Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28
7
17) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау
қағидаларын
әзірлейді;
18) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу
қағидаларын әзірлейді;
19) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың
біліктілігін арттыру
қағидаларын
әзірлейді және бекітеді;
20) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды
аттестаттау
қағидаларын
әзірлейді және бекітеді;
21) халықтың және (немесе) қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ядролық қондырғыларды пайдаланудан мерзімінен
бұрын шығару немесе көму пункттерін жабу туралы ұсыну енгізеді;
22) ядролық материалдарды, иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке
қою немесе мемлекеттік есептен шығару туралы шешім қабылдайды;
23) ядролық материалдардың мемлекеттік есебін жүргізеді;
24) иондандырушы сәулелену көздерінің мемлекеттік есебін жүргізеді;
25) атом энергиясын пайдалану саласындағы экспорттық бақылауды жүзеге асырады;
26) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
қатысты, сараптама ұйымы ұсынған есеп-қисаптар әдістемесін келіседі;
27) көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту
тәртібін
айқындайды
және көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекітеді, сондай-ақ басқа елдердің
уәкілетті органдары бекіткен, Қазақстан Республикасының аумағында оларға
сертификаттар-рұқсаттар күшін қолданады;
28) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік, ядролық қаруды
таратпау режимін қамтамасыз ету және ядролық сынақтар мониторингі жөніндегі
зерттеулерді ұйымдастырады;
29) радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды,
сақтауды және көмуді ұйымдастыру
қағидаларын
әзірлейді және бекітеді;
30) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және
заңды тұлғалар үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектінің Қазақстан
Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген
ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау
әдістері мен тәсілдеріне қатысты әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді;
31) әртүрлі радиоизотоптар үшін шекті белсенділік шамасының мәнін белгілейді;
32) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде
көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР
Заңымен
7-бап жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
7-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен
қадағалау
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.
Қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық қауіптілігі І және ІІ
санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерді тексеру осы Заңның
7-1-
бабына
сәйкес жүргізіледі.
Қызметін ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі ІІІ
және ІV санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерді тексеру Қазақстан
Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Қызметін ықтимал радиациялық қауіптілігі І, ІІ, ІІІ және ІV санаттардағы объектілермен
жүзеге асыратын субъектілерге бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28
8
Қызметін ықтимал радиациялық қауіптілігі І, ІІ, ІІІ және ІV санаттардағы объектілермен
жүзеге асыратын субъектілерге бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан
Республикасының
Кәсіпкерлік кодексіне
және осы баптың 3 - 11-тармақтарына сәйкес
жүргізіледі.
2. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған Қазақстан
Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын
бұзушылыққа қарай лауазымды адамдар мынадай актілер шығарады:
1) тексеру нәтижелері туралы акт - субъектінің Қазақстан Республикасының атом
энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеру
нәтижелері бойынша атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен
қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам беретін құжат;
2) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы
заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы нұсқама;
3) жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы нұсқама;
4) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық
бақылау мен қадағалау қорытындысы бойынша ұсыным.
3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық
бақылау мен қадағалау алдын алу - профилактикалық сипатта болады.
4. Атом энергиясын пайдалану саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне
(объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау:
1) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы
заңнамасының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар ұсынатын ақпарат пен
есептілікті;
2) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын
бұзушылық туралы ақпарат келіп түскен кезде өз құзыреті шегінде уәкілетті органның
сұрау салуы бойынша алынған, осы заңнаманы сақтау мәселелері жөніндегі ақпаратты;
3) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын
сақтау мәселелеріне қатысты үшінші тұлғалардан келіп түсетін ақпаратты талдау жолымен
жүргізіледі.
5. Қызметін ықтимал радиациялық қауіптілігі І, ІІ, ІІІ және ІV санаттардағы
объектілермен жүзеге асыратын субъектілер атом энергиясын пайдалану саласындағы
бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен
қадағалау жүргізу субъектілері болып табылады.
6. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық
бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектісінің
әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган
бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде
ұсыным ресімдейді және жібереді.
7. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - алғаны туралы белгі қойылғаннан бастап;
2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хат жіберу арқылы;
3) электрондық тәсілмен - бақылау және қадағалау субъектісі уәкілетті органға бұрын
ұсынған құжаттарда көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық
мекенжайына уәкілетті орган жөнелту арқылы табыс етілді деп есептеледі.
8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық
бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы
ұсынымды орындауға арналған мерзім ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап
кемінде он жұмыс күнін құрауға тиіс.
9. Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен
келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен
кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.