ұзақтығы, білімділік деңгей және өмір сүру деңгейі бойныша
өлшейді. Дамудың барлық деңгейінде адамдық дамудың үш негізгі мүмкіндігі
өзгермейді: адам қалыпты өмір сүру деңгейі үшін қажетті ресурстарға қол жеткізуі
және білімді болу, ұзақ және дені сау өмірмен тіршілік етуі керек.
Адам дамуы туралы ғалами есепке жүгінсек, жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі
бойынша бірдей даму деңгейінде тұрған елдер Үкіметтің халыққа деген қамқорлығының
дәрежесі бойынша әр түрлі бола алатыны байқалады. Және керісінше, адам дамуының
жоғары деңгейі жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі елеулі төмен елдерде тіркелген. Бұл
жайт экономикалық дамудың кешендік әлеуметтік даму бағдарламасымен қатар ғана адам
тұрмысының сапасын арттыруға тиімді түрде себебін тигізе алатындығын дәлелдейді.
Мемлекет халықтың әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін жақсарту мақсатында белгілі бір
әлеуметтік саясат жүргізеді. Ал мемлекеттің кірісті қайта бөлу функциясы мемлекетің
салық жүйесі арқылы, сондай-ақ әр түрлі мемлекеттік бағдарламалары арқасында тұрмыс
350
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
деңгейі нашарларға – мемлекеттік көмек көрсету, жұмыспен қамту аясында да белгілі
саясаттар жүргізу арқылы жүзеге асырылады[4].
Экономикалық саясатты жүргізудің барлық құралдары бір-бірімен тығыз
байланыста. Бірақ та бұлардың ешқайсысы бір-бірінен жекеленіп әрекет етпейді.
Әйткенмен бұларды нақты бір салада пайдалану кезінде, басқаларына тигізетін әсерін
ескерген жөн.
Қоғамның әлеуметтік –экономикалық қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі,
өндірілген жалпы қоғамдық өнімнің көлеміне байланысты. Ұлттық табыстағы әлеуметтік
қажеттілік көлеміне шектеу енгізу күнкөріс минимумын; минималды тұтыну бюджеті;
тұтыну корзинасының құны; еңбек ақы, зейнетақы, жәрдем ақы және шәкірт ақы төлеудің
минималды мөлшері сияқты тұтынудың әлеуметтік нормативтерін пайдалануға
мұқтаждық етеді. Инфляциялық жағдайда халықтың өмір сүруінің қажетті әлеуметтік
деңгейін сақтап тұруы үшін еңбек ақы мен әлеуметтік төлемдерге индексация жүргізіледі,
өтемдік үстемақылар ұсынылады. Мұнымен қатар, халықтың әлеуметтік қажеттілігі мен
оны қанағаттандырудың негізі болып, еңбек ақы төлеу түрлері мен жүйелері, табыс және
әлеуметтік салықтардың мөлшерлемелеріарқылы еңбек ақыны салықтық реттеуі,
тұтынуға бағытталған қордың өсімін немесе еңбек ақы төлеудің жалпы қорын реттеуі
саналады.
Қазақстан Республикасында, ТМД-ға мүше елдердің бірқатарына қарағанда, соңғы
жылдары жалпы ішкі өнімнің өсуіне, экономиканың тұрақты дамуға жетуіне, номиналды
және нақты жалақы деңгейінің жоғарлауына байланысты жағымсыз тенденцияларды
жоюға мүмкін болды. Нәтижесінде республика тұрғындарының өмір сүру деңгейі
жоғарлады, бұл күнкөріс минимумынан төмен табысы бар тұрғындар үлесінің бірталай
қысқаруынан көрінді .
Сонымен бiрге бұл мәселеде мемлекеттiң көңiл аударуын талап ететiн бiрқатар
мәселелер бар. Олардың iшiнде мыналарды бөлiп айтуға болады:
- жұмысқа орналасу мәселелерi бойынша әлеуметтiк әрiптестiктi жетiлдiру
қажеттiгi (Дәл қазiр кәсiпкерлер, кәсiподақтар және өкiмет арасындағы мүдделi
келiстiрудiң осынау маңызды тетiгiнiң әлуетi дәл осы бағытта жеткiлiксiз пайдалануда);
- еңбек және жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi күшiнде бар заңдардың
еңбекшiлер құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету бөлiгiн жақсарту мәселесiн
ойластыра түсу қажеттiгi. Қолайлы макроэкономикалық жағдай білімге, денсаулық
сақтауға, әлеуметтік қорғауға жұмсалатын мемлекттік шығыстардың ұлғаюына әсер етеді
және осы қадамдар әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы іс-әрекеттерге айналуы тиіс[5].
Қолданылған дереккөздер тізімі
1. Халықты әлеуметтік қорғаудың концепциясы.- Алматы, 2001г.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егемендi мемлекет ретiнде қалыптасуы мен
дамуының стратегиясы. – Алматы, 1993
3. Назарбаев Н.Ә. ХХI ғасыр қарсаңында. – Алматы, 1996
4. Рахимбаев А.О,Сабатаева Б.О, Менеджмент, Алматы. 2013
5. Мұқтар Е.С. Жергілікті басқару және өзін-өзі басқару // ҚазҰУ хабаршысы.
Экон.серия.2006 №3 -55б.