Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28
9
10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық
бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы
ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісін
(объектісін) ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізудің жартыжылдық графигіне
енгізуге алып келеді.
11. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық
бақылау мен қадағалау жүргізудің жиілігі қажеттілікке қарай, бірақ Қазақстан
Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында көзделген
ақпарат пен есептілік беру кезеңділігінен жиілетпей айқындалады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР
Заңымен
7-1-баппен толықтырылды
7-1-бап. Қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық
қауіптілігі І және ІІ санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын
субъектілерді тексеруді жүзеге асыру тәртібі
1. Қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық қауіптілігі І және ІІ
санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерді (бұдан әрі - қадағалау
субъектілері) тексеруді уәкілетті орган кезеңділік негізінде, бірақ тоқсанына бір реттен
жиілетпей және жоспардан тыс жүргізеді.
Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың,
мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою
мақсатында уәкілетті орган қадағалау субъектісіне қатысты тағайындайтын тексеру
кезеңділік негізіндегі тексеру болып табылады.
Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың,
мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою
мақсатында нақты қадағалау субъектісіне қатысты тексеру тағайындауға негіз болған нақты
фактілер мен мән-жайлар бойынша уәкілетті орган тағайындайтын тексеру жоспардан тыс
тексеру болып табылады.
2. Мыналар жоспардан тыс тексерудің негіздері болып табылады:
1) ядролық қондырғы жүйелеріндегі, жабдықтарындағы, құжаттамасындағы ядролық,
радиациялық немесе ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты өзгерістер
туралы ақпарат;
2) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікпен байланысты
авариялар мен оқыс оқиғалар туралы ақпарат;
3) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын
бұзу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
3. Тексеруді тағайындау туралы акт негізінде тексеру жүргізіледі, онда мыналар
көрсетіледі:
1) актінің нөмірі мен күні;
2) уәкілетті органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке
басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымы;
4) тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар
туралы мәліметтер;
5) қадағалау субъектісінің атауы, оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке
басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның орналасқан жері, сәйкестендіру
нөмірі және қадағалау объектісі;
6) тексеру нысанасы;
7) тексеру жүргізу мерзімі;
8) тексеру жүргізу негіздері;
9) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және уәкілетті органның
мөрі;
Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28
10
10) қадағалау субъектісі басшысының не оның уәкілетті адамының тексеруді
тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.
4. Тексеру қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпестен, бірақ тексеруді
тағайындау туралы актіні құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы
уәкілетті органда міндетті түрде тіркей отырып жүргізіледі.
5. Уәкілетті органның лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:
1) осы баптың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде қадағалау
субъектісінің аумағына және үй-жайына кедергісіз кіруге;
2) қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың
көшірмелерін тексеру нәтижелері туралы актіге қосып тіркеу үшін алуға, сондай-ақ
тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық
жүйелерге) қолжетімділік алуға;
3) мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын,
консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар.
6. Лауазымды адамдар тексеру кезінде қызметтік куәлігін және тексеруді тағайындау
туралы актіні көрсетуге міндетті.
7. Тексеруді тағайындау туралы акт қадағалау субъектісіне табыс етілген кез тексеру
жүргізудің басталғаны деп есептеледі.
8. Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер
ескеріле отырып белгіленеді және он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
9. Тексеру жүргізу мерзімін уәкілетті органның басшысы (не оны алмастыратын адам):
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде шетелдік
мемлекеттік органдардан ақпарат алу;
2) күрделі және (немесе) ұзаққа созылатын сараптамалар (талдаулар, сынақтар) жүргізу;
3) өзіне қатысты тексеру жүргізілетін тұлғаның тұрған жерін анықтау қажет болған
жағдайларда ғана осы баптың 8-тармағында айқындалған мерзімдерге бір рет қана ұзарта
алады.
Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту қадағалау субъектісін хабардар етіп және құқықтық
статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркете отырып,
тексеруді ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы
алдыңғы актінің тіркеу нөмірі мен күні және ұзарту себебі көрсетіледі.
10. Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған немесе тексеруді
жүзеге асыратын лауазымды адамдардың тексеру жүргізу үшін қажет субъектілерге
(объектілерге) және (немесе) материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда
хаттама жасалады, оған тексеруді жүзеге асырған лауазымды адамдар және қадағалау
субъектісі не оның уәкілетті өкілі қол қояды.
11. Қадағалау субъектісі бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып,
хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас
тарту тексеруді жүргізбеу үшін негіз болып табылмайды.
12. Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар тексеру нәтижелері бойынша екі
данада тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) актінің нөмірі, жасалған күні, уақыты мен орны;
2) уәкілетті органның атауы;
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын
куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымы;
5) тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар
туралы мәліметтер;
6) қадағалау субъектісінің атауы, оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке
басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның орналасқан жері, сәйкестендіру
нөмірі және қадағалау объектісі;