Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28
21
22-бап. Қондырғыларды пайдаланудан шығару, ядролық немесе радиациялық
қондырғыны пайдаланудан мерзімінен бұрын шығару және көму
пункттерін жабу
1. Пайдаланушы ұйым ядролық қондырғыны немесе көму пунктін жобалау сатысында
ядролық қондырғыны пайдаланудан шығарудың немесе көму пунктін жабудың алдын ала
жоспарын Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы
заңнамасына сәйкес әзірлейді.
2. Пайдаланудан шығарудың алдын ала жоспары ядролық қондырғыны пайдаланудан
шығару немесе көму пунктін жабу кезеңдерінің, негізгі конструкцияларды бөлшектеу
әдістерінің, жұмыстардың құнын бағалау мен оларды орындау мерзімдерінің, қажетті
ресурстардың сипатын, ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жөніндегі шараларды, ядролық қондырғыны пайдаланудан шығарғаннан
кейін немесе көму пунктін жапқаннан кейін оларды орналастыру алаңының негізгі
нормалары мен сипаттамаларын қамтиды.
3. Ядролық қондырғыны немесе көму пунктін пайдалану кезінде пайдаланудан
шығарудың алдын ала жоспары жаңа техникалық және технологиялық әзірлемелер,
ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарының өзгерістері,
жұмыстардың құны мен талап етілетін ресурстар ескеріле отырып, қайта қаралуға және
жаңғыртылуға жатады.
4. Ядролық қондырғыны пайдаланудан шығару немесе көму пунктін жабу туралы
шешім қабылдау кезінде пайдаланушы ұйым сол уақытта қолда бар технологияларды,
әдістемелерді, экономикалық көрсеткіштерді, Қазақстан Республикасының атом
энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып,
пайдаланудан шығарудың түпкілікті жоспарын жасайды. Пайдаланудан шығарудың
түпкілікті жоспары ядролық қондырғыны пайдаланудан шығару немесе көму пунктін жабу
жөніндегі жұмыстарды жобалау және жүргізу үшін негіз болып табылады.
5. Пайдаланушы ұйым қондырғыны пайдалануды тоқтату туралы шешімді өмірлік
циклдің кез келген кезеңінде дербес қабылдайды. Бұл ретте пайдаланушы ұйым
қабылданған шешім, пайдаланудан шығару жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру
басталатын күн мен оның мерзімдері туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
Пайдаланушы ұйым пайдаланудан шығару жоспары бойынша жұмыстардың толық
көлемде орындалуын қамтамасыз етеді.
6. Ядролық қондырғыны пайдаланудан мерзімінен бұрын шығару туралы шешімді
ядролық және (немесе) радиациялық аварияға алып келген немесе алып келуі мүмкін,
ядролық қондырғыны қауіпсіз пайдалану талаптары бұзылған жағдайда және пайдаланушы
ұйымның ядролық қондырғыны одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге
негізделген мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан
Республикасының Үкіметі қабылдайды.
7. Көму пунктін жабу туралы шешімді оны жабу жөніндегі іс-шаралар аяқталған кезде
уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Уәкілетті органның ұсынуы:
1) көму пунктін пайдалану салдарынан ластанған аумақты рекультивациялауды;
2) көму пункті орналасқан алаңдағы радиациялық ахуалды бақылап өлшеуді жүргізуді;
3) көмілген радиоактивті қалдықтарды, көму пунктінің конструкциясын, көму пункті
орналасқан алаңның геотектоникалық, геологиялық және геофизикалық сипаттамаларын
толық сипаттай отырып, құжаттама топтамасын архивке беру үшін ресімдеуді қамтитын,
пайдаланушы ұйым орындаған көму пунктін жабу жөніндегі іс-шараларға негізделеді.
23-бап. Авариялық әзірлік және ден қою
1. Ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспары:
Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28
22
1) ядролық немесе радиациялық аварияның әсер ету факторлары авариялық ядролық,
радиациялық немесе электрофизикалық қондырғы орналасқан алаңның шегінен тысқары
шыққан немесе олардың шығу қатері болған жағдайда;
2) әсері немесе әсер ету қатері Қазақстан Республикасының аумағына таралатын, басқа
мемлекеттің аумағында орын алған трансшекаралық ядролық немесе радиациялық
авариялар кезінде уәкілетті органның шешімімен қолданысқа енгізіледі.
2. Ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспары:
1) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының,
сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ядролық немесе радиациялық авария
жағдайындағы құқықтары мен міндеттерін;
2) ядролық және радиациялық аварияларға әзірлік және ден қою жөніндегі әрекеттер
мен іс-шараларды басқару тәртібін;
3) ядролық немесе радиациялық авария жағдайында және оның салдарын жою
жағдайында ұйымдар мен мемлекеттік органдардың әрекеттерін үйлестіруді айқындайды.
3. Уәкілетті орган тиісті ядролық немесе радиациялық авария туралы ақпаратты алған
кезде ол жөнінде, сондай-ақ ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық
жоспарын қолданысқа енгізу туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға дереу
хабарлайды.
4. Пайдаланушы ұйымдар аварияларға қарсы іс-шаралар жоспарларын Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлейді және бекітеді. Аварияларға қарсы іс-
шаралар жоспарларында оқыс оқиғалар кезінде және авариялар мен олардың салдарын жою
кезінде ядролық, радиациялық немесе электрофизикалық қондырғының радиациялық
қауіптілік санатына сәйкес персоналға, тұрғындарға және қоршаған ортаға ықтимал әсерді
барынша азайту жөніндегі әрекеттер тәртібі мен іс-шаралар көзделеді.
5. Пайдаланушы ұйымдар атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс
істеудің барлық кезеңінде авариялық әзірлік және ден қою жөніндегі іс-шаралардың
орындалуын қамтамасыз етеді.
6. Атом энергиясын пайдалану саласында трансшекаралық авариялар немесе оқыс
оқиғалар туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық
шарттарға сәйкес уәкілетті орган азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен
бірлесіп, құлақтандыру және ден қою жөніндегі шараларды қабылдайды.
4-тарау. ЯДРОЛЫҚ, РАДИАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКАЛЫҚ
ҚАУІПСІЗДІК САРАПТАМАСЫ. ЯДРОЛЫҚ, РАДИАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЯДРОЛЫҚ
ФИЗИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САРАПТАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН
ҰЙЫМДАРДЫ АККРЕДИТТЕУ
24-бап.
Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамасы
1. Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасы
радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы ядролық қондырғылардың, радиациялық
және электрофизикалық қондырғылардың, көліктік қаптама комплектілерінің қауіпсіздігін
олар ықтимал қауіп төндіруі мүмкін бүкіл уақыт кезеңіне тәуелсіз бағалауды жүзеге асыру
мақсатында жүргізіледі.
2. Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын
жүргізудің мерзімділігі үш жылда бір рет болады.
3. Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын осы
қызмет түрін жүзеге асыруға уәкілетті органда аккредиттелген ұйымдар жүргізеді. Бұл
ретте атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын жеке
тұлғамен немесе пайдаланушы ұйымның лауазымды адамдарымен жақын туыстық немесе
жекжаттық қарым-қатынаста тұрған адам, сондай-ақ атом энергиясы пайдаланылатын
Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28
23
объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын жеке тұлғамен, пайдаланушы ұйыммен еңбек
қатынастарында немесе өзге де шарттық қатынастарда тұрған жеке тұлғалар сарапшы бола
алмайды.
4. Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасына
құжаттарды пайдаланушы ұйым немесе атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді
пайдалануды жүзеге асыратын жеке тұлға ұсынады.
5. Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу
нәтижелері бойынша сараптама объектісін іске асыру жөнінде шешім қабылдауға жол беру
мен ықтималдық туралы қорытынды беріледі.
6. Сараптаманың теріс қорытындысын алу сараптама қорытындысында көрсетілген
барлық ескертулерді жойған пайдаланушы ұйымды немесе атом энергиясы
пайдаланылатын объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын жеке тұлғаны сараптама
жүргізу үшін қайта өтініш беру құқығынан айырмайды.
7. Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын
қаржыландыру пайдаланушы ұйымның немесе атом энергиясы пайдаланылатын
объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын жеке тұлғаның қаражаты есебінен немесе
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен
жүзеге асырылады.
25-бап.
Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамасының объектілері
Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасына:
1) радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы ядролық қондырғыларды,
радиациялық және электрофизикалық қондырғыларды орналастыру және салу алаңдарын
таңдау жөніндегі жобалау құжаттамасы;
2) радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы ядролық қондырғыларды,
радиациялық және электрофизикалық қондырғыларды, көліктік қаптама комплектілерінің
жобалау және пайдалану құжаттамасы;
3) радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы ядролық қондырғыларды,
радиациялық және электрофизикалық қондырғыларды, көліктік қаптама комплектілерін
техникалық жаңғыртуға арналған жобалау құжаттамасы;
4) радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы ядролық қондырғыларды,
радиациялық және электрофизикалық қондырғыларды, көліктік қаптама комплектілерін
пайдаланудан шығару жөніндегі жобалау және пайдалану құжаттамасы жатады.
26-бап.
Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу
1. Уәкілетті орган ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуден өткізеді.
2. Аккредиттеу жүргізудің нәтижелері бойынша аккредиттеу туралы куәлік беріледі.
Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі үш жылды құрайды. Аккредиттеу туралы
куәлік аккредиттеу саласын, аккредиттеу саласындағы жұмыс түрлерін, қолданылатын
есеп-қисап әдістемелері мен бағдарламалық-техникалық құралдарды қамтиды.
3. Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге
асыратын ұйымның:
1) аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызметте
кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі;
2) аккредиттеудің тиісті саласындағы жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуге
қабілетті білікті персоналы;
3) мәлімделген жұмыс түрлерін орындау үшін бағдарламалық-техникалық құралдары
және (немесе) есеп-қисап әдістемелері болуға тиіс.
Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28
24
4. Аккредиттеу туралы құжаттарды қарауды уәкілетті орган олар келіп түскен күннен
бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
5. Мыналар:
1) ұсынылған құжаттарда анық емес ақпараттың болуы;
2) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
талаптарға сәйкес келмеуі;
3) өтініш берушінің персоналы біліктілігінің мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес
келмеуі;
4) есеп-қисап әдістемелері мен бағдарламалық құралдарының мәлімделген аккредиттеу
саласына сәйкес келмеуі;
5) мәлімделген қызмет түрімен айналысуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы
өтініш берушіні аккредиттеуден бас тартуға негіз болып табылады.
Аккредиттеуден бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
6. Аккредиттелген ұйымдар:
1) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша аккредиттеу саласындағы қызметті жүзеге
асыруға байланысты құжаттаманы ұсынуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда,
жұмыстарды орындау барысында алынған құпия ақпаратты жария етпеуге міндетті.
7. Уәкілетті орган ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді.
8. Аккредиттелген ұйымдар ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамасын жүргізу кезінде уәкілетті органмен келісілген есеп-қисап әдістемелерін
қолданады.
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
27-бап. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы
заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын
бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
28-бап. Атом энергиясы пайдаланылатын объектiлермен тиісінше жұмыс істемеу
салдарынан келтірілген зиянды өтеу
1. Атом энергиясы пайдаланылатын объектiлермен тиісінше жұмыс істемеу салдарынан
жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес өтелуге жатады.
2. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен тиісінше жұмыс істемеуге кінәлі
жеке және заңды тұлғалар, жерді рекультивациялауға және топырақ құнарлылығын
қалпына келтіруге жұмсалған шығындарды қоса алғанда, жерге, суға, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесіне келтірілген нұқсанды Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен өтеуге міндетті.
29-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң алғашқы ресми
жарияланған
күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi.
2. «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы
Заңының
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №7,
83-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 18-құжат; №8, 52-құжат;
2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; 2012 ж., №15, 97-
құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №10, 52-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 жылғы 3
Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28
25
қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері
бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан
Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы қаңтардың 12-і.
№ 442-V
Достарыңызбен бөлісу: |