«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы №442-v заңы (2018. 24. 05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



жүктеу 0,57 Mb.
Pdf просмотр
бет9/11
Дата30.12.2019
өлшемі0,57 Mb.
#25562
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 

Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ 

Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28

 

17 



2. Салу және салу ауданы туралы шешім қабылданғаннан кейін ядролық қондырғыны 

немесе көму пунктін орналастыру алаңын таңдау жұмыстары жүргізіледі. 

3. Ядролық қондырғыны немесе көму пунктін орналастыру алаңы: 

1) табиғи және (немесе) техногендік сипаттағы ықтимал сыртқы әсерлер; 

2) радиоактивті заттардың ықтимал көшірілуі; 

3)  ядролық  қондырғыны  немесе  көму  пунктін  пайдалану  нәтижесінде  немесе  оқыс 

оқиғалардың немесе авариялардың туындауы салдарынан халыққа және қоршаған ортаға 

келтірілетін нұқсанды болғызбау мүмкіндігі ескеріле отырып, айқындалуға тиіс. 

4. Ядролық қондырғыны немесе көму пунктін жобалау, салу және пайдалануға беру осы 

Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 

5.  Ядролық  қондырғылардың  және  көму  пункттерінің  жобалау  құжаттары  міндетті 

түрде  мемлекеттік  экологиялық  және  санитариялық-эпидемиологиялық  сараптамалардан 

өткізіледі. 

6. Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін салуға заңды тұлғаларға ғана рұқсат 

етіледі. 

7. Ұлттық қауіпсіздікке қатер төнген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Үкіметі 

ядролық  қондырғыны  немесе  көму  пунктін  салуды  тоқтату  туралы  шешім  қабылдауға 

құқылы. 


  

13-бап. Ядролық физикалық қауіпсіздік 

1.  Атом  энергиясын  пайдалану  саласындағы  қызметті  жүзеге  асыру  кезінде 

пайдаланушы ұйым ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. 

2.  Ядролық  физикалық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  мақсатында  атом  энергиясы 

пайдаланылатын объектілерді физикалық қорғау жүзеге асырылады, ол: 

1) атом энергиясы пайдаланылатын объектіні ядролық материалдарды рұқсатсыз алып 

қоюдан, ұрлаудан немесе ядролық қондырғыны заңсыз басып алудан қорғауды; 

2) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді диверсиядан қорғауды; 

3)  атом  энергиясы  пайдаланылатын  объектілерде  болуы  ықтимал  диверсияның 

радиологиялық салдарын жеңілдетуді немесе барынша азайтуды қамтамасыз етуге тиіс. 

3.  Радиациялық  қауіптілігі  1  және  2-санаттардағы  ядролық  қондырғыларды  күзетуді 

ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері жүзеге асырады. 

  

14-бап.  Ядролық  материалдар  мен  иондандырушы  сәулелену  көздерiн 

мемлекеттік есепке алу 

1.  Ядролық  материалдар  мен  иондандырушы  сәулелену  көздерi  уәкілетті  орган 

айқындайтын тәртіппен мемлекеттiк есепке алынуға жатады. 

2.  Ядролық  материалдар  мен  иондандырушы  сәулелену  көздерін  мемлекеттік  есепке 

алу  ядролық  материалдардың,  иондандырушы  сәулелену  көздерінің  қолда  бар  санын, 

олармен  жұмыс  істеу  кезінде  олардың  орын  ауыстыруын  және  орналасқан  жерін 

айқындауды қамтамасыз етеді. 

3.  Атом  энергиясы  пайдаланылатын  объектілермен  жұмыс  істеуді  жүзеге  асыратын 

жеке  және  заңды  тұлғалар  уәкілетті  органға  ядролық  материалдар  мен  иондандырушы 

сәулелену көздерiнің бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы есептерді 

ұсынады. 

4.  Уәкілетті  орган  иондандырушы  сәулелену  көздерінің  бар-жоғы,  орын  ауыстыруы 

және орналасқан жері туралы алынған ақпаратқа талдау мен салыстыруды жүзеге асырады 

және оны иондандырушы сәулелену көздерінің тізіліміне енгізеді. 

  

15-бап.  Атом  энергиясын  пайдалану  саласында  экспорт  пен  импортты  жүзеге 

асыру 

1.  Ядролық  және  арнайы  ядролық  емес  материалдардың,  жабдықтардың, 

қондырғылардың,  технологиялардың,  иондандырушы  сәулелену  көздерінің,  қосарлы 



Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 

Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ 

Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28

 

18 



қолданылатын  (мақсаттағы)  жабдықтардың  және  тиісті  тауарлар  мен  технологиялардың, 

оларды  шығаруға  байланысты  жұмыстардың,  көрсетілетін  қызметтердің  экспорты  мен 

импорты  уәкілетті  органның  келісуі  бойынша  экспорттық  бақылау  саласындағы 

мемлекеттік  реттеуді  жүзеге  асыратын  уәкілетті  мемлекеттік  органның  лицензиясы 

негізінде жүзеге асырылады. 

2. Өнімнің немесе зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерінің экспортына, егер 

мұндай өнім немесе зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері ядролық қаруды немесе 

оның  компоненттерін  әзірлеуде,  жасауда,  сынауда  және  беруде  пайдаланатындығы 

экспорттаушыға анық белгілі болса, тыйым салынады. 

3. Атом энергиясын пайдалану саласындағы экспорттық бақылаудың нормалары мен 

талаптарын  қамтамасыз  ету  мақсатында  экспорттаушылар  Қазақстан  Республикасының 

экспорттық  бақылау  туралы 

заңнамасына

  сәйкес  фирмаішілік  экспорттық  бақылау 

жүйелерін құрады. 

  

16-бап.  Ядролық  материалдарды,  радиоактивті  заттарды  және  радиоактивті 



қалдықтарды тасымалдау 

1.  Ядролық  материалдарды,  радиоактивті  заттарды  және  радиоактивті  қалдықтарды 

тасымалдау  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  және  Қазақстан  Республикасы 

ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. 

2.  Ядролық  материалдарды,  радиоактивті  заттарды  және  радиоактивті  қалдықтарды 

тасымалдау  көліктік  қаптама  комплектілерін  дайындауға  және  оларға  қызмет  көрсетуге, 

сондай-ақ  жүктерді  дайындауға,  тиеуге,  жөнелтуге,  транзиттік  сақтауды  қоса  алғанда, 

тасуға,  соңғы  межелі  пунктте  түсіруге  және  қабылдап  алуға  байланысты  барлық 

операциялар мен жағдайларды қамтиды. 

3.  Жүк  жөнелтуші,  тасымалдаушы  және  жүк  алушы  ядролық,  радиациялық  және 

ядролық  физикалық  қауіпсіздік  талаптарының  орындалуын  қамтамасыз  етуге,  сондай-ақ 

Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  тасымалдауды  қауіпсіз  орындауға 

қажетті жағдайларды жасауға міндетті. 

4.  Ядролық  материалдарды,  радиоактивті  заттарды  және  радиоактивті  қалдықтарды 

тасымалдау  атом  энергиясын  пайдалану  саласындағы  тиісті  қызмет  түріне  лицензиясы 

болған кезде жүзеге асырылады. 

5.  Ядролық  материалдарды,  радиоактивті  заттарды  және  радиоактивті  қалдықтарды 

тасымалдау  тасуға  рұқсат  етілген  ядролық  материалдар,  радиоактивті  заттар  және 

радиоактивті қалдықтар қаптамасының коды мен типі,  тасу шарттары, тіркеу нөмірі мен 

күні,  олардың  қолданылу  мерзімі  көрсетіле  отырып,  конструкциясын  уәкілетті  орган 

бекітетін көліктік қаптама комплектілерінде жүзеге асырылады. 

  

17-бап.  Радиоактивті  қалдықтармен  және  пайдаланылып  болған  ядролық 



отынмен жұмыс істеу 

1.  Қазақстан  Республикасының  аумағында  түзілген  радиоактивті  қалдықтар  ықтимал 

қауіп  төндіруі  мүмкін  бүкіл  уақыт  кезеңінде  халық  пен  қоршаған  ортаны  радиациялық 

қорғауды қамтамасыз ететіндей түрде көмілуге тиіс. 

2.  Радиоактивті  қалдықтардың  түзілуіне  алып  келетін,  атом  энергиясын  пайдалану 

саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар оларды барынша азайту 

шараларын қабылдауға міндетті. 

3.  Пайдаланылып  болған  ядролық  отынды  және  радиоактивті  қалдықтарды  қауіпсіз 

орналастыру  радиоактивті  қалдықтардың  түзілуіне  алып  келетін  қызметтің  кез  келген 

түрінің міндетті кезеңі ретінде жобалау және пайдалану құжаттамасында көзделуге тиіс. 

4.  Пайдаланылып  болған  ядролық  отынмен  жұмыс  істеуге  заңды  тұлғалар  ғана 

жіберіледі. 

5.  Радиоактивті  қалдықтармен  және  пайдаланылып  болған  ядролық  отынмен  жұмыс 

істеу қызметі лицензия негізінде жүзеге асырылады. 




жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау