Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28
19
6. Радиоактивті қалдықтармен және (немесе) пайдаланылып болған ядролық отынмен
жұмыс істеу Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы
заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық
шарттарға сәйкес ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік
талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
7. Радиоактивті қалдықтармен және пайдаланылып болған ядролық отынмен жұмыс
істеу кезінде Қазақстан Республикасының
Экологиялық кодексінде
белгіленген талаптар
сақталуға тиіс.
18-бап. Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және
жүргізілген ядролық сынақтар салдарынан ластанған басқа да
аумақтардағы қызметті жүзеге асыру
1. Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және жүргізілген
ядролық сынақтар салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызмет осы Заңға және
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы
заңнамасына
сәйкес
лицензиялануға жатады.
2. Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарында және жүргізілген ядролық
сынақтар салдарынан ластанған басқа да аумақтарда осы аумақтардың шекаралары
олардың радиоактивті ластануы ескеріле отырып белгіленеді.
19-бап. Құрамында алып қою деңгейлерінен жоғары табиғи радионуклидтер бар
материалдардың пайдаланылуын бақылау
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке жатпайтын өндірістік қызметте
пайдаланылатын материалдардың құрамында алып қою деңгейлерінен жоғары табиғи
радионуклидтердің болуына байланысты жұмыскерлер мен тұрғындардың сәуле алуы
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік
орган бекіткен гигиеналық нормативтерден аспауға тиіс.
2. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары жұмыскерлер мен
тұрғындарды құрамында алып қою деңгейлерінен жоғары табиғи радионуклидтер бар
материалдардан нормативтен тыс сәуле алудан қорғау мақсатында радиациялық бақылауды
жүзеге асырады.
20-бап. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін
персоналдың біліктілігі
1. Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті, авариялық әзірлікті
қамтамасыз ету және ядролық және (немесе) радиациялық аварияларға ден қою үшін атом
энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың тиісті біліктілігі
болуға тиіс.
2. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персонал мынадай
санаттарға бөлінеді:
1) мамандар - жоғары буын басшыларын, аға басшыларды (бөлімдер мен секторлардың
бастықтарын); кіші буын басшыларын (аға операторларды, техникалық қызмет көрсету
және техникалық қолдау топтарының бастықтарын және олардың орынбасарларын)
қамтитын персонал; қызметі атом энергиясы пайдаланылатын объектіні пайдалануға
байланысты инженерлік және (немесе) ғылыми персонал;
2) техниктер - бақылау-өлшеу аппаратурасының техниктерін, радиациялық бақылау
техниктерін, химиялық зертхана техниктерін, техник-механиктерді, техник-электриктерді
және электрондық аппаратура техниктерін қамтитын персонал, сондай-ақ ядролық
қондырғыны пайдалануға байланысты жұмыстармен тікелей айналысатын өзге де
мамандандырылған персонал;
3) жұмысшылар - дәнекерлеушілерді, слесарьларды, механиктерді, электриктерді,
механизмдер операторларын қамтитын персонал және басқа да білікті жұмысшы персонал.
Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28
20
3. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персонал уәкілетті
орган бекіткен біліктілік талаптарына сай болуға тиіс.
4. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және
заңды тұлғалардың атом энергиясы пайдаланылатын объектілердегі еңбек қызметіне
біліктілік талаптарына сай келмейтін және (немесе) мәлімделген жұмыс түріне
медициналық қарсы көрсетілімдері бар жұмыскерлерді жіберуіне тыйым салынады.
5. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың тиісті
кәсіби деңгейін қолдау және білімі мен дағдыларын арттырудағы қажеттілігін
қанағаттандыру мақсатында атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен персоналдың
біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.
21-бап. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін
персоналды аттестаттау
1. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персонал біліктілігі
мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкестігін айқындау тұрғысынан
аттестаттаудан өтеді.
2. Персоналды аттестаттау ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік
нормалары мен талаптарын білуін тексеру, сондай-ақ еңбек міндеттерін атқару кезінде
шешімдер қабылдау қабілетін айқындау мақсатында жүргізіледі.
3. Уәкілетті орган:
1) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде қондырғыны
тікелей басқару, ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
лауазымдық міндеттеріне кіретін мамандарды;
2) ядролық материалдарды, иондандырушы сәулелену көздерін, радиоактивті
қалдықтарды есепке алу және бақылау, ядролық қондырғы мен ядролық материалдарды
физикалық қорғауды қамтамасыз ету лауазымдық міндеттеріне кіретін ядролық қондырғы
персоналын;
3) радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу
және бақылау лауазымдық міндеттеріне кіретін радиациялық, электрофизикалық қондырғы
персоналын аттестаттауды өткізеді.
Өзге персоналды атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғалар аттестаттайды.
4. Персоналды аттестаттау мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы аттестаттау;
2) мерзімді аттестаттау;
3) кезектен тыс аттестаттау.
5. Персоналды бастапқы аттестаттау жұмыскер лауазымға тағайындалғаннан кейін бір
ай ішінде жүргізіледі. Мерзімді аттестаттау үш жылда бір рет өткізіледі. Кезектен тыс
аттестаттау мынадай жағдайларда:
1) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде оқыс оқиғалар туындағанда - олардың
туындауына жол берген адамдарға қатысты;
2) уәкілетті органның тексерулері нәтижесінде анықталған, ядролық және (немесе)
радиациялық және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік талаптары, ядролық
материалдарды, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу талаптары бұзылғанда -
бұзушылыққа жол берген адамдарға қатысты;
3) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке немесе
заңды тұлғаның шешімі бойынша тағайындалады.
6. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және
заңды тұлғалардың атом энергиясы пайдаланылатын объектілердегі еңбек қызметіне
біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы
аттестаттау комиссиясы қорытындысын алған жұмыскерді жіберуіне тыйым салынады.