Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28
5
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы
Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары
қолданылады.
2-тарау. АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
РЕТТЕУ
3-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу
Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) жеке және заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметіне;
2) атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің өмірлік циклімен байланысты
жұмыстарды орындау кезіндегі жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;
3) ядролық сынақтар мониторингіне;
4) бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық
сынақтар салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызметке;
5) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасына;
6) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды даярлауға
және аттестаттауға қатысты қолданылады.
4-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері
және қағидаттары
1. Атом энергиясын пайдалану кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығын, олардың
мүлкін тиімді қорғау, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, ядролық, радиациялық,
ядролық физикалық қауіпсіздікті, ядролық қаруды таратпау режимін ұстап тұру атом
энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері болып табылады.
2. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) атом энергиясын пайдалану кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығының
қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
2) қауіпсіздікті қамтамасыз етудің атом энергиясын пайдаланудың басқа аспектілерінен
басымдығы;
3) атом энергиясы пайдаланылатын объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
мемлекеттік бақылаудың міндеттілігі мен үздіксіздігі;
4) атом энергиясы пайдаланылатын объектiлер қауіпсіздігінің жай-күйі мен халыққа
және қоршаған ортаға әсерi туралы ақпараттың қолжетімділігі, объективтiлiгi және
уақтылығы;
5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, сондай-
ақ қоршаған ортаға атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің радиациялық әсерімен
келтірілген зиянды өтеудің міндеттілігі;
6) қоршаған ортаның нормативтен тыс радиоактивтік ластануына жол бермеу;
7) өзінің радиоактивті қалдықтарының кері импортын қоспағанда, Қазақстан
Республикасының аумағында басқа мемлекеттердің радиоактивті қалдықтарының және
пайдаланылып болған ядролық отынының импортына және олардың көмілуіне жол бермеу;
8) атом энергиясын пайдалану саласындағы қауіпсіздікті мемлекеттік реттеудің
міндеттілігі қағидаттарына негізделеді.
3. Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғалардың ядролық
қаруды әзiрлеу, жасау, шығару, сынау, сақтау немесе тарату мақсатында атом энергиясын
пайдалану саласындағы қызметiне тыйым салынады.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28
6
1) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын
әзірлейді;
2) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін салу ауданы, олардың құрылысы
және құрылысын болғызбау туралы шешімдер қабылдайды;
3) ядролық қондырғыны пайдаланудан мерзімінен бұрын шығару немесе көму
пункттерін жабу туралы шешім қабылдайды;
4) ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару
қағидаларын
бекітеді;
5) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу
қағидаларын
бекітеді;
6) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау
қағидаларын
бекітеді;
7) ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың
ұлттық жоспарын
бекітеді;
8) Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық
агенттік инспекцияларын ұйымдастыру
тәртібін
айқындайды;
9) өзіне
Конституциямен
, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен
және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды
орындайды.
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган
:
1) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын
жүзеге асырады;
2) атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық
ынтымақтастықты жүзеге асырады;
2018.24.05. № 156-VI ҚР
Заңымен
3) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
3) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды
жүзеге асырады;
4) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
5) атом энергиясын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және
бекітеді;
6) ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау
қағидаларын
әзірлейді және бекітеді;
7) иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау
қағидаларын
әзірлейді және бекітеді;
8) ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару
қағидаларын
әзірлейді;
9) Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық
агенттік инспекцияларын ұйымдастыру тәртібін әзірлейді;
10) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге
асыратын ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларын
әзірлейді және бекітеді;
11) ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу
қағидаларын
әзірлейді және
бекітеді;
12) иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу
қағидаларын
әзірлейді
және бекітеді;
13) радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік
қағидаларын
әзірлейді
және бекітеді;
14) ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын әзірлейді;
15) ядролық материалдарды тасымалдау
қағидаларын
әзірлейді және бекітеді;
16) радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау
қағидаларын
әзірлейді және бекітеді;